Қазақ тілі. 7 сынып.
Сабақтың бөлімі: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы.
Сабақтың тақырыбы: Күй анасы – Дина
Оқу мақсаты. 7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
Жетістік критерийі:
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады
1-тапсырма.
Мәтінге тірек сөз болатын төрт сөзді стикерге жазып, жұбыңызға көрсетіңіз. Жұбыңыздың стикерде жазылған сөздерінің синонимін жазыңыз.
Мысалы.
Тірек сөздер
|
синонимдері
|
дарын
тырнақалды шығармалары
ең алғашқы сыйлығын
арқау етті
|
Талант
Ең алғашқы туындылары
Тұңғыш сыйлығы
Негізге алды
|
2-тапсырма: Тірек сөздердің синонимін пайдаланып, жинақы мәтін жазыңыздар.
Дина Нұрпейісова – талантты күйші. Жастайынан күйді керемет орындаған.
Құрманғазы Динаның талантын сырттай естіп, арнайы іздеп келеді де, тоғыз жыл бойы күйшілік өнерге өзі баулиды. Ең алғашқы туындылары «Бұлбұл», «Байжұма», «Көген түп», «Он алтыншы жыл» атты күйлері Динаның дарынды композитор екенін дәлелдеді.
1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен Алматыға келеді де сол жылдың күзінде ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында күйлерін шебер орындағаны үшін тұңғыш сыйлығын алады. Осыдан кейін Дина «Қазақ филармониясына» жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады.
Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол майдандағы ұлын зарыға күткен сағынышын «Ана бұйрығы» атты шығармасына негізге алды. Дина – Қазақ ССР-нің халық әртісі. Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |