Əлемге, республикамызға танымал
дəстүрлі
өнер
жұлдыздарымен
бірге қазақтың 10 халық əнін қосыла
шырқағыңыз келсе 23-24 маусым күндері
өтетін фестивальға қатысыңыз.
Атаулы фестиваль алғаш рет 2013
жылы Жамбыл облыстық филармониясының
ұйымдастыруымен
Елордамыз
Астана
қаласының 15 жылдық
мерейтойына
орай жоғары деңгейде өткізіліп, халықтың
қошеметіне ие болған еді.
Фестивальдің мақсаты: ұлтымыздың
дəстүрлі
музыкасын
халыққа
кеңінен
насихаттап, асыл мұраны дəріптеу арқылы
патриоттық сезімді қалыптастыру, жас
ұрпақтың ата мұраға деген құрметін арттыру,
дəстүрлі музыкамызды шебер орындайтын
жас орындаушыларды айқындап, өнер
əлеміне жаңа есімдер ашып халыққа
таныту, дəстүрлі музыка арқылы халықтар
достастығын жандандырып, басқа да туыстас
елдермен шығармашылық байланыс орнату.
23 маусым сағат 18.00-де фестивальдің
ашылу салтанаты мен «Дəстүрлі күй
мерекесінде» Республикамыздан сондай-
ақ шет мемлекеттерден келген дəстүрлі
өнер
жұлдыздары
өз
өнерлерімен
мерекеге шашу шашпақ.
24
маусым
сағат 11.00-де,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының
лауреаты, филология ғылымдарының
кандидаты С.Жанпейісованың «Сəуле
– сарын» атты антологиялық 4 CD
жинағының таныстырылымы өтеді, ал
сағат 18.00-де «Дəстүрлі əн мерекесімен»
фестиваль жалғасын табады.
Фестиваль барысында осы мерекелік
шараның
маңызды
оқиғасы
өнер
жұлдыздары халықпен бірге бір мезгілде
қазақтың 10 əнін орындау салтанаты
орталық «Достық» алаңында 24 маусым
күні, сағат 21.00-де өтеді.
Фестивальда
Түркия,
Əзербайжан,
Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы,
Қырғызстан мемлекеттерінен келетін өнер
майталмандарымен бірге еліміздің барлық
облыстарынан, сондай-ақ Алматы, Астана
қалаларынан дəстүрлі өнер жұлдыздары
қатысады.
Қасиетті Тараз қаласының өнер сүйер
тұрғындары мен қонақтары, екінші рет
өткізілгелі тұрған қазақтың халық əндерін
асқақтататын мерекелік думанға асығыңыз.
23 маусым сағат 11.00-де фестивальдің
баспасөз-конференциясы
«Баласағұн»
орталық концерт залының фойесінде
өтеді.
Тараз қаласы, Төле би көшесі 89, Жамбыл
облыстық
филармониясы, «Баласағұн»
орталық концерт залы.
ҚҰРМЕТТІ ТАРАЗДЫҚТАР ЖƏНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!
23-24 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН
ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАРАТАУ САРЫНЫ» 2014 ДƏСТҮРЛІ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Игі іс
ТЕМЕКІ ТАРТПАҒАНЫҢ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАҒАНЫҢ
ТЕМЕКІ ТАРТПАҒАНЫҢ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАҒАНЫҢ
Жамбылдық жастар салауатты өмір
салтын қолдап, оны халық арасында
насихаттауға сүбелі үлестерін қосып
келеді. Осы мақсатта «Жамбыл облысы
Жастар мəслихаты» жастар қоғамдық
бірлестігінің
белсенділері
тынымсыз
жұмыс жүргізуде. Аталмыш ұйым төрағасы
Исламбек Дастанұлының бастауымен
соңғы жылдары облыс көлемінде біраз
шаралар атқарылып келеді.
Облыстық Салауатты өмір салтын
қалыптастыру
орталығымен
бірлесіп
ұйымдастырылған осындай шаралар реті
өңір аудандарында өткізілген болатын.
«Никотинді
дəруменге
ауыстыр!»
ұранымен
ұйымдастырылған
акция
халықтың қызу қолдауына ие болған еді.
