Жұбан Молдағалиев поэмалары


Поэмаға толық композициялық талдау жасасақ



бет2/2
Дата14.10.2023
өлшемі26,44 Kb.
#114640
түріПоэма
1   2
Байланысты:
ж поэма

Поэмаға толық композициялық талдау жасасақ:
Авторы: Ж.Молдағалиев
Поэманың тақырыбы: еліне, жеріне, өз ұлтына деген сүйіспеншілік.
Идеясы: өз ұлтын сүю, ұлтшылдық емес, ұлтжандылық .
Басталуы: бесіктегі пәк сәби ұлт

Дамуы: «Ақтабан шұбырынды»


Байланысуы: Россия Адамы. Дала мұңы.
Шиеленісуі: Өмірдің жарық төрі үшін күрес
Шарықтау шегі: Бесжылдықтар белесі
Шешімі: байтақ ел азаматы
Поэманың жанры: Лирика-публицистикалық стиль
Қазақ халқының өткен өмірі, тағдыры жайлы үлкен толғаныс жасады. Ол қазақтың ұлттық характеріні қалыптасу жолы – оның ерлік дәстүрі, рухының жоғарылығы, елі мен жері, байлығы, адамдары жайлы бейнелі, пафосты жыр төкті.
Шарықтау шегі: Бесжылдықтар белесі
Шешімі: байтақ ел азаматы
Поэманың жанры: Лирика-публицистикалық стиль
Қазақ халқының өткен өмірі, тағдыры жайлы үлкен толғаныс жасады. Ол қазақтың ұлттық характеріні қалыптасу жолы – оның ерлік дәстүрі, рухының жоғарылығы, елі мен жері, байлығы, адамдары жайлы бейнелі, пафосты жыр төкті.
1 бөлім 18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
2 бөлім 19 шумақ 76 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
3.бөлім18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
4 бөлім 30 шумақ 120тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең, шұбыртпалы ұйқас.
5 бөлім 38 шумақ 152 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
6 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
7 бөлім 45 шумақ 180 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
8 бөлім 44 шумақ 176 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
9 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
10 бөлім 29 шумақ 116 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Поэма осылай басталады да, осы шумақ қазақ халқының өміріне қатысты тараулардың барлығында қайталанып отырады. Бұл – сол тараулардың бәріне ортақ идеялық түйін. Әр тараудың мазмұны осы ойдан өрбиді. Мұнда «мың өліп,мың тірілген» халықтың өлмес тарихы, жөргегінен мұңмен танысқан азапты жолы, жыласа «күн тұтылғандай, күлсе түн түрілгендей» шын сезімі көркем бейнеленеді. Поэма қаһарманы – қазақты осылай кейіптеу халық тарихының түрлі кезеңдерінде оның тұтас табиғатын таныту үшін әдейі қолданылады.
«Қыран дала» поэмасы ақынның өлең, лирикада талай көрініс тапқан дала, ауылды жер, берекелі ел іші деген ұғымдарды, ондағы өскен, өнген жандарды білдіретін, өзі сүйіп жырлайтын тақырыптың апогеясы, яғни, шарықтап көрінген түрі деуге сияды. Тың жерді игеруге қатысқан, соған атсалысқан Тыңбай атынан жүріп отыратын хикая жаңа бастамаға байланысты бекіп, нығая түскен халықтар достығын, олардың бірге бас қосқан табысты еңбегін көрсетеді. Поэма сюжеті шытырман оқиғаны қамтитын ұзақ сонар емес. Басты кейіпкердің өзі туралы баяндауы шығармаға желі болып тұр. Автор сюжет, фабула қоюлығын іздемеген жəне оның керегі де жоқ. Өйткені айтылмақ ой-өрнек осы форманың өзімен-ақ тиісті жеріне жеткен, шешімін тапқан. Тың əкелген жаңалық, табысты, ел өміріндегі үлкен əлеуметтік оқиғаны айтып ұғындыру үшін, сол үлкен құбылысты көркем поэма дəрежесіне көтеріп жырлау үшін, ақын осындай лирикалық толғау формасын таңдаған.
Музей үйінде тың дəуірінің бейнесін көріп əңгімелескен кейіпкерлер сөзінен үлкен тарихты аңғарамыз. Əкесі қазақ, шешесі орыс Тыңбайды белорус қарты асырап өсірген екен. Соғыс басталғанда Тыңбайдың əкесі əскери қызметші, атақты Брест қамалындағы қиян-кескі ұрысқа қатысқан, əрі қарай майдан жолдарын шарлап кеткен. Белорус қарты төңкерістен бұрын-ақ қазақ жерінде болғанын, ауып келген орыс, украин, белорус мұжықтарына қазақ даласы пана болғанын айтып, өткен тарихи шындықты біздің көз алдымызға елестетеді. Рас, бұл достықтың, «тамырлы» достықтың түбірі əріде болатын. Балықшы да, егінші де, малшы да болып орыс-қазақ кедейлері бірге күнелткен. Дүрбелең, дауылды жылдарда да, онан кейін де сол достық нығайып өскен. Соғыс дəуірі өз алдына хикая. Кешегі қиын-қыстау кезде барша халық басқыншы жауға қарсы тұтас қол ұстасып, қоян-қолтық соғысқаны мəлім. Бала-шағасын ертіп, Ленинградтан келіп, қазақ жерінде пана тапқан аяулы ана да сол достық отына жылынды. Осындай ұлы шындықтардың нəтижесінде кешегі тың жерді игеру науқаны да орасан оқиға, белес болып, жаңалық болып тарихқа енді. Поэмада даланың қаталдығы, қыста бораны мен аязы қысқан, жазда ыстық аптабы күйдірген ауыр күндер мен түндер жайы, сол қиыншылықтарды жеңуге бастаған халық ерлігі кең, терең жырланады. Айналып келгенде, қаншама қиын-қыстау күндер бастан өткенмен, ырысты да, табысты да берген сол дала. Қатал дала болса да, адам күшімен, адамның қайырымды еңбегімен көгерген, жаңарған дала. Ақын бар өнер-шабытын сол дала мейіріміне арнайды. Жалпы дала лейтмотиві поэмада ылғи қайталанып, əртүрлі сыр-сипатта көрініп отырады.
О, дала, ойхой дала, өркен дала. Ұйтқуы сырттағы бораннан кем соқпайды. Роман басында танысатын Қоспан мен соңғы қоштасар кездегі Қоспан бірдей емес. Кейінгі Қоспан – күрескерлік дəрежеге көтерілген қайрат иесі. Өзіне де, өзгеге де қояр талабы зор нағыз азамат. «Қасболаттың шаужайына неге мықтап тұрып жармаспады? Сонау Алматыға барғанда неге қақсап тұрып айтпады? Қандай кежір желкесінен тартып, еңсесін басқан?». Бар еңбегінің зая кеткенін Қоспан осы өкінішті сұрақтарды дер кезінде қоя алмаған ынжықтығының салдары деп түсінеді. Қыстың басы қатты боп, қораның маңындағы өрісті уақытынан бұрын жеп қойған-ды. Үюлі пішені там-түм. Оны сары майдай сақтамасыңа амал жоқ. Қой қоздап, жаппай төл төккенде пайдаланбақ. Алыстағы қамсаусыз жайылымға амалсыз кетті. Сонда жаямын деп мұндай күйге үшырады. Роман бар кінəні Қасболатқа артады. Негізінде ол жаман жігіт емес-ті. Жас кезінде өжет, пысық Қасболат комсомол жұмысына араласты. Игі істер атқарды. Ашаршылықта жетім қалған балаларға қол ұшын беріп, интернатқа орналастыруға, басқа да істерге жанын салып кіріскен жанып тұрған азамат болатын. Ұлы Отан соғысының офицері ретінде қан майданда бір кісідей шайқасты. Ал, соғыстан оралып, жауапты қызметке қолы ілінген жылдары бірқыдыру жақсылық қасиеттерінен айырылып қалады. Шəрипа деген ынтығына үйлене алмай, бойындағы қорқынышқа (мансабына залал тие ме деген) жеңдіріп бір тоналады. Қоспан - қандыкөйлек досы. Бір кезде шегініп бара жатып, тосқауылда қалдырған ержүрек солдаттарының бірі еді. Сол сарбазы еліне оралғанда сүтке тиген күшіктей хал кешеді. Фашист тұтқынында болғаны үшін сенімсіз аталады. Қызмет таба алмай, əуре-сарсаңға түседі. Дəп осы қиын-қыстау мезетте кадр бөлімін Автордың үлкен табысы – Қоспандай кейіпкердің Қасболатқа қарсы ішкі наразылығын тартыс формасына түсіріп, қос тағдырлы роман қабаттарын қиюластырып, бастапқы кішілеу жанрдың тұтас бітімді сюжетін бұзбай сақтағандығы. Ішкі монолог құралы арқылы екі адамның қиын да күрделі өмірін Кеңес Одағындай алып мемлекеттің шешуші кезеңдердегі сұрапыл тарихымен ұштастыра отырып шебер суреттегендігі.
«Біздің халықта əкім көп болғанмен, азамат аз» Тахауи романының осы бір іргелі қағидасы Қоспанға да, Қасболатқа да тікелей қатысты. Азаматтық неден басталады? Елін, жерін сүюден, қоғамдық өмірге саналы түрде, белсене араласудан, шындық, əділет жолын ар-намыс туы етіп ұстанудан, өзіңе де, өзге адамдарға да қатаң талап қоюдан. Романның бір кейіпкері, атап айтқанда, Қоспан азаматтық биігінде шыңдала түседі. Екінші кейіпкер Қасболат, керісінше, барды-жоқты азаматтық ар- инабатын мансабына құрбан етіп – омақаса құлауға тақау. Қоспан – негізі мықты, мінезге бай, сүйекті характер. Халық орманының емені. Бір кездегі солдат, артынан шопан, азды-көпті білімі де бар еңбек адамы. Істеген ісіне адал, мейлінше жауапкершілікпен қарайтын жан. Жолдастыққа, достыққа берік. Кең қолтық мейірімділігі, кешірімділігі, балажандығы, - бəрі қосылып келіп, қарапайым қазақтың мол пішілген момын тұлғасының жиынтық образын көзге елестетеді. Алайда бұл кейіпкерде жағымпаздық демесек те, жалбақтаушылық, кісі көңілін жықпаймын деп қалбалақтап жүріп, есе жіберіп алушылық, бір ұшы саясатқа тірелетін енжарлық басым. Роман сюжеті барысында Қоспан азаматтық қасиет-қадірінде олқы соғып жатқан осы бір кемшіндерінен біржола айығады. Төрт тəулік ақ дүлейде отарымен адасып жүріп, ақ таяқ ұстап қалуының себептерін іздеп, іштей қатты толқыныс-тебіреністе ширығып шынығады. Іштегі сезім боранының
Өңкей бір шілдехана өлкем дала!
Білмеймін неге сені теңерімді,
Кең дала, керік дала, көркем дала!
Қазақ даласының қырын да, сырын да білетін, əрі оның қан мен аңға сіңген тіршілік түбірі, тірлік төркіні екенін терең ұғатын ақын, сол ен далаға, кең далаға гимн, ода айтқысы келгендей. Жалпы «Қыран дала» поэмасы осылай ұғылғанда ғана өз бағасын, дұрыс бағасын алады. Əрине, жыр арқауы алдымен адам, еңбек, тыңға шабуыл. Бірақ соның бəрі далада, ежелгі, ескі, бергенінен берері көп берекелі далада өтіп, жүзеге асып жатыр деген ұғым поэмадан үнемі сезіліп отырады. Дала тақырыбын көп жырлаған ақын осы поэмасында шарықтаған, биікке көтерілген. Көркемдік жағын алсақ, белгілі он бір буынды өлең түрімен жазылса да, теңеу метафора, салыстыру əдістерінің молдығынан, əрбір сөздің өз орнында, толық мəн-мағынасында қолданылуы арқылы тартымды көркем сурет бейнелер жасалынған. Əдетте үлкен тақырыпқа барып, шабытпен жырлағанда, ақын əр қилы ою-өрнекке ұмтылып, ұйқас, ырғақ іздеп əуре болады. Бұл жағынан əңгіме етіп отырған поэма таза бірақ əрбір шумақ, жол мағына жағынан, ой салмағы жағынан мейіріңді қандырып отырады. Астық үшін, нан үшін күрестің мəнін ескі қазақ ұғымында бар түсініктерге жүгіне аңғартады.
Түс емес, еске салсын өң күндерді,
Нан үшін нансыз аштан өлгендерді.
Құраннан қазақ оны биік қойған,
Ұмыту жөн бе өсіп-өнген енді?
деген жолдардан нанды қадірлеген қазақ ұғымын көреміз. Дін кітаптарын баяғыда дорбаға салып, биікке асып қоятын болған ғой. Сондай-ақ керегенің басында жарты таба нан деген жұмбақ та бар. Нанды да көтеріп қоятын болған. Сонан шыққан шығар, қазақтар нанға шығып құранды алуға болмайды, құранға шығып нанды алуға болады деген. Мұнан дінге самарқау қарайтын қазақтың, өмір-тіршілікке келгенде пысықтығын, əрі дəм мен тұзға қасиетпен қарайтынын аңғарамыз. «Қыран дала» дегендегі эпитет толық емес сияқты көрінеді. «Қыранды дала» емес пе, дегің келеді. Əсіресе, орысшасы «Орлиная степь» болған соң, сондай ой туады.
Бұған ақын өзі анықтама берген:
Қыран деу - қанаттысың дегенім ғой,
Əйтпесе тең келер ме қыран саған?
Ақын даланың қыранды екенін, онда қыран ұшатынын айтпай-ды екен. Даланың өзін қыранға теңейді, қыранға балайды екен, яғни, даланың өзі қыран, қанатты дала демек. Бұл сəтте, əрине, «қыран» эпитет түрінде даланың ерлігін, биіктігін байқатып тұр.
1975 жылы ақынның «Сел» поэмасы жарық көрді. Алматы тарихында 1921 жылғы селден кейін немесе 1963 жылғы Есік көлін жойып жіберген топаннан кейін, орасан қауіп əкелген 1973 жылғы сел айтарлықтай апат еді. Қала аман қалды, бірақ оның қаншалықты күш-жігерге түскені тарихтан белгілі. Тау бұзылып, су мен тас сел боп аққан, қара жерді қақ тіліп, жүрген жерін ұстарадай жалмап отырған. Апат басталып, топан жөңкіп күш алды. Тек тоған, тоғанда ғана үміт, соған келіп тосқауылға ұшырамаса, хал қиын. Əлі түгел жасалып бітпеген, əрі жұқа тоғанды дереу биіктету қалыңдату керек. Тоған кетсе, бүкіл Алматы сел астында қалуы анық еді. Осындай əрі алып, əрі қаупі зор оқиға поэмаға мазмұн болған. Шығарма түгелдей сол күндер мен түндердің аласұрған күрес сағаттарына, ессіз жауға қарсы біліммен, техникамен қаруланған адамдардың күресіне арналған. Мұндай оқиғаны көркем шығарма қалай суреттеуі мүмкін. Олай болды, бұлай болды десе - ол жай баяндау болып күш, серпіліс.Романды талдау барысында психологиялық талдаудың компоненттеріне, олардың Қоспан, Жаппасбай, Жаңылдың характерлерін даралаудағы көркем мəніне назар аудару қажет. Қаһарманның рухани болмысында болып жатқан өзгерістердің, жаңарулардың себеп-салдарын автордың қаншалықты көркем жинақтай алғанын қадағалау орынды. 60-жылдардағы əдебиет қоғамдық-əлеуметтік өмірдегі сан қырлы өзгерістерді көркем зерттеп, жаңа заман адамының сана-сезімін, психологиясын, рухани болмысын жан-жақты саралауға ден қойды. Ауылшаруашылық, өндіріс салаларында жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық санасын зерделеп, олардың бойындағы адамгершілік,моральдық принциптерді, өз мүддесінен ұжым мүддесін жоғары қою секілді сапаларды аша көрсету күн тəртібінен түспеген мəселелер болды. Адамның ішкі əлемін меңгеруде көркемдік принциптер мен психологиялық стильді оның бойындағы қайталанбайтын өзгешелікті таңбалаудан гөрі, ұжымдық санасының қырларын танытуға бағындырды. Романның жұртшылық назарына бірден ілігуінің өз сыры бар. Бұл актуальдігі, зəрулігі айырықша шығарма, Сталин культінің кетеуін кетіріп, тоталитаризм кінəраттарын бетіне басқан алпысыншы жылдар ағымының
(«Шестидесятники») алдыңғы толқын үздігі. Повесте орталық кейіпкер біреу ғана – Қоспан шопан. Ал, романда ондай кейіпкер – екеу Аупартком хатшысы Қасболат образы бұрынғы қосалқы рөлдегі қалпынан əлдеқайда толысып, қомақтанып, орталық қаһарман өресіне көтеріледі. Повесті ұлғайтып роман жанры етудегі автор ойының түп қазығы айқын: сол кездегі ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, ақырып тұрған партиялық басшылықтың шын мəнінде кетеуі кете бастағанын əйгілеп əшкерелеу.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Баққожа Мұқай былай еске алады: «Жұбақаң сырт қарағанда өте қатал адам болып көрінеді. Бірақ, жаны жұмсақ. қиналған адамдарға қамқорлық жасауға дайын тұратын еді. Кейде біреуге жасаған жақсылығы өзіне таяқ болып тиіп жататын.
