Деңгейлік тапсырмалар



бет1/7
Дата01.04.2023
өлшемі78,68 Kb.
#78168
  1   2   3   4   5   6   7



Деңгейлік тапсырмалар


Алғы сөз
Қазақ тілі пәні бойынша ұсынылып отырған бұл тапсырмалар жинағы жалпы орта, негізгі білім беретін мектептің 6 –сыныбында қазақ тілін оқытуда көмекші құрал қызметінде пайдалануға болады. Оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу, алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануға жаттықтыру, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту, әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормаларын меңгертуге жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқу дағдыландыру мақсатын көздейді. Жинақ фонетика, морфология бөлімдерінің негізгі ережелерін саналы , тиянақты меңгерту, үйрету мақсатына бағытталған білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мәндегі деңгейлік тапсырмалардан тұрады.
Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін тереңдете түсуге, тілдік объектілерінің қыр – сырын біліп, өзіндік ерекшеліктерін тани алуға, әр алуан тапсырмалар арқылы білім деңгейін молайтуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оқушылардың сабақта, сабақтан тыс кезде жұмыс істеуіне , тіл дамыту, жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа еңгізілген тапсырмалар мен жаттығуларды оқушылардың білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады, яғни жұмыс түрлерін оқушылармен жеке- жеке жүргізуге, өтілген материалдарды жүйелі қайталауға болады. Жинақта белгілі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қорытындылауда, жинақтауда, пысықтауда пайдаланатын кестелер түрлері берілді. Жинаққа енген материалды үлестірме және жеке тапсырмалар кестесі түрінде де пайдалана алады.
Көмекші құралға қазақ тілін оқытуда пайдаланылған шығармашылық тапсырмалар да ұсынылып отыр. Тапсырмалар оқулықтағы «Сөз таптары» тарауы бойынша «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Етістік», «Есімдік», «Үстеу», «Еліктеу», «Шылау», «Одағай» тақырыптарын түгелдей дерлік қамтиды.
Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өзін- өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.


ІІІ деңгей
1. Мектеп туралы қандай мақал – мәтел білесің?
2. Ашса, мектебім, ақ ешкі, дәптерлер.Қарамен жазылған сөздердің үндесу заңдылықтарын айт.
3. Еріндік, езулік дауыстыларды айтып бер.


ІІ деңгей
1. Дауысты дыбыстардың түрлерін анықтап, кестені толтыр.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет