1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
2.Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?
3.Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
Мәтін түрлері
Әңгімелеу мәтіні
Не істеді?
Сипаттау мәтіні.
Қандай?
Пайымдау мәтіні.
Неліктен?
1-тапсырма. Тұйық етістіктерді қатыстыра отырып , климаттық өзгерістерді мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазыңдар.
Казгидромет орталығының ауа райы болжамы туралы.
Үлгі:
Диаграммада наурыз айының басында ҚР өңірлеріндегі ауа – райы көрсеткіштері берілген.
Қазақстанның оңтүстік өңірінде қарлы жаңбыр жауса, Жетісайда сіркіреген жаңбыр жауады. Жамбылда күн ашық.
Шығыс Өскемен де күн ашық болса, Семей де күн ала бұлтты. Солтүстік өңірлер Көкшетау, Петропавл да күн бұлтты болса Астанада күн ашық +2 градусты көрсетіп тұр.
атыс өңірлерде күн ашық және температура + 9, + 12 градусқа дейін көтеріледі.
Жалпы Қазақстанның барлық өңіріндегі ауа райлары жайлы, аң аулап, құсбегілікпен айналысуларыңызға саяхатқа шығып, таза ауада демалуға өте қолайлы.