Азаматтардың
денсаулықтарына
өз
қолдарымен
зиян
келтірмеуге,
темекі шегуден біржолата бас тартуға
насихаттайтын бұл шаралар өз кезегінде
облыс орталығы – Тараз қаласында
жалғасын тапты.
Темекі түтіні адам организмі үшін
зиянды жəне улы заттардың жиындысы
болып табылады. Олардың ең бастылары
– никотин, синиль қышқылы, көмір
қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир
майы жəне өкпе рагіне душар ететін
əртүрлі радиобелсенді элементтер болып
табылады. Олардың ішіндегі ең улысы –
никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны
бір-ақ тамшы никотин уы жеткілікті
көрінеді. Шылым шегу адам иммунитетін
төмендетеді. Темекі түтінінен бөлінетін
көміртек тотығы адам ағзасына тарап,
қанайналым жүйесін бұзады. Тек бұл ғана
емес.
Шылымның осы қасіретті қасиеттерін
түсініп, оны басқаларға ұғындыру, тек
өзінің ғана емес, айналасындағыларға
да зиян келтіріп жүргендерін жеткізуді
көздейтін
белсенді
жастар
Тұңғыш
президент паркінде кезекті акциясын
өткізді. Шара барысында тұрғындардан
алынған əр тал темекіге алма мен
дəрумендер, тəтті кəмпиттер ұсынылды.
Нəтижесінде, 50 келі алма, 100 дəрумен
мен 100 кəмпит үлестірілді. Сонымен
қатар, парк келушілеріне темекінің зияны
туралы жазылған парақшалар таратылып,
қосымша ақпараттар берілді.
М.ƏЖМАХАНҰЛЫ.
«ЖОҒЫН АЙТПА, ШАРУАШЫЛЫҚТА
«ЖОҒЫН АЙТПА, ШАРУАШЫЛЫҚТА
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛЫН АЙТ»
ЖОЛЫН АЙТ»
1-бетте
Дақылдармен таныстырған институт директоры Серік
Кененбаев аймақ басшысынан дақылдарды өңір көлемінде
кең көлемде пайдалануға қолдау білдіруін сұранды.
Өз кезегінде Кəрім Нəсбекұлы мұндай бастамаға əкімдік
тарапынан жан-жақты демеу болатынын айтып, алайда
дақылдардың қосымша жаңа түрлерін көбейтуді тапсырды.
Иə, ғалымдар ұсынған төзімді дақылдар ауыл
шаруашылығына таптырмас қазына. Өйткені, ғалымдардың
зерттеуі бойынша егістіктегі жыл сайынғы қарашіріктің
жоғалуы, яғни топырақтың құнарсыздануы 25-30 пайызға
артып кеткен. Жəне топырақтың агрофизикалық жəне
агрохимиялық
қасиеттері
нашарлаған.
Топырақтың
құнарсыздануын мамандар ауыл шаруашылық тауарларын
өндірушілердің агротехнологиялық шараларды толық
сақтамауы, ауыспалы егістіктің сақталмауы, минералды
жəне органикалық тыңайтқыштардың қажетті мөлшерде
қолданбауы, техниканың тозуы жəне білікті мамандардың
жетіспеушілігімен
байланыстырып
отыр.
Семинарда
ғалымдар бұл мəселені де көтеріп, өңір басшысының назарға
алуын өтінді. Аймақ басшысы аталмыш жайтқа байланысты
бүгінде толыққанды тексерулер жүргізіліп жатқанын, алдағы
уақытта материалдық базаның жақсаратынын жеткізді.
Келесі кезекте облыс əкіміне аймақтағы егіс алқабын
суғарудың жаңа технологиялары таныстырылды. Ең
бірінші мамандар тамшылатып суғару жүйесінің егіншілік
шаруашылығына берген жемісіне тоқталды. Рас, ғалымдар
да, фермерлер де бұл əдісті ең жақсы жəне тиімді суғару əдісі
деп санайды. Оның себебі аталмыш технология өсімдікті
сумен жəне тыңайтқыштармен қажетті мөлшерде уақтылы
қамтамасыз етуге мол мүмкіншілік береді. Қазір тамшылатып
суғару əдісі ұлғайтылған алқаптарда кеңінен пайдаланылып,
су мен энергия ресурстарын үнемдеуде шаруалардың үмітін
ақтап отыр. Жəне бұл əдісті пайдалану дақыл өнімін 40-50
пайызға арттыратыны дəлелденген.
Дегенмен, институт ғалымдары облыстың егін
шаруашылығына топырақ астымен суғару жүйесін де енгізуді
ұсынып отыр.
Мамандар ұсынған тағы бір жүйе – жүйелік жоталық
себу əдісі. Бұл əдіс өсімдіктерді өсірудің қазіргі заманауи
ресурстарды үнемдеу технологиясы болып табылады. Яғни,
жүйектер арқылы суғарылатын күздік бидайды себудің жаңа
əдісі, дəстүрлі əдіске қарағанда аз тұқыммен мол өнім алуға
жол ашады. Мəселен, бұрынғы əдісте – 4,0-5,5 млн. дана/га
тұқым себілсе, жүйелік жоталық себуде – 2,5 млн. дана/га ғана
кетеді. Алайда, аз тұқым жұмсалғанымен дəн өнімі 16,4 ц/га
дейін артып, масағы бұрын-соңды болмаған көлемде ұзарып,
дəнге толады. Осылайша жаңа технология аз шығынмен мол
өнім алуға мүмкіндік жасап отыр.
Мұндай тиімді технологиялармен жіті танысқан облыс
басшысы барлық жаңа бастамаларға қолдауын білдірді.
Жəне облыстағы ауыл шаруашылық саласына жауапты
мамандарға институт ғалымдарымен біріге жұмыс жасауды
тапсырды.
Осындай тəжірибелік бөлімнен кейін сырттан келген
институт ғалымдары мен аудандардағы шаруашылық
жетекшілері теориялық семинарға көшті. Бұл бөлімде
алматылық
институттардың
мамандары
жергілікті
шаруаларға өз өнімдерінің тиімділігін түсіндіріп, пікір
алмасты. Өз кезегінде қожалық иелері мұндай пайдалы
басқосуға алғыстарын білдіріп, өзге өңірдің мамандарымен
біріге жұмыс жасауға қарсы емес екендіктерін жеткізді.
Семинар соңында əр ауданнан келген шаруаларға жаңа
технология жайында анықтама жəне түсіндірме кітапшалары
табыс етілді.
Сот залынан
ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
ҚР ҚК-тің 24 бабы 3 бөлігі 96 бабы 1 бөлігімен Т.Байкуловтың үстінен
қылмыстық іс қозғалды.
Сотталушы Т.Байкулов, Көкдөнен ауылында спирттік ішімдік ішіп,
алкогольдік мас күйінде, өзінің үйінен ағаш сапты ас пышақты қалтасына
салып шығып, Көкдөнен ауылы, К.Сүлкейменов көшесі, №14 өзінің туған
інісі С.Байхуловтың үйіне барған. Содан үйінде С.Байхулов болмаған, үйде
болған бөлесі Қ.Нуршанов оның мас күйін көріп, үйге кіргізбей қойған.
Осы кезде, С.Байхулов үйіне келіп, ағасы Т.Байкуловтың мастығына
ренжіп, одан кетуін талап еткен. С.Байхулов өзінің «Ауди-80» маркалы
автокөлігіне мініп, салон ішінде отырған М.Мырзахметовты үйіне алып кеткен.
Сол уақытта, Т.Байкулов інісін өлтіру мақсатымен, оның автокөлікпен
кеткен бағытымен велосипедпен жүріп отырып, артынан жетіп, М.Мырзахметов
үйге кіріп кеткен соң, інісі С.Байхуловқа жақындап келіп, ішінен бір рет пышақ
ұрып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.
Осы кезде жəбірленуші С.Байхулов өз өмірін сақтау үшін, ағасынан
қашып, А.Утенбаевтың үйіне келіп жəрдем сұрап, уақтылы жəрдем көрсетудің
арқасында, Т.Байкуловтың қасақана кісі өлтіру қылмыстық іс-əрекеті жүзеге
аспаған.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының 22.01.2014 жылғы үкімімен, Т.Байкулов кінəлі
деп танылып, оған осы баппен 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалды, жазасын өтеуді түзеу колониясының қатаң режиміне
белгіленді.
Е.ТҰРҒЫНБАЙҰЛЫ,
облыс прокуратурасының
5-басқарма прокуроры.
«ҚАРАТАУ САРЫНЫ» ШАҚЫРАДЫ!
«ҚАРАТАУ САРЫНЫ» ШАҚЫРАДЫ!
ЖАҢА ТӨРАҒАДАН
ЖАҢА ТӨРАҒАДАН
ЖАҢАШЫЛДЫҚ КҮТЕМІЗ
ЖАҢАШЫЛДЫҚ КҮТЕМІЗ
Іске сәт!
Облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас
редакторы Көсемəлі Сəттібайұлы «Қазақстан
Журналистер
одағы»
Қоғамдық
бірлестігі
Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып
сайланды. Облыстағы журналистер қауымының
жалпы жиыны осындай шешім қабылдады.
Басқосуда облыс əкімдігі ішкі саясат басқармасы
басшысының орынбасары Жəмилə Бекбосынова
Көсемəлі
Сəттібайұлының
кандидатурасын
ұсынды, оны жергілікті журналистер қауымы
бірауыздан қолдады. Болат Жаппарұлы, Бекет
Момынқұл, Болат Бекжанов, Сапарғали Əлібай,
Оралхан Дəуіт, Эльмира Мырза-Ғали, Гүлнұр
Ембердиева жəне тағы басқа журналистер
Көсемəлі Сəттібайұлының жаңа кіріскелі отырған
жұмысына сəттілік тілеп, өздерінің ұсыныс-
пікірлерімен бөлісті.
3
19 маусым
№25 (453)
1.
Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан»
Жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві» партиялық
жобасының өткізілу тəртібін айқындайды.
1.2 Жастар кадрлық резерві – бұл қызметтік өсуге
ынталы, кəсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің
жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық
деректер базасы.
1.3 Жоба мақсаты – заманауи жəне тиімді
басқарушылар шоғырын қалыптастыру.
1.4 Жоба жасы 25 пен 35 аралығындағы, жұмыс
тəжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл
қабілеті жəне айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие
жастарға арналған.
1.5 Жоба міндеттері:
1.5.1 кəсіби өзін өзі дамытуға жəне өз саласында
сапалы нəтижелерге ынталы жас басқарушыларды іздеу
жəне іріктеу;
1.5.2 жас қазақстандықтардың жаңа білімдер алуға
жəне өзін-өзі жетілдіруге кəсіби өсуі үшін қажетті жағдайлар
жасау;
1.5.3 алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына
негізделген кадрлық резервті даярлаудың тиімді жүйесін
құру .
1.6. Жобаны «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан»
Жастар қанаты, «Нұр Отан» партиясы жəне Қазақстан
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясымен, Қазақстан Республикасы
Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы
стипендиаттарының Қауымдастығымен жəне «Нұр Отан»
партиясының Саяси менеджмент мектебімен бірге жүзеге
асырады.
1.7. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1.7.1 Жобаға қатысушы – жобаның арнайы сайтының
(www.rezerv.kz) тиісті бөліміндегі сауалнаманы осы
Ережемен бекітілген тəртіпке сəйкес толтырған жеке тұлға.
1.7.2 «Формальды іріктеу» - үміткерлер формальды
критерийлер (білімі, еңбек өтілі, т.б.) бойынша бағаланатын
бастапқы іріктеу кезеңі.
1.7.3 Жастар кадрлық резервіне үміткер – формальды
іріктеуден өтіп, байқаудың келесі кезеңі – сұхбаттасуға
жіберілген жоба қатысушысы;
1.7.4 Сұхбаттасу – жастар кадрлық резервіне
үміткерлер байқау негізінде біліктіліктері бойынша жеке
сұхбаттасуға шақырылатын кезең;
1.7.5 Республикалық сарапшы комиссия - жастар
кадрлық резервіне үміткерлерді байқау негізінде кешенді
іріктеуден өткізетін консультативті-кеңесші орган. «Нұр
Отан» партиясы, «Жас Отан» ЖҚ өкілдерінен, қоғамдық-
саяси қайраткерлерден, бизнес саласының өкілдерінің
қатарынан қалыптасады.
1.7.6 Жоба жетекшісі – жобаның жүзеге асырылуының
жалпы басшылығын, орталық деңгейде (партия басшылығы,
жоба серіктестері мен қатысушылары арасында)
ведомствоаралық қадағалауды, жоспарлау, мониторинг
жəне жобаның жүзеге асырылуына бақылау жүргізетін өкіл.
1.7.7 Аймақтық координаторлар – ҚР аймақтарындағы
жоба өкілдері (14 облыс, республикалық деңгейдегі 2 қала).
1.7.8 Қатысушының жеке веб-портфолиосы – жобаның
ресми сайтындағы қатысушының осу жəне кəсіби
жетістіктерін көрсететін жеке анықтамасы.
1.7.9 Резервист – жобаның барлық кезеңінен өткен
жəне жоба аяқталған соң «Жастар кадрлық резервіне»
енгізілетін қатысушы.
1.7.10 Қатысушының рейтингі – қатысушы жетістіктерін
бағалаудың қойылған критерийлері негізінде қалыптасатын
жеке сандық көрсеткіш.
1.7.11 Резервист рейтингі – жобаның өткен кезеңдері
негізінде қалыптасатын көрсеткіш.
1.7.12 Жобаны өткізуді қадағалау жоба басшылығына
жүктеледі.
1.7.13 Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық
мүдделі тұлғаларға танысуға ұсынылады.
2. Жобаны өткізу кезеңдері
2.1. Іріктеу кезеңі.
2.1.1 Жобаның ресми сайтында (www.rezerv.kz)
қатысушылардың ашық тіркелуін қамтамасыз ету 2014
жылдың 26 мамырынан 26 маусымына дейін жобаның тиісті
бөлімінде сауалнама толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Жоба шарттарына сай келмейтін, сондай-ақ құжаттама
қабылдау мерзімі өткеннен тіркелген сауалнамалар
қарастырылмайды.
2.1.2 «Формальды іріктеу» - сауалнаманы келесі
критерийлер арқылы бағалау:
-
Жас шамасы (25-35 жас);
-
Бiлiмі (жоғары білімі болуы);
-
Жұмыс орны, лауазымы;
-
Жалпы еңбек өтілі;
-
Тілдерді білуі;
-
Наградалары;
-
Публикациялар (монографиялар, ғылыми
мақалалар);
-
Ұсыныс хаттар (бірінші басшылардан).
2.1.3 Байқау комиссиясымен сұхбаттасу жəне 16
аймақта іріктеу жүргізілетін болады. Сұхбат аймақтарда
келесі ұсынылатын комиссия мүшелерінің қатысуымен
өткізілетін болады:
- «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалының
Төрағасының бірінші орынбасары;
- Жастар саясаты мəселелері бойынша басқарма
басшысы;
- «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалының Атқарушы
хатшысы;
- БАҚ өкілі;
- Қоғам қайраткері;
- Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық
«Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының
Қауымдастығының өкілі;
- Бизнес саласының өкілі.
2.2. Əр қатысушыға жеке веб-портфолио – жобаның
ресми сайтындағы қатысушының оөу жəне кəсіби
жетістіктерін көрсететін жеке анықтама жасалады.
2.3 Білім беру кезеңі.
2.3.1 Білім модулі жəне жобаның бағалау бөлігіне
келесілер енеді:
-
тестілеу;
-
сұхбаттасу, республикалық сарапшы
комиссияның алдында жеке жобаларды қорғау жəне
таныстыру;
-
дəрістер, шеберлік сыныптарының блогы;
-
жеке өсу тренингтері;
-
дəрiс-əңгімелесулер.жетекші саясаттанушылар,
қоғам қайраткерлерінің қатысуымен пікірталастар.
2.3.2 Ең жоғары рейтинг (кəсіби біліктіліктер, жеке жəне
кəсіби жетістіктерді бағалау баллдарының қосындысы)
жинаған 32 қатысушы жастар кадрлық резервiне еніп,
жобаның келесі кезеңіне өтеді.
2.3.3 Резервистерді жылжыту – əр аймақтан екі
адамнан 32-ден кем емес резервист оқу модулінен
өтетін кезең. 32 резервист қосымша кəсіби білім алу
бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында (Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, «Нұр Отан» партиясының Саяси
менеджмент мектебі) оқиды жəне бір ай бойына
мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда
тағылымдамадан өтеді.
3. Қатысушылардың рейтингін қалыптастыру принциптері
3.1 Жобаға қатысушылардың рейтингі үш бөліктен:
«формальды іріктеудің» қосынды баллы, республикалық
сарапшы комиссияның сұхбаттасуды бағалау нəтижелері,
тағылымдамадан өту нəтижелерінен құралады.
3.2 Қатысушы рейтингі осы Ереженің №1 қосымшасына
сəйкес, қатысушының жетістіктерін бағалау критерийлері
негізінде құралады.
3.3 Рейтинг жоба сайтында жарияланады.
3.4 Іріктеуден өтпеген үміткерлер жасы 35-ке толғанша
жоба қатысушысы атану мүмкіндігіне ие.
4. Жобаға қатысушылардың құқықтары мен
міндеттері
4.1. Жобаға қатысуға үміткерлер, қатысушылар жəне
жастар кадрлық резевіне үміткерлер:
4.1.1 Жобаның өткізілу талаптары мен тəртібі туралы
ақпарат алуға;
4.1.2 Осы Ереже бойынша түсінік алу үшін аймақтық
координаторларға жүгінуге құқылы.
4.2 Жоба үміткерлері мен қатысушылары міндетті:
4.2.1 Байқаудың мəнімен, байқауға қатысу үшін
қойылатын талаптармен танысуға;
4.2.2 Осы Ережемен қарастырылған ережелер мен
рəсімдерді сақтауға;
4.3 Жобаға қатысушылар жобаның кез келген
кезеңінде байқау құжаттамасының басты талабын
(сенімділік) орындамаса, осы Ережемен көрсетілген
басқа да шарттарды, ережелер мен тəртіптерді сақтамаса
жобадан шеттетілуі мүмкін.
5. Ақпараттық қамтамасыздандыру
5.1 Жобаның басты ақпараттық ресурсы www.rezerv.kz
ресми сайты болып табылады.
5.2 Жобаның ақпараттық қолдауын еліміздің медиа-
ресурстары қамтамасыз етеді.
5.3 Байқаудың қосымша ақпараттық қолдауын жоба
серіктестерінің ақпараттық ресурстары қамтамасыз
етіледі.
Ережеге енгізу уақытынан бастап өз күшіне енетін
жəне кері күшке ие болмайтын толықтырулар мен
өзгерістер енгізілуі мүмкін.
ЖАНАРТАУ
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының
«Жастар кадрлық резерві» партиялық жобасының
ЕРЕЖЕСІ
– Құндыз, Ішкі істер саласының ақпарат
бөліміне қызметке келгеніңе ұзақ уақыт бола
қойған жоқ. Бұған дейін оқырман қауым өзіңді
журналист ретінде республикалық, облыстық
басылымдарда танып қалған еді. Енді міне,
құқық саласында қызмет етіп келесің. Бұл
бағытқа бет бұруыңа не себеп болды?
– Бала кезден құқық саласында қызмет етуді
армандайтынмын. Журналист болып жүрген
күнімнің өзінде шенді, құқық қорғау саласындағы
адамдарды көрсем солармен тілдесуге құмартып
тұрдым. Содан болар, Жамбыл облысы ІІД-не
жұмысқа тұрудың сəті түскен бойы, мемлекеттік
қызметкерлерге арналған тест тапсыруға белді
бекем будым. Жолым болып сынақтан сүрінбей
өттім. Негізі тестті сауатты тапсырып шығуыма
журналистика саласында жинаған тəжірибем көп
септігін тигізді десем болады. Себебі, мемлекеттік
тіл мен ақпарат тарату арнасына қатысты келген
сұрақтардың барлығы маған таныс болды.
Нəтижесінде, барлық үміткерлерден жоғары
ұпай жинап, осы қызметке тағайындалдым.
Достарыңызбен бөлісу: |