Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасының маңызы



Дата31.12.2021
өлшемі15,13 Kb.
#22314
Байланысты:
эссе


Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасының маңызы

А.Байтұрсынұлы : «Біздің заманымыз –жазу заманы. Сөздің жүйесін , қисынын келтіріп жаза білу, сөз қандай орында қалай өзгертіліп, қалайша біріне-бірі қиюласып, жалғасатын жүйесін білу керек» деген болатын.

Негізінде дұрыс жазу мен дұрыс сөйлеу білімнің негізгі компоненттері. Жазу ол біздің негізгі құрал. Орфографиялық заңдылықтарды сақтау ең маңызды дүние, өйткені ол ұлт болашағы келешектегі адамдарға өзіміздің тілімізді , сөзімізді жеткізуіміз қажет.

Осы жазу сауаттылығының негізгі мақсаты осы. Біз оқушыларға сапалы білім беру арқылы еліміздің ертеңін жақсарта аламыз. Біз жазғанда орфографиялық заңдылықтарға бағынуымыз керек. Сонымен қатар тілдік қорымызды байытуымыз қажет. Тыныс белгілерді , ережелерді дұрыс білсек біз сауатты жаза аламыз. Сауатты жазу – білімділік өлшемі.



Сөйлеу негізінде қарым-қатынас құралы. Сөйлеу техникасы ол өзіміздегі ақпаратты дұрыс жеткізу деп білемін. Тыңдаушыны жалықтырмайтындай, пайдалы ақпарат бере алатындай болуымыз керек , сол себепті сөйлеу техникасы ең маңызды. Сөйлеу техникасына мыналар жататынын ескере кету керек : бірқалыпты тыныс алу, мәнерлі дыбыс, дикция, екпінге және сөздің айтылуына мән беру. Дұрыс сөйлеу үшін, оқушыларға білім беру үшін сөйлеу техникасын сақтаған жөн. Мысалы біз сөйлемді не мәтінді еш эмоциясыз, интонациясыз, кідіріссіз, қарқын сақтамай айтатын болсақ тыңдаушыға нені жеткізіп жатқанымыз белгісіз болып қалады. Бұның маңызы осы кезде білінеді. Сөйлеу кезінде интонацияны өзгерту арқылы тыңдаушылардың қызығушылығы артады, сөйлеушінің ой жүйріктігі көрінеді.

Біздің ең басты мақсатымыз ұлт ,ел болашағы. Сол үшін дұрыс жазып,сөйлеуміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет