Лексикалық тапсырмалар
Сөз, оның мағынасы (тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер).
I-деңгей.
а) Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.
Терең (өзен, білім, ой), қатты (сөз, құрт), қара (көйлек, жұмыс,су, өлең, ниет), жұмсақ (адам, мінез, орындық)
-
Тура мағыналы сөз | Ауыспалы мағыналы сөз |
|
|
|
|
|
|
Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
Қанат – құстар мен шыбын – шіркейлердің ұшып – қонатын дене мүшесі Мысалы: Алдымен алты қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық.
Көз – адамның дене мүшесі, көруге арналған.
Мысалы: Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік.
Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз)
Марат ауыр жүк көтерді_________________________________________
Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі_____________________ Дастарханға ыстық тамақ та келді________________________________
II – деңгей
Омоним сөздердің антонимдерін көрсет
Аш (сын есім) -
|
Аш (етістік) -
|
-
Кір (сын есім)
|
Кір (етістік)
|
Түс (зат есім) -
|
Түс (етістік) -
|
Алдымен синонимдік қатар, кейін антонимдік жұп түзе.
Үлгі: Дұрыс, жөн – қате, теріс, бұрыс, жаңсақ.
Сұлу- әдемі, көрікті, ажарлы Түзу- тік, тура Ұшқалақ- жеңілтек, күйгелек
Мөлдір- тұнық, таза
Синонимдер қатарын түзе
Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті.
Ит өлген жер__________________________________________________
Көзді ашып жұмғанша___________________________________________
Жүрек жұтқан__________________________________________________
Мақалдарға қажетті антонимдерді тап
Үлгі: Еңбек етсең ерінбей – жалқау________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |