Ғылыми жоба: Ахмет Байтұрсынов- Ұлт ұстазы



бет1/3
Дата13.05.2023
өлшемі13,72 Kb.
#92796
  1   2   3
Байланысты:
Ғылыми жоба


Ғылыми жоба: Ахмет Байтұрсынов- Ұлт ұстазы
Біздің таңдаған ғылыми жобамыздың тақырыбы Ахмет Байтұрсынов- Ұлт ұстазы . Бұл тақырыпты зерттегендегі негізгі мақсатымыз Ахмет шығармаларын терең қарай отырып, ақынды жан-жақ қырынан танып, білу.
Зерттеу әдісіміз:
Ғылыми жобаны зерттеуде алдын ала ойластырған зерттеу әдістері белгілі бір мақсатқа негізделіп,әр тақырыпшаларды қарастыруда төмендегідей зерттеу әдістері көзделді:
1.Ақынның өскен ортасы туралы материалдар жинау.
2.Ақын шығармаларын жан-жақты талдау.
3.Мысалмен айтылған ойларды дәлелдеу.
Гипотеза-болжам:
Тақырыпты таңдағаннан кейін келешекте орындауы мүмкін болжамым:
1. Біз қазақ жастары Ахмет ағай қазақтың тұңғыш Әліппесі мен ана тілі ,әдебиет оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдердің авторы екенін білгеніміз жөн.
2. Қазіргі ғалымдар пікіріне қарасақ Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Сондай-ақ, бұл шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты болмақ деп ойлаймын.
Адамдық диханшысы
Жанын сала ұмтылды.
Болашақтың таңына
Қиялдап қана қойған жоқ.
Май тамызап, от берді.
Ой-сананың шамына.
Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмытылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі — Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.
" Қазағым, елім!",-деп,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып,ұйқысынан оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады.
Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады.
Ақын арманы-" адамдық диханшысы" болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет