Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары



бет11/68
Дата31.12.2021
өлшемі6,35 Mb.
#22341
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Қарапайым жоспар :

Кіріспе. Хобби дегеніміз не?

Негізгі бөлім: Хобби түрімен айналысатын қазақ қаламгерлері

Қорытынды. Хоббидың маңыздылығы

Қарапайым жоспар құрудың алгоритмі

Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.

Негізгі ойды айтуы тиіс

Түйінді ойы болуы тиіс

7 сынып. Қазақ тілі

Бөлім-8. Дұрыс тамақтану. Морфология

Сабақтың тақырыбы: Академик Т.Шармановтың сұхбаты

Оқу мақсаты: 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру

Тапсырма: Академик Т.Шармановтың сұхбаты мәтінін негізге ала отырып, жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрыңдар.

Төрегелді аға, жуырда Елбасының бастамасымен «Отандық өнімді қолдайық» атты акция бастау алды. Осы ретте Қазақ тағамтану академиясы қандай шараларды қолға алып жатыр?

– Биыл Астананың жанында, 230 шақырымдай жерде, неміс технологиясы бойынша қымыз шығаратын зауыт салынып бітуі керек. Мамыр айында 300-дей бие әкелуді жоспарлап отырмыз. Қымыздың құрамындағы ақуыз сиыр сүтіне қарағанда жұмсақ келеді. Пісірілмеген, пастерленбеген шикі сиыр сүті көпке шыдамайды. Қымызды қайнатуға да, пастерлеуге де болмайды. Оны біздің ата-бабамыз әуелден білген. Біз осы өзімізде бар ерекшелікті пайдалануымыз керек. Биыл біз жылқы майының, сүтінің негізінде 10, ал ЭКСПО-ға қарай 20 шақты пайдалы тағам түрін жасап шығаруды жоспарлап отырмыз.

Жас шағыңызда ауылда қымызды жиі ішкеніңізді айттыңыз. Дүкендерде сатылатын қымыздың сапасы сол ауылдағы қымызға сәйкес келе ме?

– Иә, жас кезімде қымызды көп ішетінмін. Әлі күнге шейін қымыз ішемін. Жеңгелеріміз тізесін бүгіп, биені сауып жатқан кезде қызығатынмын. Жеңгелерім керемет сұлу болып көрінетін. Жанында құлын тұр. Ондай көріністі табиғатта кездестіргенде кеудемді қуаныш кернейді. Қазірге дейін жылқыларды көргенде жүрегім дір етіп, керемет бақытты сезімде боламын. Біз осындай игілікті пайдалануымыз керек. Пепси-кола, кока-кола ішкеннен гөрі қымыз ішіңіз. Енді жаңағы сауалға келейін. Бүгінгі күнгі қымыз – бөлек дүние. Кім қалай жасайды, бір Құдайдың өзі біледі. Сондықтан да біз қазіргі таңда қымыздың дәмі, құрамы және сапасы бойынша стандарт жасауды қолға алдық. Иә, кейбір жерлерде артық қоспасы жоқ таза қымыз кездесіп жатады.

Жасыңыз сексеннің сеңгірінен асса да, сексен минут бойы тік тұрып дәріс оқыдыңыз. Еш шаршағандық та білінбейді, керісінше жастармен әңгімелесіп, тағы да сексен минут бойы дәріс оқуға барсыз. Мойындау керек, бұған кез келген адамның шамасы келе бермейді. Денсаулық сақтаудағы сырыңыз неде?

– Күнде бассейнде шомылам және отыз минуттай жаттығу жасаймын. Ол – бала кезімнен қалыптасқан дағды. Тамақ мәзіріне келер болсақ, таңғы асқа үнемі көкөніс жеймін, шай ішемін. Нан, май, шұжық жемеймін. Әсіресе, шұжықты мүлдем жемеймін. Түсте қазы, сорпа, тағы да көкөністер, кешкісін жеміс-жидек. Көбіне алма. Американдықтар алманы «құдайдың көзі» деп санайды. Мен алманы жақсы көремін. Сондай-ақ адам күнде өмір үшін күресуі керек. Өз өмірің үшін ғана емес, айналаңдағы адамдардың өмірі үшін де. Ең бастысы, көңілі ақ, таза болу керек. Ешқашан да өзгелерге қызғанышпен қарамаңыз, өтіріктен аулақ болыңыз. Әрдайым жақсылық тілеп жүру керек.

Келелі әңгімеңізге, кеңесіңізге көп рақмет, аға!



(Сұхбаттасқан Қ.Нұрмақова)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет