Байланысты: Жазба жұмыстар, қойылатын талаптармен бағалау критерийлері
Жиынтық бағалау— оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді.
Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: — қадағалау; — алынған мәліметтердің интерпретациясы; — бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды; Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырма- ны орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпарат ты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге , мысалы, ерекше дағдылар көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі: — Мұғалім тәлімгер ретінде — кері байланысты және әр білім алушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді; — Мұғaлім жетекші ретінде — топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагности -калық ақпарат жинастырушы; -Мұғaлім есепке алу маманы ретінде – білім алушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу; — Мұғалiм баяндамашы ретінде – білім алушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына , білім алушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау;
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: А) Оқу мақсатымен бөлісу. Б) Алда не күтіп тұрғанын білм алушылардың білуіне көмектесу. В) Өзін-өзі және құрбыларын бағалау; Г) Білім алушылардың білім алуын жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету; Ғ) Білім алушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту; Д) Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру; Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын , қалай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін білім алушылар мен олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс – әрекеттер тізбесі.