Біздің міндетіміз - жазушыларға қамқорлық жасау. Үйді жазушылардың балаларына берсек, бұл - олардың әкелерінің жағдайын ойлағанымыз. Арыз жазылар, сыртымыздан кінәлар, сөгер. Уақыт біздің ісіміздің әділдігін сан рет дәлелдейді, - деді бір жиында ол кісі.
Жұбан Молдағалиев маған әрқашан аса үлкен мәселелермен айналысып жүргендей болып көрінетін. Шынында да, солай еді. Ол ірілігін, үлкен тұлға екендігін жер басып жүрген жылдарында сан мәрте дәлелдеді. Соның бірі - 1986 жылдың 31 желтоқсанында Жазушылар одағында болған жиында жасаған ерлігі. Қазақстанның жаңа басшысы Г.Колбин сол күні бүкіл нөкерлерін ертіп, Жазушылар одағына келген. Сол жолы «мың өліп, мың тірілген» ұлтының намысын жыртып, ешкім айта алмаған сөзді Жұбан Молдағалиев айтты. Ол сондай еді. Сондай болып туған тұлға еді».
Қадыр Мырза Әлі: «Колбиннің алдында қыршынынан қиылғандарды қорғап сөз айтқан бір ғана ақын болды. Ол – Жұбан Молдағалиев. Ол Жазушылар одағында өткен жиналыста Колбиннің алдында өз ойын ашық айтты. Осының бәрін немен тынарын сезіп тұрып, біліп тұрып, солай істеді. Батыр болуға тиісті азамат еді. Батырлық істеді. Жылдар бойы жүрегін қысып келген запыранын құсып тынды. Ондай батылдықтан кейін оның тірі жүруі ақылға сыймас еді» - деп, сүйіспеншілікпен өзінің кітабында жазады.
1985 жылдың көкек айында Михаил Горбачев бастаған қайта құру, жариялылық, бетбұрыс Жұбан ақынның өмірлік сенімін, көзғарастары мен түсініктерін түбегейлі шайқалтып жібереді, «Біз - совет ақындарымыз, біз буржуазиялық идеологияға қарсы бітіспес күрес майданындағы ақындармыз» деп ақынның өзі зор дауыспен, зор мақтанышпен айтып келген социализм идеяларының көкке ұшқанын, социалистік қоғамның тұйыққа тірелгенін түсінеді. Жұбан Молдағалиев «Ерікті тақырыптарға толғаныс» деген соңғы мақаласында: «Біз жұмсаған күш –жігердің, ынта ықыластың бәрі бірдей салтанат, бәрі бірдей самғау бола берген жоқ. Ірі – ірі сәтсіздіктерге ұшырадық, қателіктерге ұрындық. Айтайын дегеніңді айта алмай, көлеңкеңнен үркіп, қателесуден қорыққан жерде – демократия да жоқ. Кешегі күндердің қатал сабақтары осыны сипаттайды» деп жазды. Жетпіс жыл салтанат құрып, әлемде ұлы империяға айналып үлгерген Советтер одағы күйреп, қазақ елінің мемлекеттік тәуелсіздігін көру Жұбан ақынның тағдырына жазылмады, ақын 1988 жылғы 6 қазанда Алматы қаласы ауруханасында қайтыс болады.
1990 жылдың қыркүйегінде Өлеңті ауылында Жұбан Молдағалиевтің 70 жасқа толу мерейлі мерекесінде Жұбанның ауылдасы, өмірлік досы, белгігі ақын Сағынғали Сейітов:
Мен қаншама болсам-дағы шыдамды.
Топырағыңа тиген шақта табаным,
Көзім мөлт-мөлт, моншақ шықпен шыланды.
Шыланбады, ағыл-тегіл бұланды,
Серпе алмадым жанарымнан тұманды.
Кешір мені, келе алмадым ертіп мен.
Дара дарын, дана ұлың Жұбанды.- деген жан тебірентер жолдарды оқығанда өлеңтіліктер, келген қонақтар толқып, көздеріне жас алды.
Жұбан ақын туралы жақсы көп айтылды, әлі де айтылады, оның нар тұлғасы, қазақы кеңдігі, адамшылығы мен кісілік келбеті және адал, асыл қасиеттері туралы ғылыми зерттеулерде, оның өмірі мен өлеңдері туралы еңбектерде талай әлі жазылады, біреулер күйе жағам десе де адалға қара жұқпайды, ол маңызды да емес. Маңыздысы Жұбан ақын қазір биіктен ескертіп, қуатты жалын шашып:
Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім..... деп шыңда тұрғандай көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет