Жазылу жалғасуда Гагарин бульвары, 24 Байл телефоны: 78-24-61 ж а р



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі17,11 Mb.
#7322
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ұсынылатын құны – 85 теңге

2009 ЖЫЛҒЫ 16 ЖЕЛТОҚСАННАН ШЫҒА БАСТАДЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ГАЗЕТІ

Жазылу жалғасуда

Гагарин бульвары, 24

Байл. телефоны: 78-24-61

Ж

А

Р

Н

А

М

А

Жаңалықтар

Қала тынысы

Әлеумет

Қоғам

Білім

Таразы

Заң мен заман

Мәдениет

Спорт

Салауат

  8 бет


Қала әкімі халық алдында есеп берді

  3 бет


  14-15 бет

 2 бет


Тоқсанды еңсерген  

сержант

 2 бет


Білім бөлімінің 

жаңа басшысы

Жерлесіміз жеңіспен  

оралды

№6 (269) 

5 ақпан, 2015 жыл

85 теңге

5 бет


Қазақ хандығына – 550 жыл

КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ

Жылдағы 


дәстүр 

бой-


ынша  әкімдер  өткен  жылда 

атқарылған  жұмыстар  мен  алда 

тұрған  міндеттер    турасын-

да  халық  алдына  шығып,  есеп 

беруді  жалғастыруда.  2  ақпан 

күні  басталған  есеп  беру  бары-

сында  қала  басшысы  Темірбек 

Қасымжанов  Үлбі,  Аблакет-

ка  және  қаланың  сол  жағалау 

бөлігіне  қарасты  аудандардың 

тұрғындарымен жүздесіп, олардың 

бірқатар сауалдарына жауап берді. 

 


2

Өскемен


№6 (269)

05.02.2015

ЖАҢАЛЫҚТАР

СЕРПІН


МАРАПАТ 

ТАҒАЙЫНДАУ

МАҢЫЗДЫ 

Елжан Қайырханов

 



ақпан күні Өскемен қаласы 



әкімінің орынбасары Бұлбұл 

Бакинова қалалық білім бөлімінің 

жаңа басшысын таныстырды. Ен-

дігіден бастап, қаланың білім сала-

сын Мәдениет Ахметова басқарады. 

Ресми таныстыру сәтіне 

қалалық орта білім беру және 

тәрбие беру мекемелерінің 

басшылары келді. Айта кететін 

жайт, жаңа басшы педагогикаға 

арнаған өмірінің көпшілік 

бөлігін мемлекеттік қызметте 

өткізіп, аймақтарда білім 

саласының дамуына өз үлесін 

қосқан. 

– Өскемен қаласы білім 

бөлімінің басшысы Мәдениет 

Ахметова 19 жыл педагоги-

ка саласында және 15 жыл-

дан астам уақыт мемлекеттік 

қызметте жұмыс жасап келеді. 

Алғашында Жарма ауданында 

ауылдық мектептердің бірін-

де ұстаздық қызметтен бастап, 

кейіннен бірқатар басшылық 

қызметтер атқарды. Сондықтан 

Мәдениет Медеуханқызы 

алдағы уақытта қаламызда 

білім саласының дамуына өз 

үлесін қосып, елеулі еңбек 

етеді деген сенімдемін, – деді 

қала басшысының орынбасары 

Бұлбұл Рамазанқызы. 

Естеріңізде болса, ұзақ жыл-

дар бойы білім бөлімін Алек-

сандр Кузнецов басқарып, 

бірқатар мәселені қадағалауына 

алып, жемісті қызмет еткен еді. 

Дегенмен жуырда Александр 

Кузнецов басшылық қызметтен 

өз еркімен бас тартып, 

қалалық мәслихат депутатына  

сайланған еді. 

Өскемен қаласы әкімінің 

орынбасары Бұлбұл Бакино-

ва өз сөзінде айтып өткендей, 

білім бөлімін басқарушы 

қызметіне байқау жарияланып, 

3 адам сынға түскен. 

– Мені әрдайым қолдап, демеу 

көрсеткен Өскемен қаласының 

әкімі Темірбек Жұмақұлұлына, 

Бұлбұл Рамазанқызына 

көптен-көп алғысымды біл-

діргім келеді. Мен өзімнің 

туған өлкеме келіп, сүйікті 

қызметіме орналасқаныма өте 

қуаныштымын. Бүгіннен бас-

тап, іске жедел көшіп, білім са-

ласын толықтай қолға алып, 

үміттеріңізді ақтауға тыры-

самын. Алғашқы нәтижемді 

көрсетіп, сараптама жасауға 

бар болғаны 2 апта уақыт 

берсеңіздер болды, – деді 

Өскемен қаласы білім бөлімінің 

басшысы Мәдениет Ахметова. 

Мәдениет Медеуханқызы 

1958 жылы 7 қазан күні Жар-

ма ауданында дүниеге келген. 

Орта білімді аяқтағаннан 

кейін, Абай атындағы Қазақ 

педагогикалық университетін-

де білім алған. 1977 жылы Ми-

хайловск атындағы орта мек-

тепте бастауыш сынып мұғалімі 

болып қызметтік жолын бастап, 

кейіннен жемісті еңбегі үшін 

аталған мектеп директорының 

тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі 

қызметіне тағайындалады. 1987 

– 1991 жылдар аралығында 

Жаңғызтөбеде партия хатшысы 

болып, 1991 – 1992 жылдары 

Первомайск мектебінде қызмет 

атқарады. 2005 – 2011 жылда-

ры бірінші Жарма ауданының 

кейін Көкпекті ауданында 

білім бөлімін басқарады. 2011 

– 2012 жылдары Көкпекті 

ауданы әкімінің орынбаса-

ры қызметін атқарса, 2012 – 

2013 жылдары облыстық білім 

басқармасын басқарады. 2013 

жылдан бастап Атырау облысы 

білім саласын бақылау депар-

таменті басшысының міндетін 

атқарушы қызметін атқарған. 

Білім бөлімінің жаңа басшысы

Жаңа демалыс 

алаңы пайда болмақ

О

ктябрь ауданының тұрғындарының сұрауы 



бойынша, биыл Гагарин желекжолында қала 

тұрғындары үшін демалатын алаң пайда болмақ. Бұл 

туралы қала әкімі Темірбек Қасымжановтың Октябрь 

ауданының тұрғындары үшін ұйымдастырылған 

есеп беру кездесуінде мәлімдеді .

Қала басшысының айтуы бойынша мұндай 

«жасыл алаңдар» ұйымдастыру жұмыстары 

қаламызда жүргізіліп келе жатыр. Енді алдағы 

уақытта демалыс алаңы Гагарин желекжолын-

да да пайда болады. Қазіргі күні ұйымдастыру 

жұмыстары атқарылуда. 

–Сіздердің бұл өтініштеріңіз өте орнды, се-

бебі барлық аудандарда отбасымен демалуға 

арналған «жасыл алаңдар» болуы қажет, - деді 

қала әкімі Темірбек Қасымжанов. –Қазіргі күні 

біз Гагарин желекжолында балаларға арналған 

алаңы бар демалыс зонасын құруды көздеп от-

ырмыз. 


Сондай-ақ, Металлург саябағы қалалық 

әкімдіктің қоластына өтті. Барлық құжаттар 

рәсімделген соң, саябақ жаңа жұмыс кестесі 

бойынша келушілерге қысы, жазы өз есігін 

айқара ашатын болады. 

Айдана Аумадиева 

Әсел Алтынбекқызы

Ж

ақында жерлесіміз  Анас-



тасия Слонова шаңғымен 

жүгіруден Словакияда өткен 

қысқы Универсиададан 4 бір-

дей медальмен оралды. Ел 

қоржынын майлап келген 

 

спортшы қызды жерлестері 



Өскемен әуежайында қарсы 

алып, ақ жарма тілектерін жет-

кізді.

Жарыстың алғашқы 



күндері 1-ші алтынға 

қол жеткізген ол 

ұлттық құраманы жал-

пы командалық есепте 2 

орынға шығарған. Жеке 

спринт пен 15 шақырымдық 

қашықтықтағы классикалық 

сайыста да 2 алтынды олжа-

лап,  5 шақырымдық эста-

фетада 2-ші орынға табан 

тіреген. 

Анастасия Слонова 

Шығыс Қазақстан облы-

сы, Риддер қаласының ту-

масы, ол өзінің спорттық 

мансабында алғаш рет 

Универсиадаға қатысып, 

бірден екі алтын медаль, 

сондай-ақ 2 күміс медаль 

 

иеленді, сөйтіп Қазақстан 



құрамасының қанжығасын 

майлады. Анастасия шаңғы 

тебу өнерін өздігінен 

үйренген спортшы. Оған 

облыстық дене шынықтыру 

және спорт басқармасы 

қолдау көрсеткен.

– Алғаш алтын медаль-

ды иеленгенде қуандым. 

Бірақ сезімге беріл-

мей, алдағы жарыстарға 

дайындығымды күшейттім. 

Демалыссыз, барлық сайыс- 

та үздік өнер көрсетуге 

тырыстым. Құрмет-

қошеметтеріңізге рахмет, 

қатты толқып тұрмын. Об-

лыс басшылығына мені 

қолдағаны үшін алғысымды 

білдіргім келеді. Енді 

16 ақпанда Швецияда 

өтетін әлемдік біріншілік-

те сенімдеріңізді ақтауға 

бар күшімді саламын, - 

дейді қысқы Универсиада 

ойындарының жеңімпазы 

Анастасия Слонова.

Жерлесіміз жеңіспен оралды

Айдана Ағламбекқызы 

ақпан күні қалалық әкімдікте 



шаһар басшысы Темірбек 

Қасымжанов пен қалалық мәслихат 

хатшысы Александр Абакумов 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20 жылдық мерейтойы аясында, 

Ассамблея мүшесі Шик Лео Бог-

дановичке «Өскемен қаласының 

құрметті азаматы» атағын салта-

натты түрде табыстады. 

Бейбітшілік пен келісімді 

ту еткен Лео Богдановичтің 

қала, облыс үшін зор еңбек 

сіңіргенін айтып өткен об-

лыс орталығының басшысы, 

әр ұлт пен ұлыс өкілдерінің 

бір аспан астында тату да 

тәтті ғұмыр кешулеріне ат 

салысқан жанға әкімшілік пен 

қала тұрғындарының аты-

нан алғысын білдіріп, зор 

денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. 

– Әрбір жүрегі Отан деп 

соққан азамат қаланың 

Құрметті азаматы бола ала-

ды. Қай елдің болмасын өсіп-

өнуі үшін ең алдымен бей-

бітшілік пен ынтымақ ор-

науы тиіс. Сонда ғана біз тіл 

мен ділге бөлінбей, келісімде 

өмір сүре аламыз. Маған осы-

лайша құрмет көрсетіп, ме-

рейтой қарсаңында төсбелгі 

таққандарыңыз үшін қала әкімі 

Темірбек Жұмақұлұлына көп 

рахмет, - деп алғысын білдірді 

Лео Шик. 

Сондай-ақ, еңбегі еленген Лео 

Богдановичтің қуанышымен 

бөлісуге қала әкімінің орын-

басары Бұлбұл Бакинова, 

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы 

Сайлаухан Аухадиев, Отец Ев-

гений және Қазақстан халқы 

Ассамблеясы хатшылығының 

меңгерушісі Еркінбек Аяз-

баев арнайы келіп, ізгі 

құттықтауларын жолдады.  

Шик Лео Богданович 1934 

жылдың  30 сәуірінде Вол-

гоград облысында дүниеге 

келген. Өмір қиындықтарын 

ерте жастан кешкен Лео 

Шик 6 жасында жетім қалып, 

соғыс жылдарының бар 

ауыртпашылығын көрген. Ба-

сына түскен жағдайларға 

мойын ұсынбай, төзімділік 

таныта білген жан Өскемен 

қаласында Достық үйінің 

ашылуына, Қазақстан халқы 

Ассамблеясының құрылуына 

тікелей қатысқан, еңбек 

сіңірген жандардың бірі. 

Лео Богдановичтің ат салы-

суымен Беларусь, Татарстан 

 

республикаларымен, Ресей Фе-



дерациясымен және шекара-

лас елдердің әкімшіліктерімен 

достық тығыз қарым-қатынас 

орнатылды. Көптеген елдердегі 

ұлттық-мәдени орталықтармен 

де байланыс орнатылды. 

Сонымен қатар, бұл азамат 

ынтымақтастық кәсіпкерлікке 

де үлкен көңіл аударады. Айта 

кетейік, Лео Шиктің араласуы-

мен кәсіпкер-немістер ассо- 

цияциясы құрылып, сондай-ақ, 

оның септесуімен Татар сауда 

үйі ашылды. 

Еңбегі еленген азамат


Өскемен

3

№6 (269)



05.02.2015

ҚАЛА ТЫНЫСЫ

ҚҰТТЫҚТАУ

СИМФОНИЯ


ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020

СЕРПІН


КЕЗДЕСУ

Бірінші байлық - 

денсаулық

Айдана Аумадиева 

3

0 қаңтар күні Өскемен қаласының Сол 



жағалауында орналасқан Комсомол  аралында  

аязды күндерге қарамастан денсаулық күні ата-

лып өтті. 

Қалалық білім беру бөлімі мен мектеп 

аралық дене шынықтыру орталығының 

ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі 

мақсаты жастарды салауатты өмір салтын 

ұстануға, дене шынықтырумен шұғылдануға, 

демалыс күндері бос уақыттарын тиімді 

өткізуге шақыру, баулу. 

– Жалпы, денсаулық күні аптасына 2 рет 

ұйымдастырылады, яғни жұма және сен-

бі күндері. Бұл күндері қала мектептерінің 

оқушылары келіп, коньки, шаңғы тебуді 

үйреніп қайтады. Бұл шара ақпан айының 

аяғына дейін жалғасатын болады, - деді мек-

теп аралық дене шынықтыру орталығының 

директоры Бақытжан Қанапиянов. 

Қоршаған орта тазалығы 

– ұлт келешегі

Әсел Алтынбекқызы

О

блыстық Достық үйінде «Кругозор» жас-



тар мәдениет және туризм орталығының 

ұйымдастыруымен  «Экология – Мемлекет 

– Бизнес – ҮЕҰ - БАҚ» серіктестік жобасы 

қатысушыларының кездесуі болып өтті.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 

экологиялық кездесуге мемлекеттік орган-

дар өкілдері, білім беру мекемелері, БАҚ 

және колледждер мен университет студент-

тері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында 1997 жыл-

дан бастап «5 маусым – Дүниежүзілік 

қоршаған ортаны қорғау күніне» байланыс-

ты мемлекеттік органдарының қолдауымен 

мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп жасына 

дейінгі және мектеп оқушылары, студенттер 

және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары 

үшін экологиялық бағыттағы іс-шаралар 

жүргізіліп келеді.

– Облыстың барлық өңірлерінде 

экологиялық акцияларға қатысушылармен 

отырғызылған мыңдаған ағаштар, оқушылар 

мен студенттер өзендердің жағалауын, 

бұлақтар мен қоғамдық аумақтарды жыл 

сайын тазартуы аталған экологиялық 

бағдарламаның іс жүзіндегі нәтижесі, – дейді 

шара ұйымдастырушысы Татьяна Нетунаева. 

Аталмыш «Экология – Мемлекет – Биз-

нес – ҮЕҰ – БАҚ» әріптестік жобасы облыс 

тұрғындарының экологиялық мәдениетін, 

білім деңгейін және экологиялық ойлауын 

дамыту арқылы қоғамдағы әлеуметтік шие-

ленісуді төмендету мақсатында жүзеге асы-

рылуда.

Елжан Қайырханов



 

К

еше қалалық мәслихаттың 



хатшысы Александр Аба-

кумов және Өскемен қаласы 

Қорғаныс істері жөніндегі 

басқарма қызметкерлері қала 

тұрғыны, Ұлы Отан соғысының 

ардагері Анна Ильиныхты 91 

жасқа толған туған күнімен 

 

құттықтап қайтты. 



Өмірлік серігі, соғыс арда-

гері 96 жастағы Яков Ильи-

ныхпен майдан алаңында та-

нысып, соғыс жылдарынан 

кейін отау құрған туған күн 

иесі екі баланы тәрбиелеп 

өсірген ана. 

– Анна Ильиных кездейсоқ 

шайқасқа аттанып кетіп, Жа-

пониямен шайқаста ерлер-

мен бірге ерлік көрсеткен 

соғыс ардагерлерінің бірі. 

Дегенмен, соғыс жылда-

рында жеткен жетістігі-

не қарамастан, Өскемен 

қаласына келіп, қоғамдық 

жұмыстарды атқарып, та-

лабы мол балаларды 

тәрбиелеп өсірді. Өмірлік 

серігімен ғасырға жуық өмір 

кешіп келе жатқан Анна Иль-

иных Жеңістің 70 жылдығын 

ғана емес, 80 жылдығына 

куә болып, жастарға үлгі 

беріп жүре берсін, – деген 

тілегін жеткізді Александр 

Абакумов. 

Тілектерін білдірген 

мәслихат ұжымы және 

әскери қызметкерлер гүл 

шоғымен естелік сыйлық та-

быстап, ардагерлерге жақын 

арада дәрігерлер жіберіп, 

денсаулық жағдайларын да 

қадағалауға алатынын жет-

кізді. 


Анна Ильиных 1924 жылы 

3 ақпан күні Омбы облысы 

Вагайск ауданының Зятьне-

ва ауылында дүниеге келген. 

Жергілікті жерден 7 жылдық 

мектепті аяқтап, 1943 жылы 

кездейсоқ Кеңес әскерінің 

құрамына қабылданады. 

Бірден алыс Шығыс 

аймағына аттанып, әйелдер 

батальонында байланыс 

қызметін атқарды. 1945 

жылы соғыс аяқталған сәтте 

батальон командирі, майор 

Яков Ильинихке тұрмысқа 

шығады.  Өскемен қаласына 

отбасымен келген Анна 

«Политпросвещения» ме-

кемесінде жұмыс істеп, осы 

жерден зейнетке шыққан. 

Ал жолдасы подполков-

ник шеніне жетіп, зейнет-

ке шыққанымен, бірер 

уақыт партия қатарындағы 

жұмысын тастамаған.

Соғыс алаңында көрсеткен 

ерліктері үшін Анна Иванов-

на бірқатар медаль және ор-

дендермен марапатталған.

Тоқсанды еңсерген сержант 

Айдана Аумадиева

«Жұмыспен қамтудың жол кар-

тасы – 2020» республикалық 

бағдарламасы аясында 

«Промтехмонтаж» ЖШС-

де алдымен іс-тәжірибеден 

өтіп, уақыт өте сол жерде 

жұмысқа қабылданған Вла-

дислав Торопыниннің жұмысқа 

орналасқанына екі ай ғана бол-

ды. Кәсіпорын басшыларының 

айтуы бойынша осынау аз 

уақыт ішінде өзін барынша 

жақсы жағынан көрсете білген   

азамат, түбінде жақсы маман 

болары анық.  

– Өткен жылы мек-

тепті тәмамдағаныммен, 

отбасылық жағдайларға 

байланысты жоғары оқу 

орнына түсе алмадым. 

Содан соң «Жұмыспен 

қамтудың жол картасы – 

2020» бағдарламасы туралы 

естіп, өз мүмкіндігімді пай-

далануым керек екендігін 

түсіндім. Бірден жұмыспен 

қамту орталығына барып 

едім, ондағылар кран ма-

шинисі курсын ұсынды. Үш 

ай оқып шыққан соң, осы-

нау кәсіпорынға жұмысқа 

қабылдандым, - деп бөлісті 

Владислав. –Бұл жерде-

гі ұжым өте жақсы, әрі 

ұйымшыл. Дегенмен мен 

мұнымен тоқтағым келмей-

ді, әрі қарай оқып дамығым 

келеді. 

Владиславтың ай-

туы бойынша аталмыш 

бағдарлама оған өмірде 

өз жолын табуға септігін 

тигізді. Ол жоғары оқу орын-

дарына түсе алмай қалған 

өзі құралпас жастарға мем-

лекет беріп отырған осын-

дай мүмкіндікті жіберіп 

алмай, кәсіп иесі атанып, 

жұмысқа орналасуларына 

кеңес береді.

Металл құрылғыларын 

дайындау және жөндеумен 

айналысатын кәсіпорында 

400-ден астам жұмысшы 

жұмыспен қамтылған. 

Бұл жердегі жұмыс ауыр 

болғандықтан, мұнда тек ер 

адамдар ғана еңбек етуде. 

–Бұл бағдарлама көптеген 

жастар үшін білім алып, 

жұмысқа орналасудың 

жақсы мүмкіндігі, - деді 

директордың орынбасары 

Фарид Мұхаметжанов. 

Сондай-ақ, жақында 

кәсіпорын басшысы Абыл-

дабек Сақалбаев қала 

әкімімен жұмыскерлерді 

жұмыспен қамту мәселелері 

бойынша екіжақты келісім 

меморандумына отырған 

болатын. 

–Біз Өскемен қаласының 

әкімімен меморандумға 

отырдық. Келісімшарт ая-

сында жұмыс орындарын 

азайтпауға, жалақыларды 

және мемлекеттік 

салықтарды уақытылы 

төлеуге уәде бердік. Және 

сол уәдемізде тұрамыз, - 

деді Абылдабек Сақалбаев. 

Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма…

Елжан Қайырханов

 

2



9 қаңтар күні Өскемен қаласы 

Металлургтер мәдениет са-

райында Шығыс Қазақстан об-

лысы әкімінің симфониялық ор-

кестрі ағымдағы жылы тұңғыш 

рет концерт өткізіп, көпшілік 

халықтың құлақ құрышын 

қандырды. 

2015 жылы бірінші рет 

беріп отырған концерт-

терін симфониялық оркестр 

«Қазақ хандығының 550» 

жылдығына арнап отыр. 

Классикалық және ұлттық 

музыканы орындаған оркес-

трді тізгіндеуге Солтүстік 

Қазақстан облыстық 

симфониялық оркестрінің 

дирижері Сергей Ишамбаев 

келген. 


Қазақ халқының дәстүрлі 

әндері мен күйлері ұзақ 

уақыт әлемнің бірқатар ел-

дерінде тыңдалып келеді. 

Әсіресе, әншілердің әсем 

әндеріне деген сұраныс 

аз емес. Осы орайда, 

біздің еліміз тек дәстүрлі 

әндер ғана емес, талантты 

әншілерге де бай дегім ке-

леді. Олардың әуенге деген 

құмарлығы – біздің ата-

бабамыз қалдырып кет-

кен және ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғасып келе жатқан тала-

бы десек артық айтпаспын, 

– деді кеш қонағы Сергей 

Ишамбаев. 

Сонымен қатар, 

өскемендік өнер сүйер 

қауымға Қазақстан 

Республикасының Еңбек 

сіңірген әртістері Вя-

часлав Ткач, Қазақстан 

Республикасының мәдениет 

қайраткері Алмира 

Нұрғожина, халықаралық 

байқаудың жеңімпаздары 

Ольга Орлова және Ай-

жан Мазкенова өздерінің 

өнерлерін аянып қалмады. 

Кеш барысында отандық 

дәстүрлі-классикалық 

шығармалармен қатар, 

әлемдік классиктердің де 

туындылары орындалып, 

көпшілікті тамсандыр-

ды. Ал концерттен тама-

ша әсер алған халық әрбір 

орындаушыға қошемет 

көрсетуден жалықпады. 

Тарихты әуенмен тербетті



4

Өскемен


№6 (269)

05.02.2015

ӘЛЕУМЕТ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ



Елжан Қайырханов

 



ақпан күні Өскемен қаласының 

әкімі Темірбек Қасымжанов 

бұрынғы Үлбі, яғни қазіргі Аэ-

ропорт, Защита аудандары, Про-

хладная және Мирный кентінің 

тұрғындарымен кездесіп, есеп бер-

ді. Аталмыш жиын барысында на-

зардан тыс қалған мәселелер мен 

шешімін таппаған сұрақтар жауап-

сыз қалмады.

Атап өту қажет, Өскемен 

қаласы әкімінің 2014 жыл-

ды қорытындылау есебіне 

Қазақстан Республикасы Пре-

зиденті әкімшілігінің мемле-

кеттік инспекторы Сәлімгерей  

Бекбергенов қатысты. 

Қала басшысының есе-

бін тыңдауға келген 

өскемендіктер бірқатар 

көкейкесті сұрақтарының жа-

уабын жиын басталмай тұрып 

алуға мүмкіндік алды. Атап ай-

тар болсақ, қалалық әкімдіктің 

бірқатар бөлім басшылары 

және басқарма басшылары-

мен кездесу ұйымдастырылды. 

Кейін анық болғандай, бөлім 

басшыларымен кездесу бары-

сында жалпы саны 11 сұрақ 

қарастырылып, оның 9-ы сол 

жерде шешілсе, қалған 2 сауал 

қадағалауға алынған. 

Металлургтер мәдениет 

сарайында өтіп отырған 

кездесуге келген жұрттан 

зал лық толды. Кейін қала 

әкімі Темірбек Қасымжанов 

Өскемен қаласында 2014 

жылы атқарылған жұмыстар, 

шаһардың экономикалық-

әлеуметтік жетістігі жайлы 

баяндамасын оқып, жылды 

қорытындылады. 

– Атқарушы билік 

органдары Елбасының 

«Қазақстан-2050» 

стратегиясы және 

«Нұрлы жол – 

болашаққа ба-

стар жол» атты жаңа 

экономикалық саяса-

тын іске асыру бойын-

ша тиісті шаралар 

қабылдады. Жалпы 

отандық экономиканың 

маңызды жеті 

тармағында 

көрсетілген тапсыр-

маларды жүзеге асыру 

үшін қалалық әкімдікте 

іс-шаралар жоспар-

лы қабылданып, тиісті 

жұмыстар жүргізілуде. 

2014 жылы әлем 

бойынша орын 

алған экономикалық 

қиындыққа 

қарамастан, Өскемен қаласында 

бірқатар экономикалық және 

әлеуметтік-экономикалық 

жұмыстар қарқынды жүргізіліп, 

өз жемісін беруде. Өткен 

жылы 9,5%-дық өсім бойын-

ша 686 млрд. теңгеге өндірістік 

өнімдер шығарылды. Соны-

мен қатар, қалаға кәсіп орын-

дары бүгінгі күнге дейін негіз-

гі қордың дамуына қаржы са-

лып, теңгеге инвестициялық 

және бюджеттік қордың көлемі  

90 млрд. құрап отыр. Ал жер-

гілікті бюджеттің қорына 

өткен жылмен салыстырғанда 

8% өсіммен 40 млрд. теңге 

қаражат түсті. Қаламызда 

жүргізілген инвестициялық 

жобалардың іске асуынан, 

мемлекеттік бюджетке түскен 

қаражаттың көлемі 2013 жыл-

мен салыстырғанда 12 пайызға 

өсіп, жалпы сомасы 158 млрд. 

теңгені құрады, – деді Өскемен 

қаласының әкімі Темірбек 

Қасымжанов. 

Өскемен қаласында 

үдемелі индустриалды 

даму бағдарламасы бойын-

ша да қарқынды жұмыстар 

жүргізіген. Оған, қала басшысы 

атап өткен көрсеткіштер дәлел 

бола алады. Мысалы, аталған 

бағдарлама аясында құны 243 

млрд. теңге құраған 16 жоба 

іске асырылған. Соның ішінде 9 

жоба өзінің күшіне енсе, 5 жоба 

бүгінгі күнге дейін іске асуда. 

Дегенмен, аталған жұмыс со-

нымен қатар, 3 700 жұмыс ор-

нымен қамтамасыз ете алады. 

Басты назардағы бағалар

Өскемен қаласының әкімі 

Темірбек Қасымжанов өзінің 

баяндамасында әлеуметтік 

қажетті тауарларға де-

ген бағаларды қажетті 

деңгейде ұстауға бағытталған 

жұмыстарды да атап өтті. 

– Әр күн сайын қалада 

орналасқан әрбір ірі сауда оын-

дарында бағалар қадағаланып, 

әлеуметтік бөлімдерде монито-

ринг жүргізіліп отырады. Кейін-

нен, мониторинг қорытындысы 

бойынша бағалардың өсу 

себебі анықталып, жедел 

түрде қажетті іс-шаралар 

қолданылады. Бағалар өсімі 10 

пайыздан аспау мақсатында 21 

дүкенде әлеуметтік бөлімдер 

жұмысы ұйымдастырылды. Де-

генмен, әлеуметтік бөлімдерді 

ашу жұмысы кәсіпкерлердің 

өз қаражаты арқылы жүзеге 

асырылуда. Өскемен қаласы 

әкімдігінің сайтында атал-

мыш желілердің картасы 

көрсетілген. Сондай-ақ, жеке 

кәсіпкерлермен 359 мемо-

рандум қабылданып, бағалар 

қадағалануға алынды. 2014 

жылдың қараша айынан бастап, 

көкөніс өнімдерінің облыстық 

тұрақтандыру қоры өзінің 

жұмысын бастап, осы бағытта 

5,7 мың тонна өнім сатып алын-

ды, – деді қала басшысы Темір-

бек Қасымжанов. 

Тұрғындар сауалы,  

әкім жауабы

Қала басшысының баянда-

масын тыңдап, сауалдарын 

жолдаған тұрғындар тіпті өз 

сұрақтарын қоя отырып, бір-

ден мәселенің шешілу жолын 

да айтып отырды. Солардың 

бірі алғашқы болып сауа-

лын жолдаған «Поколение» 

қоғамдық ұйымының төрайымы 

Марина Соловьеваның сауалы. 

– Өскемен қаласында 

ауқымды шаралар жүргізіліп, 

бірқатар мәселелер шешімін 

тауып жатқандығына әрдайым 

куә болып отырмыз. Қала 

басшылығының атқарған істері 

анық көрінуде. Соның ішінде 

бағаларды тұрақты қадағалауда 

ұстап отырғандығыңыз 

көптеген тұрғындарға қуаныш 

сыйлауда. Дегенмен, Үлбі ау-

данында тағы тұрақтандыру 

қорының нүктесін ашсаңыз де-

гіміз келеді. Себебі ауданы-

мызда тұратын зейнеткерлер 

үшін жақын маңда орналасқан 

дүңгіршектердің өзі жақын 

жерде емес. Сондай-ақ, «Фреш 

Маркет» гастрономында бо-

лып отыратын жәрмеңке де өз 

пайдасын беруде. Бірақ, өткен 

жылғыдан аудандардың ауыл-

шаруашылық жәрмеңкесі «Дос-

Нар» дүкенінің маңында да бол-

са дейміз. Себебі зейнеткерлер 

үшін қоғамдық көлікпен барып, 

азық-түлік алудың өзі оңай іс 

емес, – деді Марина Соловьева. 

Зейнеткердің сауалын 

толықтай тыңдап өткен қала 

басшысы өз жауабын берді. 

Темірбек Қасымжановтың ай-

туы бойынша, алдағы уақытта 

тұрақтандыру қорының нүктесі 

Үлбі ауданында да ашылады. 

Дегенмен, ауылшаруашылық 

жәрмеңкені Өскемен қаласы 

емес, аудандар жүргізіп 

отыратындықтан, екі жер-

де жәрмеңке өткізу аудан 

басшыларының еншісінде екен-

дігін де түсіндіріп өтті.

Ізғұтты Айтықов 

көшесі қашан 

жөнделеді?

Қалалық №6 жер-

гілікті өзін-өзі басқару 

комиеті ақсақалдар 

алқасының төрағасы 

Сәлім Балтабек Ұлы 

Отан соғысының ба-

тыры Ізғұтты Айтықов 

атындағы көшені 

жөндеуден өткізуді 

сұрады. Айтуын-

ша, аталмыш көшеде 

жол жағдайы нашар 

болғандықтан, жүру 

мүмкін емес. 

– Ұлы Жеңістің 70 

жылдығы қарсаңында, 

Өскемен қаласында 

бірқатар жұмыстар 

жүргізілетін бола-

ды. Соның ішінде 

осы Ізғұтты Айтықов атындағы 

көшені жөндеуден өткізу де 

жоспарда бар, – деді қала бас-

шысы Темірбек Қасымжанов. 

Офицерлер қашан үй алады?

Қала басшысының есебі-

не сонымен қатар әскерилер 

де келген. Соның ішін-

де «Шығыс» өңірлік әскери 

қолбасшылығының офицері 

Сергей Сервенконың сауалы 

тұрғын үймен қамтамасыз ету-

ге қатысты болды. 

– Егер қажетті заңнамаға 

қарайтын болсақ, әскериді 

баспанамен қамтамасыз ету-

де әскери қолбасшылықпен 

қатар, жергілікті атқарушы ор-

ганда үлес қосуы қажет. Бірақ, 

жылына офиерлерге арналып 

шамамен 10 пәтер беріледі. 

Ал бір әскери бөлімнің өзінде 

жүздеген офицерлер қызмет 

етеді. Мен өз басым 12 жыл 

қызмет атқардым және зей-

неткерлікке шығуға дейін 

13 жыл уақыт қалды. Міне, 

егер арифметикаға сүйенетін 

болсақ, мен тек зейнеткер-

лікке шыққаннан кейін ғана 

баспанаға ие бола аламын. 

Сонда неліктен мен өзіме 

берілетін баспананы ұзақ уақыт 

тосуым қажет, – деді офицер 

Сергей Сервенко. 

Дегенмен, Өскемен 

қаласының әкімі Темірбек 

Қасымжановтың берген жа-

уабы әскери қызметкердің 

көңіліне қуаныш ұялата алма-

ды. Себебі барлығы қажетті 

жүйе бойынша іске асуда. 

Өскемен қаласында баспана-

мен қамтамасыз ету жұмысы 

тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ 

банкі» Акционерлік қоғамы 

арқылы жүргізілуде. Жал-

пы пәтерлердің 90-ы аталған 

банк арқылы жүзеге асады. 

Бірақ, әскери бөлімдермен, 

соның ішінде «Шығыс» өңірлік 

әскери қолбасшылығымен бір-

лесе жұмыстар жасаймыз. Мы-

салы, жылына біз оларға 2-3 

пәтерден табыстап отырамыз, – 

деді Өскемен қаласының әкімі 

Темірбек Қасымжанов. 

Қала әкімінің  кездесуі ба-

рысында тек ауызша сұрақтар 

қойылып қана қоймай, жазба-

ша сауалдарда қабылданды. 

Соның ішінде өзекті мәселеден 

бөлек, «ұсақ-түйек» сауал-

дарды да жолдаушылар бол-

ды. Мысалы, тұрғындардың 

бірі өзінің жазбаша сауалын-

да қала аялдамасының бірін-

де орындық бар, бірақ оның 

отыруға ыңғайсыз екендігін 

айтып шағымданған. Сондай-

ақ, қала басшысы алғашқы 

болып Үлбі ауданының 

тұрғындарымен кездесіп 

жатқанымен, келесі күні өтер 

есеп беруді «шыдамсыздана 

күткен» Аблакет ауданының 

тұрғындары да келіп, сауалда-

рын жолдады. 

Кездесу барысында эколо-

гия мәселесі де сөз болды. Қала 

тұрғынының айтуы бойынша, 

Өскемен қаласында ауада газ 

мөлшері көп болғандықтан, 

демалу мүмкін емес. Алайда, 

қала басшысы аталған мәселе 

Өскеменнің ең түйткіл мәселесі 

болып қалатындығын жеткізді. 

Кездесу соңында 

өскемендіктер қала басшысына 

атқарылған мәселелері бойын-

ша алғыстарын айтып, тілек-

терін білдірді. 

Басшыға бағытталған сан сауал



Өскемен

5

№6 (269)



05.02.2015

ҚОҒАМ


ӨЗЕКТІ

Айдана Аумадиева 

А

қпан айының 2-сі мен 6-шы 



жұлдызы аралығында шаһар 

басшысы Темірбек Қасымжанов 

қала және аудан тұрғындарының 

алдында «2014 жылы жергілік-

ті атқару органдарының жұмыс 

 

қорытындысы және 2015 жылға 



арналған міндеттер» тақырыбында 

есеп беру кездесулерін өткізуде.

3 ақпан күні қаламыздағы 

Оқушылар шығармашылық са-

райында Кәсіпкерлік және ШҚО 

индустриалды-инновациялық 

даму басқармасының басшы-

сы Шәкәрім Боқтұғұтов, қала 

әкімінің орынбасары Бұлбұл 

Бакинова, маслихат хатшы-

сы Александр Абакумов, бөлім 

басшылары, мектеп ұжымдары, 

қоғам кеңесі және облыс, қала 

депутаттарының қатысуымен 

өткен кезекті есеп беру кезде-

суінде қала әкімі Шмелев Лог, 

бұрынғы Октябрьский және 

Аблакетка аудандарының 

тұрғындарының алдында баян-

дамасын оқып, толғандырған 

сауалдарына жауап берді. 

Алқалы жиында Темірбек 

Жұмақұлұлы қаламыздың 

әлеуметтік-экономикалық 

жағдайына тоқталып, Ер-

тіс жағасындағы шаһардың 

жалпы даму қарқыны жа-

ман емес екендігін жеткізді. 

2014 жылы әлемде орын 

алған күрделі экономикалық 

 

жағдай мен ақпан айындағы 



теңге курсының түзетілуіне 

қарамастан, Өскемен 

қаласындағы әлеуметтік – 

экономикалық көрсеткіштердің 

тұрақтылығы қамтамасыз етіл-

ді. Атқарушы органдардың 

жұмыстары Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы – 2050: Бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты Қазақстан халқына Жол-

дауы мен 2014 жылдың 11 

қарашасындағы «Нұрлы жол – 

болашаққа бастар жол» атты 

Жолдауында көрсетілген мін-

деттер мен тапсырмаларды 

орындауға бағытталды. 

Қала бойынша өнеркәсіптік 

өндіріс көрсеткіші 9,5 пайызға, 

ауылшаруашылық жалпы 

өнім көрсеткіші – 20 пайызға, 

бөлшек сауда тауар айналы-

мы – 17 пайызға, құрылыс 

жұмыстары – 2 пайызға және 

тұрғын-үйлерді пайдалануға 

беру – 4 пайызға өсті.

Аталмыш көрсеткіштердің 

өсіміне үдемелі 

индустриалдық-инновациялық 

даму бағдарламасы, 

«Жұмыспен қамту-2020», 

«Бизнестің жол картасы – 

2020», «Қолжетімді баспа-

на – 2020», «Терможаңғырту 

– 2020» және «Ақбұлақ» сын-

ды мемлекеттік бағдарламалар 

мол мүмкіндік берді. 

Темірбек Жұмақұлұлының 

айтуынша былтырғы жылы 

өнеркәсіптік өнім шығарылымы 

686 млрд. теңгені құрап, 9,5% 

өсім көрсетті, соның ішінде 

өңдеу өнеркәсібінің өнімі 638 

млрд. теңгені құрап, 9% өсім 

көрсетті.   

Қала кәсіпорындары 

өндірістің дамуы мен негіз-

гі қорлардың жандануына 

қаражат бөлу жұмыстарын 

қарқынды жалғастыруда. 

Нәтижесінде инвестиция көлемі 

бюджеттік жобалармен қоса 90 

млрд. теңгеге өсті.    

2013 жылмен салыстырғанда, 

өнеркәсіптің өсуі мен 

инвестициялық жобалардың 

өсімі негізінде, мемлекеттік 

бюджет қор салығының түсімі 

12 пайызға өсіп, 158 млрд. 

теңгені құрады. Ал жергілік-

ті бюджетке 40 млрд. теңге 

көлемінде қаржы құйылып, 

8 пайыздық өсім көрсеткішін 

көрсетті.

Үдемелі индустриалдық-

инновациялық даму 

бағдарламасы негізінде қала 

бойынша қазіргі таңда жал-

пы сомасы 243 млрд. теңгені 

құрайтын 16 инвестициялық 

жоба жүзеге асырылуда. Оның 

ішінде 9-ы жобалық қуатқа 

шықса, 5 жоба жүзеге асыры-

лу үстінде.   Аталмыш жобалар 

оң әсерін тигізіп  3,7 мың жаңа 

жұмыс орындарының ашылуы-

на негіз болды. 

Мемлекет басшысы өзінің 

жыл сайынғы Жолдауларын-

да шағын және орта бизнестің 

ел экономикасындағы 

маңыздылығын ерекше атап 

өтеді. Елбасының «Нұрлы жол» 

атты жаңа экономикалық са-

ясатында да шағын және орта 

бизнестің дамуы жолындағы 

жұмыстардың жандануын және 

2050 жылға қарай ішкі жалпы 

өнімдегі оның үлесін 50 пайызға 

арттыру туралы айтылды.

Айта кетерлігі, об-

лыс орталығында қала 

тұрғындарының іскерлік бел-

сенділігін арттыруға барлық 

жағдай жасалған. 2014 жылы 

шағын және орта бизнестің 

белсенді субъектілерінің саны 

3,5 пайызға өсіп, 4,5 мыңды 

құрады. Олардан жергілікті 

бюджетке 58 млрд. теңге түсім 

түсіп, қала бойынша салық 

түсімі көлемінің 37 пайызын 

көрсетті.    

Өткен жылдың сәуір айы-

нан бастап «Даму Өндіріс-2» 

бағдарламасы жүзеге асуда. 

Аталмыш бағдарлама аясында 

1,8 млрд. теңгені құрайтын 22 

жоба қаржыландырылды. 2014 

жылдың қараша айынан бастап 

аталмыш бағдарламаның екін-

ші реттік қаржыландыруы да 

жанданды. 

2015 жылы жоғарыда аталған 

бағдарлама аясында «Өскемен 

конденсаторлық зауыты» АҚ 

және «Сапа» Медорталық» 

ЖШС-ы ұсынып отырған 2 

жобасын қаржыландыру, 

сондай-ақ, «Өркен-КШТ» биз-

несті дамыту аумағында 3 

кәсіпорынның жобасын, Ар-

матура зауыты бизнесті дамы-

ту аумағында 5 кәсіпорын жо-

басын жүзеге асыру және де 

жүзеге асқан жобалар аясында 

1200 жаңа жұмыс орнын ашу 

жоспарлануда.

Қала басшысы өз баян-

дамасын тәмамдаған соң, 

кездесуге келген аталмыш 

аудан тұрғындары өздерін 

толғандырған сауалдарын 

қойып, әкімнің жауабын тікелей 

тыңдауға мүмкіндік алды. 

Жыл сайынғы дәстүрлі түрде 

өткізіліп тұратын есеп беру 

жиынында басшылыққа жол 

жөндеу, жылу, лифт және сумен 

қамту мәселелері қозғалады. 

Сондай толғандырған 

сұрақтардың 50 пайызына 

кеңес беру орталығы жау-

ап беріп, қалған 50 пайызын 

 

тіркеуге алды. 



Темірбек Жұмақұлұлының 

жұмысына жалпы жақсы деп 

баға берген Қоғам кеңесінің 

төрағасы Серік Оразбайұлы да 

қаладағы бірқатар мәселелер 

бойынша сұрақтар қойды. 

–Қаламыздағы трамвайлар 

қашан жаңартылады? Трам-

вай саябағының болашағы 

қандай? Өскемен вокзалы те-

міржол және автобус бекеті бо-

лып саналады, ал ішіне кірсең 

сонау 90 жылдарға еніп кет-

кендей боласың. Осы мәселені 

қолға алып, жеке қолда бол-

са, әкімдіктің қоластына 

алсаңыздар және ЖМК ауданы-

на автобекет салса, - деген тілек 

білдірді Серік Оразбайұлы. 

Сондай-ақ, қала тұрғыны Бу-

рова көшесінің қазіргі ахуалы 

алаңдатушылық тудыратынын 

айтып, көшеге қашан жарық 

шамдар және орындықтар ор-

натылатынын сұраса,  Южно-

Ауыльская көшесінің тұрғыны 

Ғалия Сыздықбаева 2000 жыл-

дардан бері шешімін таппай 

келе жатқан су мәселесі қашан 

қолға алынатынын және бүгінгі 

таңға дейін әкімдікке қаншама 

хат жолданғанын айтты. Тағы 

бір тұрғын қаладағы лифттердің 

ауыстырылмағанына 40 жыл-

дан асқанын айтып, олардың 

қазіргі жағдайлары сын 

көтермейтіндігін де жеткізді. 

Барлық сауалдарды мұқият 

тыңдаған облыс орталығының 

басшысы шешілмейтін мәселе 

жоқ екендігін айтып, халық үшін 

мемлекет тарапынан жағдайлар 

жасалып жатқандығын жет-

кізді. 


–Бірінші сұраққа тоқталатын 

болсақ, трамвай саябағы 

жеке меншік иесінің қолында. 

Қазіргі күні біз ол саябақты 

өз қоластымызға ала алмай-

мыз, себебі олардың қаржылық 

қарыздары бар, соны өтеген соң, 

алдағы уақытта бұл мәселеге 

қайта оралатын боламыз. Ал, 

Өскемен вокзалының жағдайы 

расымен де көз қуантпайды. 

Бұл ғимарат та «Қазақстан Те-

мір жолы» ЖШС қарамағында, 

сол себепті біздің тараптан тек 

ұсыныстар жасаумен ғана шек-

телеміз. ЖМК ауданында жаңа 

Автобекет сала алмаймыз, бұл 

мүмкін емес. Жеке кәсіпкер 

салам деген ұсыныс жасаса 

қарсы емеспін, жер бөліп беру-

ге де даярмын, - деді Темірбек 

Жұмақұлұлы. 

Сондай-ақ, қала басшысы 

Южно-Ауыльская көшесінің 

жағдайы мәлім екендігін 

 

айтты. – Бұл мәселе де бюд-



жетке келіп тірелгендіктен, 

шешімін таппай келеді. Де-

генмен алдағы уақытта осы 

мәселені де шешеміз деген ой-

дамын. Лифт мселесіне келетін 

болсақ, қала бойынша 560 

лифт бар, оның 70-і жөндеуден 

өтті. Бүкіл лифттерді жөндеуге 

қала бюджетінің шама-

сы жоқ, сол себепті сіздерге 

терможаңғырту бағдарламасы 

арқылы жөндеу жұмыстарын 

жүргізуді ұсынамын, - деді қала 

әкімі.


Бұдан басқа тағы да бірқатар 

сауалдарға жауап берген 

шаһар басшысы өткен жылдың 

қорытындысы көрсеткендей 

әлеуметтік-экономикалық 

даму динамикасы оң тұрғыда 

сипатталғанын және бұл 

барлық өскемендіктердің ортақ 

еңбегінің жемісі екендігін айтып 

отырысты қорытындылады. 

Халық сауалы - басшы назарында


6

Өскемен


№6 (269)

05.02.2015

ҚОҒАМ

Ленинград қоршауының 



азат етілгеніне – 71 жыл

Назерке Баяндарқызы

Т

оғыз жүз күн қоршауда болған Ленинградтың азат етілгеніне71 



жыл толуына орай №7 орта мектепте «Болашақ сарбаз» атты 

қалалық әскери-спорттық жарыс өтті. 

Аталмыш сайысқа ҰОС ардагері, Мәскеу және Ленинград 

шайқастарына қатысушы Павел Ященко, қалалық қорғаныс 

істері жөніндегі әскери дайындық басқармасының басшы-

сы Ержан Әділбаев,сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаты, 

ауған әскерлері ұйымы басшысының орынбасары Олег Фро-

лов арнайы келіп, жас ұрпақтың ұсынған жарысын тамаша-

лады. 

Қала мектептері арасында ұйымдастырылған сайыс бары-



сында оқушылар әдеби композициялық қойылым қойды, Ле-

нинград қоршауының азат етілуіне арнап шығарған қабырға 

газетін қорғады және әскери жарысқа қатысты.  

– Бүгінгі ұрпақ соғысты көрмесе де, елін ерлікпен жаудан 

қорғаған ардагерлеріміздің әңгімесін естіп, ата-бабаларының 

қандай қиын күндерді бастан өткергенін біліп, оларға мәңгілік 

қарыздар екенін біліп жүреді. Сахнаға шығып өз өнерлерін 

көрсеткен 8 мектептің әрқайсысы «Болашақ сарбаз» сайы-

сына үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Бұл арқылы 

олар өздерінің ең алдымен ардагерлерімізге айрықша 

құрметпен қарайтындықтарын көрсетті, - деді №7 орта мектеп 

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ботагөз Бит-

кенбаева.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға № 7 орта мек-

теп ие болса, № 20 және№ 37 мектептер екінші орынға табан 

тіреді. Ал үшінші орынға № 5 мектеп, төртінші орынға № 44 

мектеп-лицейі мен № 22 мектеп лайық деп танылды. Сонымен 

қатар «Үздік музыкалық нөмір» номинациясымен № 7 орта 

мектеп және № 7, №37 мектептер «Үздік сапта» номинациясы-

мен марапатталды. 

Сендер қалай 

ойлайсыңдар?

Елжан Қайырханов

 

3



0 қаңтар күні Өскемен қаласы Оқушылар 

шығармашылық сарайында «Сендер қалай 

ойлайсыңдар?» атты іскерлік ойы өтті. Оқушы 

бойындағы талап пен логиканы жетілдіруге 

бағытталған ойынға қалалық орта білім беру 

мекемелерінің белсенді оқушылары қатысты. 

2 бөлімнен: таныстыру және негіз-

гі бөлімнен тұрған ойынға ойыншылар 

қарқынды дайындалған. Тіпті таныстыру 

бөлімінде әр команда арнайы видео әзірлеп, 

өздерінің белсенділіктерін танытқан. Жалпы 

саны 3 топ қатысып, аталған ойында бақ сы-

насты. 

– Бүгінгі ойынға қала мектептерінің 8, 9, 



10 сыныптарының көшбасшылары қатысуда. 

Аталған ойын бізде бірінші рет өтіп отырған 

жоқ. Осы уақытқа дейін де және алдағы 

уақытта жастарға патриоттық тәрбие беру-

ге бағытталған ойындар жиі өтіп отырады. 

Ал осының барлығын ашық сабақ емес, ойын 

ретінде өткізіп отырғандығымыз, балаға ойын 

қызықты болғандықтан, олар шапшаңдық та-

нытып, білімдерін толықтырады деген сенім-

деміз, – деді «Мәңгілік ел» орталығының 

тәрбие және білім беру жөніндегі әдіскері 

Альбина Уанова. 

Ойын жалпы 3 командаға арналғанымен, 

қызығушылардың саны артып, қатысуға 

тілек білдірушілерде шек болмады. Бұл 

ойында мықты командалар емес, белсенді 

оқушылар анықталып, марапатталды.    

Ерлігі елге өнеге

Әсел Алтынбекқызы

 

К



еше қала әкімінің орынбасары Владимир Голова-

тюк Ұлы  Отан соғысының ардагері Борзых Гри-

горий Ивановичті туған күнімен құттықтап, естелік 

сыйлықтармен қоса гүл шоқтарын табыстап қайтты.

Григорий Иванович 1940 жылдың қыркүйек 

айында әсер қатарына шақыртылған. Полтавада 

білім алып кейіннен Ростов на Донуға жөнелтілген 

сарбаз Москваны қорғау шайқасына да қатысқан. 

Әскери училищені тәмамдаған соң 1942 жылдың  

маусым айында лейтенант шенін таққан.

Отан үшін арқасын отқа төсеген батыр Сталин-

град түбіндегі, Қырымды босату шайқастарына 

қатысып сондай-ақ, Прибалтика майданында 

барлаушы болып қызмет етіп Хауми аралындағы 

соғыста белсенділік таныта білген.

Григорий Иванович екі ұлды тәрбиелеп өсірген 

әке. Бүгінде 1946 жылы дүниеге келген Сергей 

есімді ұлы Қарағанды қаласында отбасымен бірге 

өмір сүруде.  

Ардагер «Ерен еңбегі үшін» Ұлы Отан соғысының 

II дәрежелі орденімен, сонымен қатар «Соғыстағы 

ерлігі үшін», «Москваны қорғағаны үшін», «Ста-

линградты қорғағаны үшін», «КСРО шекара-

сын қорғағаны үшін», «Әскер қатарындағы мін-

сіз қызметі үшін» және «Германияны жеңгені 

үшін» сынды және  көптеген мерейтойлық 

 

 

төсбелгілердің иесі.



–Сіздердің ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін 

қашанда  үлгі-өнеге болып қала бермек. 

Сондықтан да ортамызда ұзақ жасап, бейбіт 

күндерге куә болып жүре беріңіз, -  деген ізгі ни-

етін жеткізді қала әкімінің орынбасары Владимир 

Головатюк.

АЙТЫС

Назерке Ахметова



Ө

ткен аптада Өскемен қаласы 

әкімдігінің «Бал бұлақ» ба-

лалар өнер мектебі» КМҚК 

ұйымдастыруымен А. Байтұрсынов 

атындағы №20 орта мектепте қазақ 

хандығының 550 жылдығына 

арналған «Тарихым – менің тамы-

рым» атты оқушылар арасында 

қалалық айтыс өтті.  

Жас ұрпаққа қазақ халқының 

төл өнерін дәріптеу, айтысқа 

енді қадам басқан жас 

өнерпаздардың өнерін шыңдап, 

оқушыларды отансүйгіштікке, 

туған елінің тарихын білуге 

баулу мақсатында өткізілген 

айтысқа қала мектептерінен 

5-11 сынып аралығындағы 

оқушылар қатысты. 

Айтыс басталмас бұрын 

Өскемен қаласы әкімдігінің 

«Бал бұлақ» балалар өнер 

мектебінің талантты жас- 

тары шағын концерттік 

бағдарламасын ұсынды. 2005 

жылы негізі қаланған аталмыш 

мектеп он жыл қатарынан ай-

тыс ұйымдастырып, талабы тау-

дай жастарды төл өнерімізге 

тартып келеді. 

– Өскемен қалалық білім 

беру басқармасының ұйтқы 

болуымен қазақ хандығының 

550 жылдығына орай 

ұйымдастырылған оқушылар 

айтысының деңгейі жаман емес. 

Қазақстан Республикасының 

білім беруді дамытудың 2011 

– 2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы ая-

сында білімді жас шәкірттерді 

тәрбиелеп, ұлттық өнерімізді 

насихаттау алға қойған үлкен 

жұмыстардың бірі. Келешек-

те осындай дарынды бала-

лардан Шығыстың намысын 

қорғап, елінің атын шығаратын 

айтыскер ақындар шығады де-

нен үміттемін, - дейді атал-

мыш сайыстың басы-қасында 

жүрген Өскемен қаласы 

әкімдігінің «Бал бұлақ» балалар 

өнер мектебінің» директоры 

Фархат Сәбиев.

Айтыстың шарты бойын-

ша жас ерекшеліктеріне қарай 

жұптастырылған әр жұпқа 

10-15 минут уақыт беріл-

ді. Сондай-ақ сайыскерлерге 

тақырып аясынан ауытқымау, 

суырып салмалық, сахна және 

тіл мәдениетін сақтау, белгілен-

ген уақыттан аспау сынды та-

лаптар қойылды.

«Алуан-алуан жүйрік бар, 

әліне қарай шабады» демекші, 

туған елінің тарихын жырлауға 

келген 9 ақынның әрқайсысы 

өз деңгейінде айтыс жаса-

ды. Керей мен Жәнібек құрған 

қазақ хандығынан бастап, 

тәуелсіздікке қол жеткізген-

ге дейінгі аралықтағы ел басы-

нан өткерген қилы кезеңдерге 

тоқталып, жас ерекшеліктері-

не сай білімдерін көрсетті. 

Қарсыластар бір-бірінің осал 

тұсын ұстау мақсатында та-

рихтан сұрақ қойып, білімдерін 

тексерді. Сахнаға алғашқы бо-

лып шыққан «Асыл мұра» өнер 

мектебінің 5-сынып оқушысы 

Ерасыл Ермекұлы бұл айтыстағы 

ең жас ақын болғанымен 

болашағынан үлкен үміт 

күтуге болатынын көрсетті. 

А. Байтұрсынов атындағы 

№20 орта мектептің атынан 

қатысқан Жеңіс Оразай мен 

№33 орта мектептің оқушысы 

Жұлдызай Мұратбекова әдемі 

қыз бен жігіт айтысын жаса-

ды. Олар тарихтан сыр шер-

тіп, екеуара әзіл-қалжыңмен 

айтысты. Мәселен, Жұлдызай 

қарсыласының шаш үлгісіне 

қарап кәрістерге ұқсайсың 

десе, Жеңіс қазақ қызының 

сұлулығына, салмақтылығына 

тамсанысын білдірді. Ал 

Жұлдызайдың:

– Қақпаймын сенің қарғам  

  қанатыңнан,

Сен бала өнер үшін бола туған 

Ақын деген әр уақыт    

  шындықты 

да,


Шырылдатып айтуға    

  жаратылған

Егер де құлап жатсаң    

  жерге 


інім,

Тартпаймын сенің  

 

 

        тіпті балағыңнан



Биікке балапан боп ұмтылсаң,

Қыран боп мен сені де алып 

шығам, - деп келетін өлең 

жолдарынан кішіге деген 

қамқорлықтың, қарсыласқа 

деген сыйластықтың белгісін 

айқын көруге болады.

«Сарадай апамдардың 

сынығымын» деп сахнаға 

шыққан 9-сынып оқушысы 

Әсем Мошанова ақтық сын-

да Жұлдызай Мұратбековамен 

жолықты. Қазақтың қанына 

сіңген айтыс өнеріндегі шоқтығы 

биік Әселхан мен Әсияның 

ізін қуып, сыйластықтан атта-

май, бір-бірін аялаған қыздар 

көпшіліктің көңілінен шыққан 

әдемі айтыс жасай білді. 

Сонымен екі сағатқа созылған 

айтысқа төрелік еткен әділқазы 

алқаларының шешімі бойын-

ша III орынға Жеңіс Оразай, 

II орынға Әсем Мошанова, 

ал Жұлдызай Мұратбекова I 

орынға лайық деп танылды. Ал 

№45 орта мектептің атынан 

қатысқан, болашағынан үлкен 

үміт күттіретін Ардақ Адалбек 

«Тапқыр ақын» аталымымен 

марапатталды. Және қатысушы 

ақындардың барлығына алғыс 

хаттар табысталды.

Әр ақын өз деңгейіне сай 

орын иеленді. Көпшілігі дом-

быра тарту жағынан ақсап 

жатты. Жалпы, оқушылардың 

дайындықтары бар. Алай-

да, бойларындағы талантын 

байқап, додаларға дайындап 

жүрген үстаздарына бұл жерде 

үлкен салмақ түсетінін айтқым 

келеді. Өз басым бүгінгі ай-

тыстан келешегінен зор үміт 

күттіретін ақындарды кезік-

тірдім. Адалбек Ардақ, Ера-

сыл Ермекұлы, Жеңіс Оразай-

ды ерекше атап өткім келеді, 

- деді әділқазы алқасының 

мүшесі болған облыстық «Ди-

дар» газетінің тілшісі Мұратхан 

Кенжехан.

«Баласы атқа мінсе, анасы 

үйде отырып тақымын қысар» 

демекші, кезінде айтыстың 

биігінен көрінген Құралай Ка-

малиева қызы Әсемге қолдау 

көрсетіп, өнерін тамашалауға 

арнайы келген.

– Сахнаға енді шығып жүрген 

бұл балалар бір-екі жылдан 

кейін төселеді, тәжірибе жи-

найды деген ойдамын. Қызым 

бұл айтысқа өз бетімен дайын-

далды. Әкесі екеуіміз де дом-

бырада ойнайтындықтан бұл 

жағынан қиындық туындамады. 

Қызымның бүгінгі көрсеткен 

өнеріне көңілім толды және 

лайықты бағасын алды деп айта 

аламын.

Ал бірінші орынға ие 



болған №33 мектептің 10-сы-

нып оқушысы Жұлдызай 

Мұратбекова осы айтысқа 

баптаған ұстазы Месейхан 

Мұратханға шексіз алғысын 

білдірді. 

Туған елінің тарихын 

жырлауға келген әр оқушы 

білімі мен талантын ұштастыра 

білсе, келешекте олардан 

мықты ақын шығады деген ой-

дамыз. Ал алмастай өткір тіл-

ді ақыны барда әрі жер бетінде 

қазақ деген халық барда, айтыс 

өнері өлмейді. 

Оқушылар қазақ хандығының  

550 жылдығын жырлады

ЕСКЕ АЛУ


ОЙЫН

ЕРЛІК


Өскемен

7

№6 (269)



05.02.2015

ТАРИХ ҚОЙНАУЫНДА

МЕРЕЙТОЙ

А

ғымдағы жылы Қазақстан 



Республикасының халқы үшін 

тарихи маңызды жыл болмақ. Се-

бебі дәл 550 жыл бұрын Қазақ 

хандығының туы көтеріліп, 

қабырғасы қаланған еді. 

Жыл басталысымен, 

еліміздің әрбір өңірінде Қазақ 

хандығының 550 жылдығына 

орай дайындық жұмыстары 

қызу басталып кетті. Соның 

ішінде, мектепте ашық 

сабақтар, қалаларда түрлі 

концерттерден бастау алып, 

республикалық шараларға 

дейін қызу дайындыққа көшіп 

кетті. Ағымдағы жылы тари-

хи мерейтойлы мерекені атап 

өту бойынша Қазақстан Рес-

публикасы Мәдениет және 

спорт министрі Арыстанбек 

Мұхамедиұлы таныстырып 

өткен еді. 

2015 жылы Керей мен 

Жәнібек Шу мен Талас 

өзендерінің арасындағы 

аймаққа орналасып, қазақтың 

туын көкке көтергеніне 550 

жыл толады. Осыған байла- 

нысты, елімізде бұл оқиғаны 

мерейтой күндерінің қатарына 

қосу мен Қазақ хандығының 

550 жылдығын атап өтуге 

арналған іс-шараларды өткізу 

жөнінде мәселе қарастырылды.

Мемлекет құрылуының мерей-

тойы ең алдымен азаматтардың 

патриоттық сезімдерін арттыру 

мен қазақстандық мемлекет-

тілікті нығайтуға бағытталып 

отыр. Министрлік бірқатар 

мемлекеттік органдармен 

үлкен дайындық жұмыстарын 

жүргізді. Қазақстандық 

тарихшы-ғалымдардың 

Мұхамед Хайдар Дулатидің 

«Тарих-и-Рашиди» еңбегін не-

гізге ала отырып, жан-жақты 

зерттеу нәтижесінде Қазақ 

хандығының құрылған жылы 

1465 жыл деген қорытындысы 

алынды, – деген Мәдениет және 

спорт министрі Арыстанбек 

Мұхамедиұлы өзінің баяндама-

сында. 


Алайда, республика 

аймағында өтетін шара бары-

сында еліміздің Шығыс өңірі 

де көңілден тыс қалмайды. Не-

гізінен «Қазақ хандығынан» 

гөрі «қазақ» ұлтының арғы тегі 

сақтардың шығу тегін зерт- 

теуде, жер қойнауынан бірша-

ма ежелгі тарихи жәдігерлер 

табылған Шығыс Қазақстан 

облысында қарқынды 

археологиялық жұмыстар 

жүргізілмек. 

Жуырда Өскемен қаласына 

келген Әлкей Марғұлан 

атындағы археология 

институтының профессоры, 

Берел қорымын ашушы, та-

рих ғылымдарының докто-

ры Зейнолла Самашев аталған 

мерекенің еліміз үшін тигізер 

әсерін айтып өтті. 

– Қазақ хандығының 

құрылуының 550 жылдығы 

еліміз үшін үлкен саяси-

әлеуметтік маңызы зор шара бо-

лып табылады. Бірақ біз тек 550 

жылдықпен тоқталып қалмай, 

хандықтың алдында болған 

мәдени процестер болып, мем-

лекеттер құрылды. Сондықтан, 

осылардың барлығын тарихи 

сабақтастық бағытында қарап, 

зерттей бастаймыз деген ойда-

мыз. Бірақ, Шығыс Қазақстанда 

ерте ғасырдағы жәдігерлер 

табылғанымен, дәл XV – XVI 

ғасырлардағы жәдігерлерді 

іздестіру жұмыстары бүгінгі 

күнге дейін таба алмады, – деді 

Зейнолла Самашев. 

Жалпы айтқанда, Қазақ 

хандығының құрылып, кейін 

Азия мен Еуропа жерінде 

өркендеп, дамығандығы жайлы 

бірнеше тарихшылар өздерінің 

еңбектерінде жазып өткен. Де-

генмен, жаугершілік заманда 

жеке мемлекет болып шығып, 

саяси қалыптасудың өзі оңай 

болмағандығы сөзсіз. Осыған 

орай, тарихқа шолу жасап 

өтсек. 

Қазақ хандығының құрылуы



Жоғарыда аталып өткендей, 

Мұхамед Хайдар Дулатидің 

«Тарих-и-Рашиди» еңбегінде 

көрсетілгендей, 1465 жылы 

Қазақ хандығы құрылып, алғаш 

туын тіккен. Дегенмен, хандық 

құрылу оңай іс емес екен-

дігі анық. Оның үстіне, тарих 

қойнауына үңілген сәтте, Өзбек 

хандығынан бөлініп шыққан Ке-

рей мен Жәнібек сұлтандардың 

хандықтан бөліну себебі анық 

көрсетілген. 

Тарихи деректерге сүйенетін 

болсақ, Қазақ хандығы көшпелі 

ақсүйектер басымдығы арта 

түскен Әбілхайыр хандығы 

және Моғолстан секіл-

ді екі мемлекеттің ішкі саяси 

қақтығыстарының нәтижесінде 

өмірге келді деп көрсетілген. 

Сонымен қатар, Шығыс 

Дешті-Қыпшақ пен Жетісу-

да тұратын ру және тайпа 

көсемдерінің ең атақтылары 

саяси тәуелсіздікке ұмтылды. 

Олар Әбілхайыр мен Моғолстан 

ханы Есенбұғаның да билігі-

не мойынсұнғысы келмей, 

Шыңғыс әулетінен шыққан 

басқа бір қамқоршының 

соңынан еруге даяр тұрды. 

Сондықтан, жеке хандық 

құруға бет бұрған Жәнібек 

және Керейдің әрекетін 

қазақ рубасылары мен тай-

па көсемдері өз ойларын дөп 

басқан іс ретінде қызу қолдады. 

Олар 40-50 жылдары-ақ Ке-

рей мен Жәнібектің маңына, 

Қазақстанның оңтүстік аудан-

дарына – Қаратау бөктеріне, 

Сырдарияның сағасына, 

Түркістанның солтүстік бөлігіне 

топтаса бастады. Қаратау 

бөктері мен Сырдариядағы 

қалалар – Созақ, Сығанақ, 

 

Сауран, т.б. бұл кезде Жәнібек 



пен Керейдің қолдарында 

болған. Қазақ хандарына ер-

ген көшпелі рулар мен тай-

палар Әбілқайырға қарайтын 

Қазақстан далаларында 

бұрынғыша емін-еркін көшіп-

қонып жүре алмайтын болды, өз 

кезегінде ол жақтағы халықтың 

да Сырдарияның төменгі және 

орта ағысындағы дағдылы 

қыстауларына қолдары жетпей 

қалды, сауда айырбасына тиым 

салынған. 

Аталған деректерге сәйкес 

мәліметтер Ілияс Есенберлиннің 

«Көшпенділер» трилогиясында 

да келтірілген. Бірінші бөлімде 

әрдайым қырға шығып, халық 

қамын сұрастырған сәтте, 

халықтың өзгенің жер-суына 

қызықпайтындығын айтып, өз 

елінен жат жұрттай ауыр алым-

салық жеке шаңырақ көтеруін 

сұраған сөздері келтірілген. 

Бөлініп шыққан Қазақ 

хандығы алғашында Ба-

тыс Жетісу, Шу мен Талас 

аңғарларын иеленді. Бұл жер-

де Орталық және Оңтүстік 

Қазақстаннан көшіп келген 

қазақ рулары мен тайпала-

ры жергілікті қазақтармен 

табысып, араласып кет-

ті. Моғолстанның билеушісі 

Есенбұға қазақтармен жақсы 

қарым-қатынаста болуға ты-

рысты, өйткені Моғолстанға 

жау Әбілхайырдың, Темір 

ұрпақтары мен қалмақтардың 

(ойраттар) шабуылынан ше-

кара қауіпсіздігін қорғауға 

қазақтардың көмегі тиеді 

деп үміттенді. 1462 жылы 

Есенбұға өлген соң, Моғолстан 

іс жүзінде билеушісіз қалды. 

Мұндай жағдайда Жетісу-

да Қазақ хандығының ірге 

бекітіп, нық орнығуы дау-

сыз ақиқат болғандығы анық. 

Мұхамед Хайдар Дулати Қазақ 

хандығы 1465-1466 жылдары 

құрылды деп есептейді, – деді 

Шығыс Қазақстан облыстық 

тарихи-өлкетану мұражайының 

ғылыми қызметкері Күләш Уа-

лиева.


Тарих ғылымы саласында 10 

жылдан астам уақыт қызмет 

атқарып жүрген қызметкер 

Күләш Уалиева сонымен қатар, 

Қазақ хандығы құрылған сәттегі 

жалпы «Қазақ» атауының та-

ралуы жайлы да мәліметтерді 

түсіндіріп өтті. 

Орта ғасырлық мемлекет – 

Қазақ хандығы Орталық Азия 

аймағында үлкен рөл атқарды. 

XV ғасыр ортасынан XVIІ ғасыр 

басына дейін Қазақ хандығы 

әжептәуір біртұтас саяси мем-

лекет болды. Қазақ хандығында 

біртіндеп, ру-тайпалық сана 

әлсіреп, жалпы қазақтарға тән 

этникалық сана күшейді. «Қазақ 

жері», «Қазақ мемлекеті», 

«Қазақ елі» деген түсініктер кең 

өріс алды. Халық аумағы саяси 

оқиғалардың әсерімен өз ше-

карасын бірнеше рет өзгертті, 

бірақ әрдайым қазақ халқы ме-

кендеген аумақ шегінен аспады, 

– деді Күләш Уалиева. 

Бірқатар ру-тайпалары-

нан айырылған Әбілхайыр 

хандығының да қуаты әлсірей 

түседі. Бастапқыда бірқатар 

қалаларды басып алғанымен, 

ойраттардан ойсырата жеңіліп 

отырады. Себебі оңай олжа 

мен жайылым іздеген ой-

раттар бірден Жетісу жері-

не жиі шабуылдай бастай-

ды. 50-жылдары Түркістан 

аумағына дейінгі жерлерге 

қолдары жеткен ойраттар 1457 

жылы Әбілхайырдың әскерін 

ойсырата жеңіп, Әбілхайыр 

шаңырағын тастай қашады. 

Дәл осы жайттардан кейін, 

қазақ рулары мен тайпала-

ры Жәнібек пен Керей маңына 

бұрынғыдан да тығызырақ 

топтаса түседі. Ойраттар Шу 

арқылы өз елдеріне қайтқан 

сәтте, Әбілхайыр қаһарына 

қайта оралып, Қазақстанның 

оңтүстік аймағында қайтадан 

қатаң тәртіп орната бастайды. 

Көп ұзамай, Әбілхайыр 

хандығының көрер күні де 

ұзаққа бармайды. Хандықтан 

жекелей бөлінген ру-

тайпалардың барлығы дерлік 

бірден Керей мен Жәнібектің 

қол астына жинала бастайды. 

Қазақстанның бір мемлекет-

ке бірігу қозғалысы осылайша  

басталады. 

Бетті дайындаған:  

Елжан Қайырханов

Қазақ хандығына – 550 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет