ЖБЛ-911 Кулметова Угилой
№7 Деңгейлік тапсырмалар
1.Тіршілік ететін ортасына қарай қосмекенділердің рептилилерден айырмашылығы
Бауырымен жорғалаушылар – алғашқы амниоталар. Бұлар тұтастай құрылық омыртқалылары, кейбір суда тіршілік ететін түрлері екіншірі рет бейімделгендер. Амниоталардың аналықтары жұмыртқасын құрлыққа салады, немесе дене қуысында көтереді, ал жастары бірден ересектерге ұқсас болып туады, судағы дернәсілдік даму сатысы болмайды.
2.Рептилилер мен қосмекенділердің құрылыстарындағы айырмашылықтары.
Рептилиялардың ішкі құрылысы амфибияларға қарағанда аса күрделі. Барлық өзгерістері, біріншіден, тіршілік ортасына бейімделуіне, екіншіден эволюциялық даму сатысының жоғарылауына тікелей байланысты. Сыртқы дене жабындысы – терісі – толығымен мүйізді қабыршақтардан тұрады. Олардың дамуы барысында эпидермистің жергілікті өсуі. Рептилиялардың сүйек қаңқасы амфибияларға қарағанда жетік дамыған. Негізгі айырылмашылықтары: бас сүйегі амфибиялардағыдай жалпақ емес, оның түбі тар және жұқа көзаралық пердесі болады. Рептилияның омыртқа жотасы амфибияға қарағанда көптеген бөлімдерге – мойын, көкірек, бел, сегізкөз және құйрыққа бөлінген. Рептилиялардың жүйке жүйесі бір жағынан амфибиялардікіне ұқсас болса, екінші жағынан құрылымдық ұйымдасуының белгілері бойынша төменгі сатыдағы сүтқоректілердің миына жақындайды.
3.Рептилилердің маңызы.
Ерте заманнан берi жылан адам баласы үшiн өте қауiптi де қатерлi болып келедi. Жылан биологиясын бiлмейтiн кез келген адам оны көрген бетте сескенiп қалады да, дереу өлтiрудi ойлайды. Соңғы жылдары, ғалымдардың зерттеуi бойынша жылан уының медицина үшiн пайдасы зор екенi анықталды. Медицинада уын пайдалану үшiн оларды ұстайды. Олардан бiрнеше рет у алу үшiн арнайы жасалған серпентарилерде (питомниктер) ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |