Жеңіл меңгерілуі. Осы параметр бойынша Java Script-ті Visual Basic-пен салыстырады. Бұл тілдерді қолдану үшін программалау тәжірибесі талап етілмейді;
Кроссплатформалы. Java Script коды браузермен орындалады. Браузерлер әр түрлі платформаларда сценарий тілін қолданушы веб парақтар үшін бірдей функцияларды қамтамасыз етуі тиіс;
Ашықтығы. Тілдің спецификациясы (ережелері) қолданушылар үшін ашық;

Java Script Интернет ортасы үшін программалауға жақсы бейімделген;
Java Script тілі нағыз объектіге бағытталған тіл емес, бірақ ол браузер көмегімен әр түрлі объектілермен жұмыс істей алады.
Сипаттамаларының ұқсастығына қарамастан, Java мен Java Script – әр түрлі тілдер. Java – бұл толық программалау тілі, ал Java Script–HTML тілінің толықтырмасы. Java тіліндегі кез келген программаның мәтінін жай редакторда немесе тілдің арнайы жабдықтамасында теруге болады және оның кеңейтілуі: *.java. Мысалы, azat.java, prog1.java

Компилятор жұмысының нәтижесі сlass кеңейтілуі бар бинарлы файлдарда сақталады. Java-да қолданылатын мәліметтердің 8 типі бар, олар объект болып табылмайды. Бес бүтін санды типтер бар, олар: byte, short, int, long және символдық тип char. Екі нақты тип float, double және бульдік тип boolean кіреді. Мұндай типтерді қарапайым немесе примитивті типтер деп атайды (ағылшынша primitive).

Басқа барлық типтер объектілі немесе сілтемелі (ағылшынша, reference) тип деп аталады. Java синтаксисі C/C++ тілдерінің негізінде құрылған.