13-практикалық сабақ. Жазу дағдыларына машықтанудың үш кезеңі Жоспары: Жазбаша сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең



бет1/4
Дата03.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#89396
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Аружан


13-практикалық сабақ.
Жазу дағдыларына машықтанудың үш кезеңі
Жоспары:
1. Жазбаша сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең.
2. Жазу дағдысын қалыптастыру заңдылықтар.
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларына орфографияны игерту тілді оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Бағдарламада қазақ әліпбиіне қатысты мәселелерді шешуде әліппеге дейінгі кезеңнің, әліппеден кейінгі кезеңнің талаптары анық көрсетілген.
дыбыстарды әріппен белгілеу, яғни, бас әріп пен кіші әріптердің баспа және жазба түрлерін біртіндеп енгізу және оларды меңгерту;
бас әріп пен кіші әріптерді дұрыс каллиграфиялық тұрғыда жазу, оларды бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазу. 
Талдап көрсеткенде, бастапқы кезеңде төмендегі білім-білік дағдысына көңіл бөлінеді:
Екінші кезеңде дыбыс және жұп дауыстылар, буын, әліпби туралы түсінік беру, жазу тәсілдерін (мәтінді көшіріп жазу, естуі бойынша жазу) жетілдіру; орфографиялық және пунктуациялық дұрыс жазу сауаттылығын қалыптастыру ескеріледі. Сондай-ақ кейбір дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар түрлерінің емлесіне мән беріледі.Типтік бағдарлама бойынша 1-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұны нақты көрсетіледі.
бас әріп және кіші әріптің кескінімен танысу;
әріп элементтерін жазу; бас және кіші әріптерді жазу;
бас және кіші әріптер элементтерін өзара дұрыс байланыстырудың негізгі түрлері (төменгі) қол үзбей және үзіп қосу;
бас және кіші әріптерді жұмыс жолына сәйкес жазу;
5-6 сөзді орфоэпия нормасын сақтай отырып, айту бойынша жазу;
4 сөйлемді (2-3 сөзден құралған) айту бойынша жазу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет