ЖАЗУДЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да білудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні зор. Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген.
Жазудың мынандай түрлері бар:
2) идеографиялық жазу
3) буын жазуы
әріптік немесе дыбыстық жазу
1) пиктогра-фиялық жазу
Бұл – жазудың ең алғашқы түрі. Ол суретке негізделген. Сондықтан мұны кейде суретті жазу деп те атай береді. Пиктографиялық жазудың таңбалары – суреттер. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей сөйлемді білдіре алады. Оның шыққан мерзімі тым көне дәуірге (неолит дәуіріне) барып тіреледі.
1. Пиктографиялық (суретті) жазу 2. Идеографиялық немесе логографиялық жазу Бұл – пиктографиялық жазудың біртіндеп дамуы, жетілуі нәтижесінде пайда болған жазу. Егер пиктографиялық жазу бүкіл сөйлемді (хабарды) білдірсе, идеографиялық жазу бүтіндей бір сөзді бір-ақ таңбамен белгілейді. Алғашында суретпен (пиктограммамен) белгіленіп жүрген нәрселер жазудың даму барысында біртіндеп одан алшақтап, ақырында олар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, соған ұқсас шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Ондай таңбалар идеограммалар деп аталынады.
Идеограмманың пиктограммадан ең басты айырмашылығы – таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Жоғарыда айттық, егер пиктографиялық таңба бүтіндей бір сөйлемді белгілесе, идеографиялық таңба бір сөзді немесе сөздің түбірін не негізін белгілейді.
Идеографиялық жазудың жетіле түскен түрі – морфема-идеографиялық жазу. Бұл жазудың ұстанымы (принципі) бойынша, таңбалар бүтіндей сөзді емес, оның құрамына енетін морфемаларды белгілейді. Осы ерекшелігіне орай ол морфемаларды белгілейтін таңбалар морфемаграммалар деп аталынады. Қазіргі қытай иероглифі морфема-идеографиялық жазу болып табылады.
идеограммаларды екі түрге бөлуге болады
біріншісі – сөздердің мағыналарымен тікелей байланысты болса
екіншісі – сөздердің фонетикалық жағымен байланысты
біріншісін – идеографиялық иероглифтер (идеограммалар)
екіншісін – фонетикалық иероглифтер (фонограммалар) д. а.
Айырмашылықтары – идеограммалар көбінесе синоним сөздерді белгілеу үшін қолданылса, фонограммалар омонимдерді белгілеу үшін қолданылады. Сөздерді дәлме-дәл белгілеуде идеографиялық жазудың бұл екі түр-тармағы, әдетте, бір-бірімен ұштастырылып жұмсалынады.
Идеографиялық жазудың бірсыпыра кемшіліктері:
1) Идеограммалар өзі белгілеген сөздің дыбысталуын білдіре алмайды;
2) Идеограммалар көп болады және күрделі болады;
3) Идеографиялық жазу грамматикалық формаларды белгілеуге келгенде өте икемсіз келеді.
3. Буын жазуы Идеографиялық немесе логографиялық жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды. Бұл жазудың шығуына, біріншіден, бұған дейін қолданылып келген идеографиялық таңбалар аффикстерді, әсіресе шетел сөздерін, кісі, қала аттарын таңбалауға икемсіз болуы, екіншіден, ол идеографиялық таңбалардың саны көп болып, оларды меңгерудің қиынға соққандығы себеп болды.
4. Әріп (дыбыс) жазуы Әріп жазуының шығуына және дүние жүзіне кең таралуына оның қарапайымдылығы, сөздердің дыбысталуын дәл беретіндігі, әр түрлі тілдерге қолайлығы себеп болды деуімізге болады.
Финикий әліпбиінің негізінде грек әліпбиі, грек әліпбиінің негізінде бүкіл Батыс Еуропа халықтарының әліпбиілері жасалды. Ал шығыс халықтарының (араб, иран, еврей т.б.) жазуы арамей әліпбиінің негізінде пайда болды.
Қысқасы, әріп (дыбыс) жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін маңызы орасан зор болды. Өйткені бұл жазу – жазу жүйелерінің ішіндегі ең ыңғайлысы. Тілдердің қайсысында болса да, ондағы сөздердің саны мен буын санынан дыбыстардың саны әлдеқайда аз. Осыған орай, әдетте, дыбыстарды таңбалау үшін 20-дан 40-қа дейінгі таңбаның өзі жеткілікті болады. Әріп таңбаларының мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетеді. Бұл жазу, әсіресе, сөздердің дыбыстық жағы мен олардың грамматикалық формаларын дәлме-дәл беруде өте-мөте қолайлы.