Не себепті жеті құндылық уақыт сынынан өткен қазақстандық жолдың тәжірибесі деп ойлайсыз?
Сабақтың басы
10мин
(мотивациялық кезең)
|
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен смайликтер арқылы сәлемдесу
ә) «Ширату жаттығуы» арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
б) «Жалғасын тап» әдісі арқылы оқушыларды топқа біріктіру. (Абай атамыздың өлеңдерінің орнын ауыстырып беремін, өлең жолдарын реттеп сол арқылы топқа біріктіру)
1 – топ
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
2 – топ
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
3 – топ
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз...
|