Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазiргi жазуды да бiлудiн әрі теориялық, әрі практикалық мәні зор. Біз қазір жазуды сөздердiн әрiптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды . Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды) не жеке сөзді, не жеке буынды белгiлеген .