Жбб №30 мектептің «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай



Дата03.11.2023
өлшемі18,24 Kb.
#121779
Байланысты:
Жас Ұлан есебі 2022-2023


ЖББ №30 мектептің
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай
балалар мен жасөспірімдер ұйымының
2022-2023 оқу жылының жылдық
бойынша атқарған жұмыстарының
Е С Е Б І
2022-2023 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітіліп сол бойынша жұмыстар атқарылып, Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» тақырыбында 1 қыркүйек күні өтті. Білім күні «Мен елімнің патриотымын» салтанатты жиыны

  • 1-сыныпта «Менің – Отаным Қазақстан»

  • 2-4 сыныпта «Мен – кішкентай патриотпын»

  • 5-8 сыныптарда «Мен – өз елімнің патриотымын»

  • 9-11 сыныптарда «Патриотизм – ұлттық рухтын асқақ белгісі»

5-15 қыркүйек аралығында тіл мамандарының бастауы мен ҚРның тілдер күнің атап өткізу туралы бұйрығын басшылыққа ала отырып « Ана – тілім айбыным» атты онкүндік іс-шаралары өтілді. Іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сәйкес шаралар өтілді.
Қазан айының бірінші аптасында 3-сынып жетекшісі Ағыбаева Г.К бастауымен ауыл қарттарына арналған « Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара өтті. Ұстаздар күніне орай 7 – сынып жетекшісі Какенова Р.С ұйымдастырумен «Ұстаз аты мәңгілік, жадында қалар жаңғырып» атты мерекелік іс-шара өз деңгейінде өтті.
«Мерекелеі, берекелі, Алтын күз» МАД тобында «Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған», 1-4 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» байқауы өтсе, Мизамбаева Г.Ұ ұйымдастырумен 5-10 сыныптар арасында «Сыбдырлы сұлу Алтын күз» тақырыптарында мерекелек іс-шара өтті.
25-қазан Республика күніне арналған іс-шараны 6 сынып жетекшісі Ережепова П.С патриоттық ән, патриоттық жыр, патриоттық тәрбиемен жоғары деңгейде өткізді.
Қазан айында мектеп ұланбасын сайлауы өтті. 5-11 сынып оқушылары және ұстаздар арасында сайлау парағы таратылып, жоғары балл жинаған 8 сынып оқушысы Жолбаева Мадина мектеп президенті болып сайланды. Сайлаудың соңында мерекелік концерт болды.
2022-23 оқу жылының ІІ оқу тоқсанында іс-шаралар өз жалғасын тапты. Тәуелсіздк мерекесіне орай сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім», «Тәуелсіздік ел тілегі», «Тәуелсіздік қадамдары», «Күн дидарлы Қазақстан», «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында «Волейбол» және «Үстел теннисі» спорттық ойындары өтті. Мерекеге орай «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» атты мерекелік іс-шараны 4 сынып жетекшісі Еркінова М.К өткізді. Салтанатты жиынға «Бірыңғай Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Қатарына 2 сыныптың 21 оқушысы қабылданды.
Мектебімізде қыркүйек айынан бастап 4 үйірме жұмыс жасайды:

  1. «Қуыршақтар әлемі» театр үйірмесі Ажибаева Г.С.

  2. «Әсем әуен» хор үйірмесі Ажибаева Г.С

  3. «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі Мизамбаева К.Ұ

  4. «Жас дизайнер» қолөнер үйірмесі Серік Г.С.

2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушылары жоспар бойынша өз жұмыстарын жалғастырды.
10 қаңтар күні «Қуыршақтар әлемі» театр үйірмесі және «Әсем әуен» хор үйірмесінің қатысушылары «Біздің өнерпаздар» тақырыбында іс-шара өткізді.
«Қуыршақтар әлемі» театр үйірмесінің қатысушылары қуыршақты қолдан жасап қана қоймай, ертегіні өз ойларынан құрастырып, сол ертегі желісін бүлдіршіндерге қойып береді.
Мектебімізде өтіп жатқан барлық апталықтарға, онкүндіктерге, жобаларға «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөсіпірімдер ұйымының оқушылары белсене ат салысып қатысады.
8-наурыз мерекесіне орай өткен «Ана – өмір гүлі» тақырыбындағы мерекелік іс-шараны 8-сынып оқушысы Төлеубаева Н.С өз деңгейінде өткізді.
22- наурыз мейрамы «Наурыз думан» тақырыбында барлық сыныптың қатысуымен өтті.
Қарқаралы ауданыда күлкі күніне орай өткен Көңілді жастар додасында «Ең жас команда» номинациясымен мектебіміздің «Бізге қара» командасы марапатталды.
1-мамыр Қазақстан Республикасының бірлік күніне орай «Бірлігіміз жарасқан елміз» тақырыбында мерекелік іс-шараны 9-сынып жетекшісі Серік Г.С өткізді.
7-мамыр 5-11 сынып арасында «Ал, қанекей, жігіттер» тақырыбындағы іс-шараны 10-сынып оқушысы Қуанышбекова Г.М өткізді.
9-10 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.
9-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы іс-шараны 2-сынып жетекшісі Иманбаева А.К өткізді.
1-маусым Балаларды қорғау күні «Қош бол менің мектебім» тақырыбындағы салтанатты жиыны өтті.
Сонымен қатар мектебіміздегі оқушылардың спорттық сайыстарға деген ниеттері күннен күнге артуда. Атап айтсам: бокс, волейбол, баскетбол, футбол т.б спорт түрлері.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы келесі оқу жылы да жоспар бойынша өз міндеттерін атқарады деген сенімдемін.

Ұсыныс:



  1. Келесі оқу жылында мерекелік іс-шараларда әр сынып жетекшілері болатын іс-шараның әзірлемесінің бір данасын мектеп тәлімгеріне тапсырса.

  2. Қойылатын әуендерді алдын ала комьпютерге жазып дайындаса және ұялы телефон арқылы әуен және видео жазылым қойылмаса.


Мектеп директоры Жаман Е

Орын: Ажибаева Г.С
Тел:57-7-67

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет