ағымына ілесе жүру біз үшін сəнге айналғалы қашан.
аз.
7
19 маусым,
№25 (453)
ƏЛЕУМЕТ
БАЛ ЖЕГІҢ КЕЛСЕ, АРА ӨСІР
БАЛ ЖЕГІҢ КЕЛСЕ, АРА ӨСІР
Кәсіп пен нәсіп
ШАҚСА ЖАНЫҢДЫ ШЫҒАРАТЫН КƏДІМГІ АРАНЫҢ БАЛЫ
МЫҢ ДА БІР ДЕРТКЕ ЕМ. БҰЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН
ƏЛДЕҚАШАН ДƏЛЕЛДЕНГЕН. БАЛДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА
ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫН ТҮСІНГЕН ЖАПОНДЫҚТАР МЕКТЕП
ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА 10-20 ГРАММ МӨЛШЕРІНДЕ
КҮНДЕЛІКТІ БАЛ БЕРІП ОТЫРАДЫ ЕКЕН. ƏЛЕМДЕГІ ЕҢ ҰЗАҚ
ЖАСАЙТЫНДАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ОСЫ БАЛ ӨНІМІН КӨП
ТҰТЫНАТЫНДАР ЖƏНЕ ОМАРТАШЫЛАР ДЕСЕДІ. ƏЙГІЛІ
МАТЕМАТИК-ҒАЛЫМ ПИФАГОР ӨЗ ЕСТЕЛІКТЕРІНДЕ: «МЕНІҢ
ҰЗАҚ ӨМІР СҮРГЕНІМ — БАЛДЫҢ ҚҰДІРЕТІ» — ДЕП ТАМСАНСА,
ФИЛОСОФ ДЕМОКРИТ ТЕ ӨЗІНІҢ БІР ҒАСЫРЛЫҚ ҒҰМЫРЫНЫҢ
ӨЛШЕМІН БАЛ ӨНІМІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРҒАН.
Алғашқы
аралар
Қазақстанға
осыдан бір жарым ғасыр бұрын
Өскеменнің іргесіне əкелініп, қолға
үйретіле
бастапты.
Сол
себепті
де Шығыс Қазақстан облысы күні
бүгінге
дейін
еліміздегі
омарта
шаруашылығының отаны саналады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда өндірілетін
бал өнімдерінің 80-90 пайызы осы
облысқа тиесілі. Сондықтан, Шығыс
өңірі бал өндіруден жəне араның бал
ұясы саны жағынан республикада
бірінші орында тұр. Мұнда 35 асыл
тұқымды
омарта
шаруашылығы
құрылған. Дегенмен, республикада
2009
жылдан
бастап
бал
ара
шаруашылығы
саласын
жаңғырту
бойынша іс-шаралар қолға алынғанын
атап өткен жөн. Осы уақыт аралығында
өнеркəсіптік омарта шаруашылығын
ұйымдастыру, шетелдік селекцияның
асыл
тұқымдық
материалын
тасымалдау жəне өсіру, асыл тұқымды
бал ара шаруашылығын мемлекеттік
қолдау сұрақтары бойынша біраз
өзгерістер жүзеге асырылды да.
Көптеген бал ара шаруашылықтары
шағын несиелендіру бағдарламасына
енгізілген. Қазіргі таңда бал ара
шаруашылықтары
электрлі
бал
шайқауыштарымен,
тиегіштермен,
омарталарды
басып
шығару
жүйелерімен, балды ыдыстарға салып
орайтын
қондырғы-жабдықтарымен
технологиялық жасақтау жұмыстары
жоғары қарқында жүргізіліп жатқанын
естіп, біліп жүрміз. Дегенмен, осындай
жасалып жатқан жеңілдіктер, көмектер
біздің облыста қай деңгейде екеніне
көз жеткізу үшін алдымен ауыл
шаруашылығы
басқармасына
бас
сұқтық. Басқарманың бас маманы
Есенғали Жақсылықов:
–
Ара
шаруашылығымен
айналысатындарға
ешқандай
субсидия қарастырылмаған. Себебі,
бал аса бір қат өнім деп табылмайды,
– деп қысқа қайырды.
Дейтұрғанмен,
бүгінгі
күні
облысымызда 92 омарташы тіркеліп,
өз жұмыстарын атқаруда. Облыс
көлемінде тек бір ғана асыл тұқымды
бал ара шаруашылығы тіркелген жəне
басқа омарташылардың қолда бар ара
тұқымдары асылдандырылмаған. 150
асыл тұқымды ара ұялары бар Алматы
облысымен, 6388 асыл тұқымды
ара ұяларын күтіп-баптап отырған
Шығыс Қазақстан өңірлерімен, əрине,
салыстыруға
келмейді. «Жамбыл
облыстық «Бал-Ара» ара əуесқой
омарташылар» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Бахром Нұралиев жылына
біздің облыстан өндірілетін 5 мың тонна
ара балын экспорттамақ түгілі өзіміздің
облыстың тұрғындарының қажеттілігін
өтеуге жетпейтінін айтты.
– Жамбыл облысының Меркі,
Қордай, Шу, Жамбыл аудандарында
ара шаруашылығы жақсы дамыған
десек болады. Бірақ, олардың
барлығы дерлік тек күн көріс үшін ара
асырап, бал сатып отырғандар. Біздің
облыста тек мен ғана асыл тұқымды
аралар ұстап отырмын. Ол аралардың
тұқымы «карпатский» деп аталады.
Өз басым жылына 5 тоннаға дейін бал
аламын. Менің бал ара шаруашылығым
асыл тұқымды аралар болған соң
облыс əкімінің қолдауымен Жуалы
ауданынан 300 гектар жер алдым.
Енді 20 млн. теңге несие алып, бал
өндіретін техникалар алсам ба деген
ойым бар. Өзге омарташылар ара
тұқымдарын асылдандыруды ойлап
бас қатырмайды. Себебі, қолдары
қысқа. Барлық мəселе ақшаға келіп
тіреледі. Ара өсіру, олардан бал алу
мал шаруашылығымен айналысқаннан
да қиын, – дейді Б.Нұралиев.
Оның
сөзіне
сүйенсек,
омарташылар үшін аралар қажетті
балын жинай алатын арнайы орын
табу қиынның қиыны екен. Сол себепті
əрдайым көшіп-қонып, мол бал жинауға
мүмкіндік беретін жер іздейді. Жинаған
балын сату да оңай болып тұрған жоқ
көрінеді.
Əдетте жол жиегінде бал сатып
тұрған сатушыларға жиі ұшырасамыз,
сатып алып та жатамыз. Ал тəжірибелі
омарташылар жол бойынан ешқашан
бал алмау керектігін айтады. «Тек
пайданы көздеген кəсіпкерлер таза
балға көп мөлшерде шекер қосу
арқылы 1 тонна таза балдан 3 тонна,
тіпті ақшаға құныққандары одан да
көп бал жасап, сатуға шығаратын
көрінеді. Ал оның адам ағзасындағы
қанттың мөлшерін көбейтіп, қант
диабеті ауруына шалдықтыруы мүмкін.
Сол себепті тек таныс, тəжірибелі
омарташылардан алу керек, əйтпесе
қазір таза бал табу қиын» деп кеңес
береді омарташылар. Осы орайда,
Бахром Балтабайұлынан облыстағы
бал өнімінің сапасы жөнінде сұрадық:
– Республикалық деңгейде өткен,
болмаса
өзге
мемлекеттердегі
жəрмеңкелерге
қатыссақ,
тұтынушылар
біздің
облыстың
өнімін талап алып кетеді. Бұның
басты себебі – біздің жердің шөбінің
қуаттылығында.
Көбіне
жантақ
өсімдігі көп өсетін жерлерден бал
жинауға тырысамыз. Жантақтың
тамыры 15-20 метрге дейін жетеді.
Оның құнары да мол. Сол себепті біздің
өңірдің балы дəмді. Жалпы, Жамбыл
облысы
ара
шаруашылығымен
айналысуға аса қолайлы аймақ.
Бірақ, біз сол мүмкіндікті пайдалана
алмай отырмыз. Омарташыларға
арнайы жер бөлініп, ара тұқымдарын
асылдандыру
үшін
жеңілдетілген
несиелер берілсе, құба-құп болар еді.
Бал жинау барысында омарташылар
аудандарды,
ауылдарды
кезіп
кетеміз. Ал аудандағы, ауылдардағы
орман шаруашылығының өкілдері өз
жерлеріне аттап бастырмайды. Ара
олардың шаруашылығына пайдасын
тигізбесе
зиянын
келтірмейтінін
білмейді. Осы секілді мəселелеріміздің
бəрі оң шешімін тапса екен дейміз.
Ара шаруашылығын осылай ғана
өркендете аламыз.
Расында, балдың арқасында байып
отырған мемлекеттер қаншама? Қазіргі
таңда Аргентина, Австрия, Түркия,
Израиль, Украина сияқты мемлекеттер
омарташылықтан қыруар пайда тауып
отыр.
Омарташылық
тек
маусымдық
жұмыс болғанымен жауапкершілікті,
істі күндіз-түні қадағалайтын сақтықты,
еңбексүйгіштікті талап ететін шаруа.
Қазір омарташылар үшін жауапты да
қарбалас шақ. Ендеше, бал арасын
өсіріп, оның қасиетті де шипалы
өнімдерін сатып байыған адамдар
қатары көбейгені де жақсы. Ең бастысы,
омарташылардың ойындағысын жүзеге
асыру үшін қажетті көмектер берілсе
жөн болар еді. Бұдан өңіріміз ұтпаса,
ұтылмайды.
ӨТІРІК БАҒА ҚОЙЫП, ОҚУШЫНЫҢ
ӨТІРІК БАҒА ҚОЙЫП, ОҚУШЫНЫҢ
ОБАЛЫНА ҚАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚПЫЗ БА?
ОБАЛЫНА ҚАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚПЫЗ БА?
Оң мен сол
Меніңше, оның басты себебі – мектептерде
оқушыларды сыныптан сыныпқа білімінің
төмендігіне қарамастан жүз пайыз көшірілуінде.
Мектептерде ауру, тəртібі нашар оқушылар
болса, арнайы мектептер бар, сонда оқытып,
қалғандарына талап бірдей болу керек. Ал
нашар оқитын оқушыларды күзге қалдырып,
тамыз айында оқытып, емтихан қабылдап,
ешқандай нəтиже шықпаса, екінші жылға
қалдыру керек. Сонда мектепте тəртіп те
түзеледі, ата-аналар мен оқушылар мұғалімді
сыйлайды. Екіншіден, неге екені белгісіз «Алтын
белгі», «Үздік аттестат» алуға үміткерлер деп
жыл бойы мектеп басшыларының мұғалімдерге
жақсы баға қойғызуында, бірақ, ол оқушылар
ҰБТ кезінде қойылған бағаларды дəлелдей
алмай жатады.
Мысалы, облыс бойынша 2011-2012 оқу
жылында «Алтын белгі» орта білім туралы
аттестатына үміткер болған 378 оқушының
82-сі ғана, яғни 21,7 пайызы өз білімдерін
дəлелдеген екен.
Сондықтан, оқушыларға мұғалімдердің əділ
баға қоюуына ешкімнің араласпағаны жөн. Егер
бұйрықпен баға қойдырса, ол мұғалімдердің
құқығын бұзу деген сөз.
ЖОО студенттерінің көбісінің сабаққа
қатысуы, үлгерімі төмен, оны жасырудың қажеті
жоқ. Ол неге байланысты? Ақылы оқитын
студенттер өздерінің ақша төлеп оқитынын біліп
алған. Грантта оқитындар да жарытып оқып
жатқан жоқ. Грант деген сөз гарант деген сөз
емес, сондықтан стипендияны бірінші курстан
кейін жақсы оқитын білімгерлерге беру керек
деп ойлаймын. Жуырда Парламентте Мəжіліс
депутаттары білім беру саласы елімізде
жемқорлықтан үшінші орында, студенттердің
сабақ оқымай-ақ сессия, емтихан кезінде ақша
беріп, баға қойдырып, келесі курсқа көшеді, оған
жылына миллиардтаған ақша кетеді екен деп
қалды. Ашығын айтқанда, оқу орындарында
өтірік баға қойып, білім сапасын арттыра
алмаймыз.
Мұхаммед
пайғамбарымызға
(с.ғ.с) сахабалар: «Дүниеде ең жаман нəрсе
не? – деп сұрақ қойыпты. Сонда Алланың
елшісі «Надандық», – деп жауап берсе керек.
Жаратқан Иеміз айтқан екен «Сендердің түбіңе
жететін – əділетсіздік» – деп.
Сонда
біз
оқушыларымызды,
білімгерлерімізді
өтірік
баға
қойып,
əділетсіздікке үйреткеніміз бе? Сонда біздің
жастарымыз, еліміз қалай бəсекеге қабілетті
бола алады? Алдыңғы 30 елдің қатарына
қалай қосыла аламыз? М.Əуезов: «Халық
пен халықты, адам мен адамды теңестіретін
нəрсе – білім», – деген екен. «Ел болам десең,
бесігіңді түзе!» – деген де сол М.Əуезов. Мен
бесік дегенде көз алдыма мектепті, колледжді,
университетті елестетем. Ұстаздар, сол бесікті
дұрыс тербетіп жүрміз бе? «Ұлым дейтін ел
болмаса, елім дейтін ұл қайдан шығады?»
дейді көрнекті ағартушы А.Байтұрсынов.
Жаһандағы ең жаман нəрсе – білім мен
ғылымды қадірсіз ету. Сондықтан жастарға
сапалы білім, саналы тəрбие береміз десек,
сол оқу орындарындағы кемшіліктерді жойып,
əділ баға қойып, жемқорлыққа жол бермеу
керек, ата-ананың жауапкершілігін арттырмай,
отбасылық тəрбие жолға қойылмай, ұрпақ
тəрбиесі жөнге келмейді.
Осы күні мұғалімдерді барлық оқу
орындарында
дайындайды.
Бұл
дұрыс
емес деп ойлаймын. Мұғалімдерді тек қана
педагогикалық институт пен педагогикалық
колледжде, дəрігерлерді тек қана медициналық
университет пен медициналық колледжде,
агроном мен зоотехникті аграрлық университет
пен аграрлық колледжде дайындау керек. 17
миллион халқы бар біздің елімізге саны көп,
сапасы төмен универсиеттердің керегі қанша?
Мемлекет
басшысы
Н.Назарбаев
«Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің
жаңа
саяси
ел
бағыты»
атты Жолдауында білім беру саласында
мектептердегі
қағазбастылық
мəселесін
қатты сынға алды. «Қағаз азая ма десек,
қайта көбейіп барады. Мұндай келеңсіздікті
тоқтату керек қой» деген пікір білдірді.
Бірақ, қағазбастылық азая қойған жоқ. Кез
келген мектепке бара қалсаңыз, қаптаған
қағаз толтырудан бас көтермей отырған
мұғалімдерді көресіз. «Қазіргі білім беру
саласында оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, əрі жан-жақты маман
болу мүмкін емес» – деді Елбасымыз. Демек,
озық технологияларды сабақтарда пайдалану
– заман талабы. Осы бағытта жұмыс істеу
мектептердегі пəн бірлестіктерінің, əдіскер
педагогтарының жетекшілік етуімен мектептегі
инновациялық жұмыстар, ғылыми теориялар,
озат тəжірибелер мен жетекші идеяларды
жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасында білім берудің
2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы
бойынша 2015-2016 оқу
жылында 1, 5, 11-сыныптар оқытудың 12
жылдық моделіне көшуді бастауы тиіс.
Стандарт
пен
бағдарлама
бірінші
сыныптан бастап орыс тілі мен ағылшын тілін
оқытуды ұсынады. Бұл қисынсыз тірлік. Сонда
мектептердің көпшілігі алты жасар бала 3,
ал ұйғыр жəне өзбек мектептерінде 4 тілді
қатарынан оқуға міндетті. Ал, 1-сыныптан
бастап орыс тілі мен ағылшын тілін оқыту –
мемлекеттік тілдің келешегіне балта шабуы
ықтимал. Сондықтан бастауыш сыныптарда ең
жоқ дегенде 1-сыныпта тек қана өзінің ана тілін
оқытумен шектеу керек деп ойлаймын.
Аса көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский,
Ы.Алтынсарин жəне кеңестік технологияның
негізін салушы Л.С.Высотский шетел тілін
оқып-үйренуді бастамас бұрын, бала ана
тілін жетік білуі тиіс екенін ғылыми түрде
дəлелдеген болатын.
Өркениетті елдердің (Франция, Германия,
Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея жəне т.б)
ешқайсысында бастауыш сыныптарда екінші
жəне үшінші тіл оқытылмайды. Тіпті, білім
беру саласында жоғары көрсеткіштерге қол
жеткізген Финляндияда ағылшын тілін оқыту
3-сыныптан басталады екен.
Білім беру саласындағы реформаның алға
баспай отырғанының бір себебі, 22 жылда
13 Білім жəне ғылым Министрінің ауысқаны
деп айтуға болады. Оның əрқайсысы өз
реформасын ала келгенімен, ісін аяғына
дейін жеткізе алмай кетіп жатты. Қандай
береке таптық? Олар тек ауысып қоймай, оқу
бағдарламасын қайта жасады, оқулықты қайта
өңдетті, ал оқулық бір демде жасай салатын
шаруа емес. Осының барлығы шəкірттің соры
деген сөз.
Сондықтан білім сапасын арттыру үшін
мектептердегі, коледждегі, университеттердегі,
жоғарыда айтылған кемшіліктерді жоюымыз
керек.
Мен білім беру саласында 50 жылдан
артық
қызмет
атқардым,
сондықтан
өзімнің көзқарасымды білдіріп отырмын,
əріптестерімді, ата-аналарды, зиялы қауымды
білім саласындағы реформаны қалай жасау
керек екеніне ат салысуларын сұрар едім.
Өйткені, еліміздің жарқын болашағы – білімді
жастардың қолында.
Талғат НҰРХАНОВ
Төлеген САМРАТОВ, зейнеткер
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР ЕШҚАШАН ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙДІ
Ғылым мен білім
Қазіргідей ғылым мен техника тұрақты
дамып, өркениеттің салқар көшіне ілескен
ғасырда əлем халқы техникалық жəне
кəсіптік білімнің орасан қажеттілігін алғашқы
орынға қоя бастады. Еліміздегі индустриялық
салалардың жоғарғы қарқынмен дамуы еңбек
нарығының құрылымына елеулі өзгерістер де
енгізді. Сондықтан аталған саладағы білікті
мамандарға деген сұраныс күн санап артып
келеді. Дегенмен, өндірістің əр түрлі салалары
да техникалық кəсіби білікті мамандар
тапшылығын сезінуде. Білім беру – біздің
елімізде мемлекет саясатының маңызды
бағыттарының бірі болғандықтан, Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев та өз Жолдауларында
техникалық білім саласын дамыту жөніндегі
стратегиялық бағыттарын тұрақты айтып,
тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар
беріп келеді.
Жастардың қоғамдық көзқарастарының
əрқилы болатыны сияқты, олар мамандық
таңдауда да əр түрлілікке барып жатады.
Алайда, қазір екі жастың бірі заңгер,
қаржыгер болғысы келеді. Гуманитарлық
мамандықтарда да білім алып жүрген жастар
жетерлік. Техниканың тілін, кəсіптің түрін
игеруге деген жастардың ынтасы кемшін.
Бұл жайды ілгеріде облыс əкімдігінде облыс
əкімі Кəрім Көкірекбаевтың қатысуымен
өткен аппараттық жиында Тараз техникалық
институтының ректоры Сағат Жүнісбеков
айтқан еді. Институт басшысы айтқандай, қазір
техникалық мамандықтарға деген сұраныс
төмен болып тұр. Бұл бір жағынан жастардың
ғылым тіліне деген қызығушылығының
төмендігінен. Біз бұл мəселе төңірегінде
ТарТИ ректоры Сағат Жүнісбековтің пікірін
білген едік. «Елдің алдында отандық
экономиканы қайта өркендетудің кең көлемді
міндеті тұр, бұл міндет тек кəсіби дəрежесі
жоғары мамандар арқылы жəне мемлекеттің
мақсатты түрде бағытталған қолдауы арқылы
ғана жүзеге аспақ. Соның ішінде техникалық
бағыттағы мамандар, тəжірибелі өндіріс
ұйымдастырушы, инженерлік білімі жетік
мамандар керек. Мұндай мамандардың
қатары қазіргі уақытта мемлекетімізде
сиреген. «Кеңестік дəуірдің технарлары»
өтпелі кезең кезіндегі өндірістердің
құлдырауына байланысты біліктіліктерін
жоғалтты немесе тарихи отандарына қайтып
кетті. Қалған мамандардың да пайдасы
шамалы, өйткені олар ескі технологиялар
мен тəжірибелерді ғана біледі. Соңғы
жылдары олардың біліктіліктерін қайта
көтеретін орындар да, материалдық не
моральдық
ынталандыру
іс-шараларын
жүргізетін орындар да жоқтың қасы болып
қалды» дейді институт басшысы.
Бүгінде «Тау-кен ісі», «Геология жəне
пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»,
«Электр энергетикасы», «Технологиялық
машиналар мен жабдықтар», «Құрылыс»,
«Экономика»
мамандықтары
бойынша
білім алып жүрген болашақ техникалық
кадрларды сирек кездестіреміз. Биылғы
Президент Жолдауында геологиялық барлау
жұмыстарын жүргізетін орталықтар құру,
жалпы геологияны дамыту, тау-кен ісін
жандандыру мəселелері ерекше аталып
өткен болатын, сондықтан осы бағыттағы
мамандықтарға
кəсіби
бағдарламалар
дайындау жұмыстарын жүргізу, келуші
талапкерлерге көмек көрсету мемлекет
жағынан қолдау табуы тиіс.
Кейінгі кезде нақты өндіріс орындарының
техникалық
мамандарды
дайындауға
қызығушылық танытып отырғанын жақсы
білеміз. Бұлар дағдарыстың ең бір қолайсыз
шағының өзінде техникалық мамандарға
тапсырыс беруші өндіріс орындары болып
саналды. Қазірде «Казфосфат» ЖШС,
«Казатомпром» ҰАК, «KEGOC» ҰАК секілді
ірі өндіріс орындарында да заман талабына
сай мамандар жұмыс жасауы тиіс. Күн сайын
дамып, елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан
техника ғылымына барлау жасап, бағытын
түсіну де оңай емес. Бұл мəселе төңірегінде
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік
филиалының директоры Мұқан Сəдуақасов
та өз пікірін білдірді. «Жастар жұмысқа жаңа
идеямен, жаңашыл талаппен келуі керек.
Себебі, жастар болашақтың азаматтары.
Қазіргі техника ғылымында өзгерістер көп» –
дейді Мұқан Əбдірауықұлы.
Бүгінде
«ҚазТрансГазАймақ»
АҚ
Жамбыл өндірістік филиалында 613,5
адам жұмыс жасайды. Оның 166-сын
отыз жасқа дейінгі мамандар құрап отыр.
Дегенмен, бұл көрсеткіш біздің жоғарыдағы
ойымызды жоққа шығарғандай болды.
Сонымен қатар, аталған мекемеде жұмыс
жасайтын кадрларды жергілікті жоғары оқу
орындары дайындамайды екен. Филиал
директоры мұны М.Х.Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік университеті оқытатын «Мұнай
жəне газ» мамандығымен шатастыруға
болмайтынын айтты.
Бала шəкірттің мамандық таңдауына,
келешекте білікті маман болып қалыптасуына
мектептің əсері мол. Сондықтан болашақ
мамандарды техникалық мамандықтарға
бағыттау мектептерден басталуы керек.
Əсіресе, математика, физика, химия,
сызу, информатика сияқты пəндердің
оқытылуына, балалардың осы пəндерге
деген қызығушылығына көңіл бөлу де бүгінгі
жаңашыл ұстаздардың алдында тұрған
үлкен міндет.
Тəуелсіздік жылдары елімізде жүздеген
мемлекеттік емес гуманитарлық жоғары
оқу орындарының пайда болғаны белгілі.
Аймақтардағы бірнеше профильді оқу
орындарының
біріктірілуі
техникалық
мамандарды дайындау деңгейін күрт
төмендетіп жіберді деген де пікірлер бар.
Мəселен, Тараз мемлекеттік университетінің
құрамына енгеннен кейін Технологиялық
жəне
Гидромелиоративтік – құрылыс
институттарында дайындалатын техникалық
бағыттағы мамандардың саны айтарлықтай
азайды. Қазіргі кезде Тараз қаласында əрекет
етіп жатқан басқа жоғары оқу орындарында
гуманитарлық мамандықтарды (заңгерлер,
педагогтар т.б.) дайындау басымдыққа ие
болып отыр.
Қалай дегенде де, кəсіптік-техникалық
білім – экономикамыздың өркендеу негізін
құрайтын өте қажетті сала. Сондықтан
мемлекет техниканың тілін, кəсіптің түрін
игерген жастарымен қуатты. Оның үстіне
бүгінгі таңда ғылымның тілі əлемдік алпауыт
мемлекеттердің
жұлдызын
жарқыратып
отыр. Ал, қазақ елінің алдында əлемдегі ең
дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру
жоспары тұр.
Достарыңызбен бөлісу: