Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» таңғы тілекпен басталады.
Топқа біріктіру. Оқушыларды тірек сөздер арқылы топқа бөлемін.
Оқушыларға сөздер жазылған қағаз қиындылары таратылады. Әр қиындыларда «бақыт, қуаныш, шаттық» деген сөздер жазылған.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
1-топ. «Бақыт» тобы.
2-топ. «Қуаныш» тобы.
3-топ. «Шаттық» тобы.
Алдыңғы сабақты пысықтау «Қарлы кесек» әдісі бойынша жүргізіледі.
| |
Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» стратегиясы арқылы орындалады.
І. «Ой қозғау».
1.Жаһандану дәуіріндегі ана тіліміздің жай-күйі қандай болмақ? Өз ойларыңды ортаға салыңдар
ІІ. Мағынаны тану.
тапсырма. Берілген екі пікірдің бірін жақтап, талқылау жүргізіңдер.
Тақырып:
Қазақ тілі – тұрмысымыздың барлық саласында кеңінен қолданылатын сұранысқа ие тіл.
Еліміздегі кей азаматтар қазақ тілін үйренуге құштар емес. Себебі мемлекеттік тілдің қажеттілігін сезінбейді.
Дескриптор.
көтерілген мәселе бойынша жағдаятты дұрыс талқылайды.
тақырып таңдайды;
тақырыпқа сәйкес талқылау жүргізеді.
«Еліміздегі кей азаматтар қазақ тілін үйренуге құштар емес. Себебі ... » тақырыбында өз ойларыңды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңдар. Эссенің стиліне сәйкес, Елбасының қанатты сөздерін стилистикалық заңдылықтарға сай, орнымен қолданыңдар.
Сөз саны – 50-60 сөз.
Дескриптор.
дәлелдер келтіре отырып, аргументативті эссе жазады;
стилистикалық заңдылықтарға сай қанатты сөздерді орнымен қолданады;
|
Достарыңызбен бөлісу: |