І. Жазылым дағдысының алты бөлімі
|
5
|
І.І. Жоспар құру
|
6
|
І.2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
|
11
|
І.3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
|
16
|
І.4 Эссе жазу
|
20
|
І.5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
|
28
|
І.6 . Мәтіндерді түзету және редакциялау
|
31
|
ІІ. Бірлескен жазылым
|
|
ІІ.1 Жазылым дағдысы бойынша оқушылардың жазатын жұмыстары және оның үлгісі
|
24
|
ІІ.2 Жазылым дағдысы бойынша қысқа мерзімді жоспарлар
|
40
|
Қорытынды
|
63
|
КІРІСПЕ
Қазақ тілі – қарым-қатынас жасау негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оқушылар қазақ тілін үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру, анализ, салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге оларды қоғамда тиімді қолдана білуді үйренеді. Тілді меңгеру әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.
Тілдік дағдылардың ішінде, әсіресе, жазылым дағдысы 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын, оқушының нәтиже көрсететін дағдысы болып табылады.
«Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды баска біреуге түсінікті болу үшін кағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалык жүйесіне негізделген; лингвистикалык, психологиялык, физиологиялык, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей камтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалык таңбалар белгілі бір фонемалык, мағыналык касиетке ие болады; үшіншіден, жазылым кұбылысында сөйлесім әрекетінің барлык түрі катысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады: бесіншіден, жазылым кағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазылымның психологиялык ерекшелігі: жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалык, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті ұштау.
Жазылымның әдістемелік ерекшелігі: графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу.Жазылымды тез әрі сауатты үйретудің ұтымды тәсілдерін пайдалану.
Бұл әдістемелік құрал жазылым дағдысының әдістемелік те, психологиялық та ерекшеліктерін ескере отырып мұғалімдерге оқушы бойына жазылым дағдысы бойынша оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттарын ашық, анық, тиімді етіп түсіндіріп, бойларына сіңіртуге үлкен септігін тигізетін көмекші құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |