Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/48
Дата25.11.2023
өлшемі229,23 Kb.
#127577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
5 сынып. Қазақ тілі

5. Бос уақыт және хобби. Морфология

Сабақтың тақырыбы: Хобби

Оқу мақсаты: 5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Тапсырма: Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңдар

Жетістік критерийі:
  • қарапайым жоспар құру кезінде берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдердегі негізгі ойды қамти отырып жазады.





Хобби
Хобби дегеніміз – әрбір адамның өзі сүйіп істейтін әрі қолынан келетін ісі. Біреулер сурет салғанды, біреулер ән айтқанды, ал енді біреулер топтама жинағанды ұнатады. Жер бетінде қанша адам болса, барлығының да бос уақытында айналысатын, өмірлік мәні бар сүйікті ісі болады.
Қазақ қаламгерлерінің көпшілігінің өз сүйікті істері болған. Мәселен, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың хоббиі – сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару; жауынгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың хоббиі – cурет, жақсы кітаптар жинау; Қадыр Мырза Әлінің хоббиі –кітап, қалам, бәкі, төсбелгі жинау болса, жазушы-аудармашы Герольд Бельгер шахмат ойнауды жақсы көрген, классик жазушы Ғабит Мүсірепов неше алуан таяқ жинаған.
Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Н.Ә.Назарбаевтың хоббиі – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу екен.
Сол секілді өнер адамдарының да хоббилері сан алуан, бірі құс өсірумен айналысса, екіншілері аңшылықпен, үшіншілері жылқы ұстаумен, төртіншілері қолөнер кәсібімен, гүл өсірумен т.б. істермен айналысқанды
Қарапайым жоспар :

Кіріспе. Хобби дегеніміз не?

Негізгі бөлім: Хобби түрімен айналысатын қазақ қаламгерлері

Қорытынды. Хоббидың маңыздылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет