Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары



бет68/68
Дата31.12.2021
өлшемі6,35 Mb.
#22341
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Саралау тапсырмасы.

3-деңгей. «Семантикалық карта» Жеке жұмыс

Салаластың түрлері

жалғаулар



Ыңғайлас

қарсылықты

Себеп-салдар

түсіндірмелі

талғаулы

кезектес

Да, де, та, те, және, әрі



















Сондықтан, себебі, өйткені



















Бірақ, дегенмен, әйтсе де,



















Сонша, сол, сондай,



















Болмаса, әйтпесе, не



















Біресе, бірде,кейде




















2-деңгей. Венн диаграммасы


Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем


1-деңгей .«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазыңдар.


Үлестірме материалдары


Сабақтың соңы

7 мин




Сабақты бекіту. «Бір сөзбен» тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі тақырыпты қалай түсінгендерін бір сөзбен айтып шығады.

Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен салалас құрмалас сөйлемге 20 мысал жазып келу
Рефлексия. Жазбаша кері байланыс

«Миыңның суретін сал» әдісі

Ішіне бүгінгі тақырып бойынша нені біліп, не түсіндің соны жазып шық.



Сыртына не қиын болды? Не түсінбедің ? соны жаз.





Қосымша ақпарат


Саралау жұмысы– Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


3-деңгей. «Семантикалық карта»толтырады Жеке жұмыс.

2-деңгей. Венн диаграммасы салалас пен сабақтасты салыстырады

1-деңгей «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазыңдар.


Әр тапсырмадан соң дескрипторлар құрылады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау

«Қол сигналдары» арқылы бағалау.






Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: № Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Пәні: қазақ тілі және қазақ әдебиеті


Бөлімі: 9

Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер. Сабақ: 6


Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.4.1 Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнының дамуын салыстыру , талдау;

8.5.1.5 Демеулік шылаулардың (болымсыздық немесе қарсы мәнді,нақтылау) қызметін білу ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

-мәтіндегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, негізгі кейіпкерлерге салыстыру жасайды.

-екі мәтіндегі негізгі идеяны анықтай отырып, талдау жасайды.



- демеулік шылаулардың қызметін біледі, ауызша және жазбаша жұмыстарында орынды қолданады.


Бағалау критерилері:

Идеялық жағынан ұқсас мәтіндерді оқиғалар желісіне бақылау жасау арқылы,

мәтін мазмұнының дамуын салыстыра отырып талдайды.

Мәтіндегі демеулік шылаулардың қызметін анықтап,жазба жұмыстарында орынды қолдана алады


Ойлау дағдылары

Түсіну , қолдану, талдау.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: бүгінгі сабақта өз пікірлерін емін-еркін жеткізе біледі.

Пəнге қатысты сөздікқор мен терминдер:

Жота, қылғыта салды,жорту,жат иіс,тағы, жасымайды



Талқылауға арналған сұрақтар:

- «Көксерек» фильмін көрдің бе?

- Қасқырды қолда асырауға бола ма?

- Касқыр қызыл кітапқа енгізілген жануарларға жата ма?

Құндылықтарға баулу:

Тапсырмаларды орындау барысында екінші құндылықты басшылыққа аламын.

Потротизм және азаматтық жауапкершілік.



Алдыңғы оқу:

М.Әуезов туралы мәліметпен таныс.

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларға психологиялық ахуал орнату.



«Сатамын , сатып аламын» әдісін қолданамын.

Балалар бір- біріне қарама –қарсы тұрады. Жаман әдеттерін сатып, жақсы әдеттерін сатып алады. Оқушылар мейлінше жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысады.



Оқушыларды үш түрлі фотомозаика арқылы (Түз тағысы,Көксерек,Құрмаш) үш топқа біріктіремін.

1- топ: Түз тағысы.

2 - топ: Көксерек

3- топ: Құрмаш
Үй жұмысын тексеру.

«Кофе таяқшалары» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.

АКТ
таныс

тыры

лым


слайд

https://www.youtube.com/watch?v=qBeHsd5KFMc


Маркер,


Флип чарт, стикер, түрлі-түсті қалам

Кесте, ереже парағы



Сабақтың ортасы

5-8 мин

8-15мин

15-25 мин



25-30 мин

Жаңа сабақ . «Миға шабуыл» әдісі
«Көксерек» фильмінен үзіндіні экраннан көрсету
«Ашық сұрақтар» әдісі арқылы.

1.Көк күшік қалай ауыл тұрғыны болды?

2.Қасқырдың күшігін кім асырап алды?

3.Көксеректің иттен қандай айырмашылығы бар?

4.Қалай ойлайсың,қасқыр қолға үйрене ме?

5. Көксерек неге ауылға оралмай кетті?

6.Ауыл адамдары мен төбеттері неге Көксеректі қабылдамады?

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен тапсырма және бағалау критерийлерімен таныстырылады

Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздердің мағынасын табады.

Жаңа сөздер: жат иіс, жота,шапшыды, қылғыта салды.

1-тапсырма. Топтық жұмыс: Үш топқа «Маугли» оқиғасынан үзінді мәтін беріледі.

1. «Көксерек» және «Маугли» мәтіндерінің ұқсастығын анықта.

2. мәтіндегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, негізгі кейіпкерлерді салыстыр.

3. Берілген екі әңгіменің идеясына салыстыру жасаңдар.
Венн диаграмма


Көксерек

Ақ қасқыр
1-топ


Құрмаш

Маугли


2-топ


«Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясы

«Маугли» әңгімесінің негізгі идеясы


3-топ

ҚБ: «Марапаттау»

Дескриптор:

- мәтіндердің ұқсастығын анықтайды.

- мәтін мазмұнының дамуын бақылау жасай отырып негізгі кейіпкерлерді салыстырады.

- мәтін мазмұнының дамуын бақылау жасай отырып негізгі идеясын салыстырады.

2- тапсырма Топтық жұмыс «Балық қаңқасы» әдісі

Мәтіндегі автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, кейіпкердің іс-әрекетіне себебі мен салдарынан мысалдарды дәлелімен келтіре отырып, талдау жасаңдар.



Проблемалық сұрақ: Әңгіме неліктен «Көксерек» деп аталды?(балық басы )

Қанаттарына себебі мен салдарына мысалдарды дәлелімен келтіру отыру

Қорытынды түйінді ой құйрығына жазылады.

Дескриптор:

- мәтіндегі Көксерекке қатысты оқиғаларды талдайды;

- проблемалық сұрақтарға орынды жауап бере отырып талдай алады;



ҚБ: «Бас бармақ»

3-тапсырма. Жек жұмыс Жазылым

  1. топ:

Бүгінгі тақырыпқа байланысты мәтіннен жаңа сөдердің мағынасын жаз.

  1. топ:

Мәтіндегі демеулік шылауларды қатыстыра отырып, бес сөйлем құрап, жазба жұмыстарыңда орынды қолданыңдар.

  1. топ:

Демеулік шылауларды қатыстырып, бүгінгітақырыпқа қатысты ауызша мәтін құраңдар

  • Болымсыздық (түгіл, тұрсын,тұрмақ)

  • Сұрау (ма,ме, ба,бе, па, пе,ше)

  • Нақтылау (ғой,қой,-ды,-ді,-ты,-ті)

Дескриптор:

  • тақырыпқа байланысты жаңа сөйлемдердің мағынасын ашады.

  • демеулік шылауларды қатыстырып сөйлем құрастыра алады.

  • демеулік шылауларды пайдаланып ауызша мәтін құра алады.




Сабақтың соңы

30-37мин


37-40мин

Сабақты бекіту. «Синквейн» әдісі.

Бүгінгі тақырыпқа байланысты бес жолды өлең құрастыру.



  1. «Дала тағысы» сөзіне.

  2. «Көксерек» сөзіне.

  3. «Құрмаш» сөзіне.

Үйге тапсырма: «Түз тағысы - қасқыр» тақырыбына эссе жазып келіңдер.

Рефлексия: жазбаша кері байланыс

Оқушылар сабақ бойынша алған білімдерін жинақтай отырып БББ кестесін толтырады.



Б(Мен не білемін?)

Б(Менің не білгім келеді?)

Б (Мен не білдім?)










АКТ


«БББ» әдісі


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?



Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?



Пəнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс


1. Оқушылар топтық, жұптық жұмыс арқылы мәтіннен негізгі ақпаратты анықтай алады. Жеке шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Синквейн» әдістерін пайдаланады.

2.Қабілеті орта оқушыларға «Венн диаграмма» арқылы тапсырма орындайды.

3.Есте сақтауы қиын, зейіні шоғырланбаған оқушыларға «Анықта» әдісі арқылы тапсырма орындалды.


Үй тапсырмасы ҚБ

«Бас бармақ » арқылы

Топтар бірін-бірі

Мұғалімнің кері байланысы, ауызша мадақтай отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әр тапсырма соңында дескриптор бойынша оқушылар өз деңгейлерін қаншалықты меңгергенін анықтап отырады.



Сабақта сынып тазалығына, бөлме ауасына мән береді. Оқушыларға АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады. Сабақты тарих пәнімен байланыстырады. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылықтармен байланыстырады.



Мектеп: «Шыпан» жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Күні: 13.09.2019

Бөлімі: Жаһандық энергетикалық дағдарыс 3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Болашақ энергиясы




Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу;

8.5.1.2 еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады:

Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдейді және қойылған сұрақтарға еркін жауап береді

Еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады

«РАФТ» әдісі бойынша шағын мақала жаза алады



Бағалау критерийі

  • пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап береді;

  • мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазады;

  • еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.

Ойлау деңгейі

Қолдану

Тілдік мақсат

Академиялық тіл

Оқушылар орындай алады: Еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады

Пәнге қатысты сөздер мен тіркестер: дәстүрлі емес, кездейсоқ, қатер, жаңашыл, шамамен, күтілуде, сараптама, тарату, бәсеке.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Энергияны табиғи жолмен өндіру дегенді қалай түсінесің?

Балама энергия түрлерін білесің бе?

Мұнай, көмір және газдан табиғи жолмен өндірілген балама энергияның қандай айырмашылығы бар деп ойлайсың?


Құндылықтарға баулу

Әрбір жеке тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін түсініп өзіндік орнын таба білуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Химия, география

Алдыңғы оқу

Жаһандық энергетикалық проблемалар жайлы өз ойларын айту.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу:

«Өзіңе тілегенді, досыңа тіле» әдісі арқылы бір-біріне тілек айтады.



«Мозаика» әдісі арқылы 2 топқа біріктіремін.

1-топ


2-топ

«Қарлы кесек» берілген үй тапсырмасын сұраймын. Жаһандық энергетикалық проблемалар жайындағы сұрақтарға жауап беру.



ҚБ «өзін-өзі бағалау» әдісі


«Мозайка» әдісі
«Қарлы кесек» әдісі

Қағаз қиынды-лары



Сабақтың ортасы

7-12 минут


12-15 минут



15-16 минут

16-19 минут

19-22

22-25 минут

25-30 минут

30-34 минут



Жаңа сабақ. Ой қозғау.

Балама отын көздері туралы бейнефильмді көрсету.

Бейнефильмден не көрдіңіз?

Бүгінгі тақырыбымыз не жайында екен?



Жаңа сөздермен жұмыс

дәстүрлі емес –

кездейсоқ –

қатер –

жаңашыл –

шамамен –

күтілуде –

сараптама –

тарату –

бәсеке –


Сабақты бастамас бұрын бүгінгі тақырыптың оқу мақсаттары және критерийлерімен таныстырамын.

Тілдік бағдар.

Сөз таптарының бір түрі еліктеу сөздер туралы түсінік беру. Еліктеу сөздің мағынасына қарай түрлерімен таныстыру.





  1. тапсырма. Топтық жұмыс. Берілген сөйлемдерден еліктеу сөздерді тауып айту және жазу.

Бір кезде үйде жарық жалп етті. Мен шыққанда есік тарс етті. Таңертең ерте сағат шыр етті. Даладан машина гүр етті. Ол қисалаң-қисалаң етіп келеді.

Дескриптор

  • Оқулықтан сөйлемді оқиды;

  • еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Айтылым.

2- тапсырма Топтық жұмыс. Дара диаграмма



Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер. Балама отын көздері туралы айтып беріңдер.


3-тапсырма Топтық жұмыс «Жылдам дебат»

«Балама отын энергиясына жақын 10 жылдықта толық көшу керек» тақырыбында пікірталасқа түсіңдер. Тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап береді

Дескриптор

-берілген сұрақтарға жауап береді

-балама отын көздері туралы айтады.

-пікірталасқа түседі

-пікірлерін сенімді дәлелдейді

ҚБ «Басбармақ» әдісі

Жазылым.

4. тапсырма «РАФТ» әдісі

Балама отын көзі тиімді тақырыбында мақала жазыңдар. Топқа оқып беріңдер. Жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтаңдар.


Р роль-жазушы

А аудитория-оқушыға

Ф форма –мақала

Т тақырып- Балама отын көзі тиімді.



Дескриптор

- Мақала жазады

- Жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды



ҚБ «Шапалақ» әдісі

https://www.youtube.com/watch?v=aHXKwmNtyv4

АКТ


АКТ

Оқулық 59-бет

Флипчарт, маркерлер

«Басбармақ» әдісі


Жұптық жұмыс

Өзін-өзі бағалау



Сабақтың соңы.
34-40


Сабақты бекіту

Кері байланыс (ауызша)

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1. Не себепті таза энергияны дамыту идеясы пайда болды?

2. Балама энергетика көздеріне не жатады?

3. Әлемде көптеген елдер не себепті Балама энергия көздерін пайдалануда? Олар қандай елдер?

4. Күн энергиясы деген не?

5. Адамзат Күннен жерге келетін энергияның қанша бөлігін пайдаланады?

6. Бірнеше ғасырға дейін энергетика мәселесін қалай шешуге болады?

7. Біздің елімізде Балама энергия көздерінің пайдалану үлесі қанша?

Рефлексия Жазбаша кері байланыс

Шығу парағы «Бес саусақ» әдісі




«Сұрақ-жауап» әдісі
АКТ

Стикер


Үй тапсырмасы

Жаңа ақпаратпен бөлісіңдер

zharar.com

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар «Жылдам дебат» әдісі бойынша пікірталаста өз пікірлерін сенімді дәлелдейді және қойылған сұрақтарға еркін жауап береді.

Қабілеті орта оқушылар Жұптық жұмыста «РАФТ» әдісі бойынша шағын мақала жазады.

Қабілеті төмен оқушылар «Топтық жұмыс» әдісі арқылы еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.


Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Әр оқушының жеткен жетістігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.

Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекеті бақыланады. «Басбармақ», «өзін-өзі бағалау» әдісі, мұғалімнің марапаттаулары бойынша оқу жетістіктері айқындалады.


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланысты.
Қауіпсіздік техникасы ережелері

















ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен «жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге жеткізу үшін сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді  шеше білетін және шынайы өмірге бейім  жаңашыл ұрпақ оқыту қазіргі білім талабы.

Оқушының жазылым жұмысы дұрыс шығуы үшін оның сөздік қоры да мол болуын қажет етеді. Мектептегі оқу үдерісінде оқушы бағдарламаға сай лексикалық сөздік қорлары мен академиялық тілде сөйлеуге де жаттығады. Мұғалім жаңартылған бағдарламаның жазылым дағдысымен жұмыс жүргізуде кәсіби шеберліктерінің жетіспеушіліктері кедергі келтіріп жатады. Біз бұл көмекші құралда болашақ жастарымыздың жазылым дағдысын қалыптастырып дамытуда өз нәтижелерін көрсетіп жүрген бірнеше сындарлы оқытудың териясы мен әдістемелеріне нақты мысалдармен тоқталдық. Бұл құрал оқушының лексикалардың танымдық қабілетін дамытуда тілге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда, болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін іске асыруда мұғалім үшін маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз. Ол пәнді оқыту барысында оқушы бойына қажетті құндылықтарды қалыптастырып дамыту көрсеткішінің нәтижесі болмақ.

Жалпы жазылым дағдысы көп еңбектенуді, ізденісті қажет ететін дағды. Сондықтан да айтылған ойды сауатты, қысқа, нақты, белгілі қалыптасқан жүйеде және шығармашылықты түрде жеткізуде әлі де көптеген жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Бұл жұмыс өз жалғасын тауып, жетілдіре береді.

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның өркендеген ғасыры болса, әр шәкірт сол ғасырдың тұлғасы. Қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруда оқу үрдісінің тиімділігін арттыру, мұғалімнің сабақты дұрыс ұйымдастыруы, ұтымды түрін таңдай алуына тікелей байланысты.

Қорыта айтқанда, сауатты ұрпақ дайындауда тілдік дағдыларды меңгерту жолын түрлендіріп, жетілдіре түссек, оқытуда да, тіл дамытуда да қазақ тілі және қазақ әдебиетіне деген құрмет пен қызығушылығы жоғары, ойы ұшқыр, тілі шешен ұрпақты жеткіземіз. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық!



Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. – Астана, 2015

2. ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 30 қазан, 2015


3. МАН © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық

шеберлік орталығы, 2016 36-б.



4. Қазақ тілі – Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, Ж.К.Отарбекова, Р.Н.Мұнасаева. – Астана: «Арман-ПВ», 2017. – 210 бет.

5. А. Алдашева, Ресми іс қағаздары, Алматы -2001

6. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы, Алматы, 1998. – 362 б.

7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Алматы: Ғылым, 1966. – 360 б.

8. Балақаев М., Томанов М, Манасбаев Б. Жанпейісов Қазақ тілінің стилистикасы. –Алматы: Мектеп, 1974. – 192 б.

9. Құрманова Н. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. – Алматы, 1998.

10. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Рауан, 1991.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет