115
Ж.Ә. Әбелдаев
жаңа мемлекетке
жаңаша идеология қажеттігі
– уақыт талабы болатын. Сондықтан да фило
-
соф Зия Көкалып Осман империясының ыды
-
рауы үдерісі кезінде жаңа ұлттық бірегейлік
ізденістеріне кірісіп кеткен еді. Осы көзқарастың
негізінде түрік қоғамының өзіне тән моральдық
және мәдени құндылықтарын кейбір Батыстық
құндылықтармен синтездеп, белгілі бір нәтижеге
жетуді көздеді.
Автор «түркілену, исламдану және модер
-
низациялану» деген тұжырымының төркінінде
мәдени элемент – түрікшілдік, ал моральдық
элемент – исламшылдық деп түйіндеді. Зия
Көкалыптың пікірінше халықаралық мәдениеттің
негізін ұлттық мәдениеттер құрайды. Мыса
-
лы ол сарай әдебиетіне қарсы халық әдебиетін
қойып салыстырмалы талдау жасады. Батыстың
технологиясы мен ғылыми дамуына негіз болған
позитивистік ғылыми түсінікті қолдады. Ал дінді
қоғамдық бірлікті сақтаудың көмекші құралы
ретінде бағалады. Зия Көкалып құрған қоғамдық
модель Эмиль Дюркгэймнің «ынтымақтастық»
теориясына иек артты (Durkheim, 1919). Тұлғаны
негіз еткен либерализм мен қоғамдық текетіресті
қолдайтын марксизм идеясына қарсы кәсіби
ұйымдарды қоғамдық бірлік ретінде мойындай
-
тын «ынтымақтастық» идеясын қолдады.
Зия Көкалып саяси-қоғамдық көзқарастары
туралы көптеген мақала жазды. Түрікшілдік
идеясын жүйеледі. Түріктің ұлттық әдебиетінің
құрылуы мен дамуында ерекше рөл ойнады. Зия
Көкалыпты «түрікшілдіктің атасы» деп те атайды.
Түрікшілдік пікірі Батыстық және орыс
басқыншылары тарапынан қатты сынға ұшы-
рап, ол
әсіре ұлтшылдыққа баланып, «ескіні
көксеуші», «ұлтын жақтаушы», «хандық мем ле-
кетті аңсаушы» деген көзқарастармен тұжы рым-
далды. Сондықтан кез келген түркі халықтарына
қарсы айыптаулар түрікшілдік, тұраншылдық
идеялары арқылы жазаланып отырды.
Пантұранизм негізінде болашақта күллі
түркі халықтарының бір тудың астына бірігіп,
ұлы мемлекет құру идеясы жатыр. ХХ ғасырдың
басында түрік жазушысы Халиде Эдип Адывар
«Жаңа тұран» (Yeni Turan) (Adıvar, 1912) ро
-
маны арқылы көне түркі мәдениетін тірілтіп,
«көкбөрі» образын жандандырды.
ХХ ғасырдың басында түрік қоғамында
түрікшілдік, исламшылдық және тұраншылдық
идеялары көп насихатталды. Ол түрік мәдениеті
мен әдебиетіне де әсер етпей қоймады. Түрік
әдебиетінде қаламгерлерге «түрікшіл, ислам-
шыл, тұраншыл, батысшыл» деген атаулар таңу
үдерісі белең алды. Сондай-ақ, түрік қалам-
гер лері Зия Көкалып ұсынған рухани және
әлеуметтік саладағы бағыттарға байланысты
өздігінше жіктеліп, тіл, әдебиет, тарих, діл, дін,
саясат, экономикадағы түрікшілдер деп бөлінді.
Түрікші – Зия Көкалып, исламшы – Мех
-
мет Акиф Ерсой, тарихқа ерекше ден қойған
ұлтшыл – Яхия Кемал Бейатлы,
Батыстық тен
-
денцияны қолдаушы ұлтшылдар – Халиде Эдип
Адывар мен Якуб Кадри Қараосманоғлы, түрік
тілін жақтаушы – Мехмет Эмин Юрдақұл және
т.б. араларындағы аз ғана өзгешеліктер арқылы
түрік жазушылары түрлі саладағы түрікшілдік
идеяларын қолдап, «Ұлттық армияның» (Kuvai
Milliye, Kabaklı, 1994) ой-пікірі мен әдебиетін
жасауға атсалысты.
Ұлттық ой-пікір мен көзқарастар мұрасы
түрік әдебиетіндегі «Бес буыншы» поэтикалық
бағыты мен сол кездегі Пеями Сафа сынды
жас романистердің шығармашылығында өз
жалғасын тапты. Түрікшілдік ұраны тіпті жас
Назым Хикметке де ерекше әсер етіп, ол «буын»
өлшемімен ұлттық поэмалар жазуға бетбұрыс
жасады.
Алайда, Республика құрылғаннан кейінгі
кезеңде Исламға және тарихи көзқарастағы
ағымдарға мемлекет оң қабақ танытпады. Мем
-
лекет ақын-жазушылардан «революцияшыл-
ұлтшыл және бір партиялық» көзқарас негізінде
жазу керектігін талап етті. Мемлекеттің бұл
ұстанымы көптеген әдебиет қайраткерлерінің
көзқарастарына қайшы келді, тіпті базбіреулері
жазудан бас тартты. Мысалы, мұндай талап
-
тан соң түріктің ұлттық гимнінің авторы, түрік
әдебиетінде панисламизм ағымының ірі өкілі
Мехмет Акиф Ерсой Мысыр ауып кетті, ал
Халиде Эдип
Адывар бірнеше жыл Европада
тұруға мәжбүр болды. Яхия Кемал Бейатлы бол
-
са, тек өзіндік шығармашылығымен айналысып,
көбінесе дипломатия саласына қарай ауысты.
Осылайша, ұлт-азаттық күрес кезеңі әдебиетінің
бетке ұстар тұлғалары ақырындап әдебиет май
-
данынан ығыса түсті.
Жаңа құрылған жас Түркия мемлекетінің
ақын-жазушыларына өз шығармашылықтарын
жалғастырудың осылайша негізгі үш жолы
белгілі болды. Бірінші жолға – Бехчет Кемал
Чағлар секілді (бұл топтың құрамында әуел ба
-
ста Фарук Нафиз Чамлыбел, Орхан Сейфи Ор
-
хон, Юсуф Зия Ортач, Халит Фахри Озансойда
болған) діни және тарихи ұстанымдарды негізге
алмаған «Кемалистік-революцияшыл» ресми
ұлтшылдарды жатқызамыз. Екінші бағытты –
поэзия мен прозада ерекше эстетикалық, сыр
-
шыл символикалық және терең философиялық
116
Түрік қаламгері Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» романындағы түркі бірегейлігі
тенденцияға бет бұрған Нәжіп Фазыл Кысакүрек,
Ахмет Хамди Танпынар, Ахмет Мухип Дыра
-
нас секілді суреткерлер ұстанды. Ал үшінші
бағытқа – Назым Хикмет Ран, Хасан Иззеддин
Динамо, Садри Эртем, Сабахаддин Әли сынды
социалистік доктринаны мойындаушы, солшыл
идеологияны жақтаушы қаламгерлер орналасты
(Kabaklı, 1994: 640).
Социалистік реализмді жақтаушы түрік
қаламгерлері 1925 пен 1940 жылдар арасында
батыл, қайтпас ұстанымдары, кез келген дау-
ды шешуге
дайын қайсар көзқарастары, шет
күштерге арқа сүйегіш бағыттары және түрік
ұлтшылдығына қарсы әдеби ұстанымдарды
көз ілеспес жылдамдықпен жалғастырып
жатқанда оларға қарсы шығып, өздерінің
ұлттық ұстанымдарының өзегін Зия Көкалып,
Мехмет Эмин Юрдақұл және Яхия Кемал
Бейатлы ұлтшылдығынан өрбіткен күрескер
жаңа буын әдебиетшілер пайда болды. Олар
ұлттық әдебиетті қайта жаңғыртуға сүбелі үлес
қосты. Бұл топты жақсы ұйымдасқан, белгілі
бір әдеби декларациялармен топтасқан бағыт
деу ге келмейді. Олардың өз арасында кейбір
өзгешеліктер де бар. Олар мынандай топтар деп
топшылаймыз:
Алғашқы топтың басында – Хүсейін Нихаль
Атсыз тұр. Ол – түрікшіл-ұлтшыл немесе әсіре
түрікшіл (aşırı türkçülük, ультрапантүркизм)
бағытының негізін салды. Х.Н. Атсыз – көбінесе
Исламнан бұрынғы және сол кездері Түркиядан
тысқары қалып қойған түрікшілдіктің идео-
логия сын, әдебиетін, мәдениетін және күрес-
керлік рухын мәселе етіп көтерді. Яғни,
Х.Н. Атсыз мырза түркі халықтарының бір
байрақтың астына бірігуі (тұраншылдық) идея-
сын ту етіп көтеріп, сол жолда күресін бастап
кетті. Зия Көкалыптың «тұраншылдық» идеясын
ұлттық идеология деңгейіне
көтеру мәселесі ХХ
ғасырдың басында саяси-әлеуметтік жағдайға
байланысты Түркияның қолынан әл-әзір
келмейді, бұл мәселені кейінге қалдыра тұру ке
-
рек деген сөзіне қарамастан Х.Н. Атсыз бұл істі
шындап қолға алған еді. Шынтуайтында, ол бұл
күресін өмірінің соңына дейін жалғастырып,
белгілі бір дәрежеде жеңіске де жеткен-ді.
Түрік ұлтшылдығын үгіттеудің екінші то
-
бын белгілі ақын Орхан Шаик Көкяй бастап
тұр. Белгілі түрік ақыны эпикалық стиль
-
мен Анадолыдағы лирикалық (Saz Şiiri) поэ-
зия дәстүрін жаңаша жаңғыртуды көздеді.
Дастандық поэзияның жандануы соғыстан әбден
қажыған Анадолы түріктеріне шын мәнінде
ерекше күш-қуат сыйлады. Түрік халқының
еңсесін көтеріп, отаншылдық сезімдерін оятты,
патриотизмге бау лыды.
Бұдан қатты әсерленген түрік ақыны Басри
Гожул енді лирикалық поэзияны асып, эпос-
тар дәуіріне бет бұрды. Көне түркі эпостарын
жандандыруға ерекше үлес қосты. «Оғыз»
эпосын негізге ала отырып, батырлық жырлар
жазуға кірісіп кетті.
Ал еркін жанрдағы қара өлең шебері Ариф
Нихат Асия ұлттық мәселені де, тарихи-ис
-
лами мәселені де, терең эстетикалық поэзия
-
ны да жаңаша жырлау арқылы түріктің ұлттық
мәселесін өзінше шешуге кірісті. Түріктің
алқызыл туын идеялық-тақырыптық ерекшелік
ретінде қарастырған А.Н. Асияның тек түріктің
туы туралы өлеңдерінің өзі бір кітапты құрады.
Ал түрік жұрты атақты шайырды «Байрақ ақын»
деп атап кетті.
Осы ұлттық бағыттағы қаламгерлердің
ішіндегі жан аямас күрескерлігімен белгілі
болғаны – ультрапантүркист Хүсейін Нихаль
Атсыз еді. Түркі халықтарының жоқтаушысына
айналған күрескер қаламгер өзінің шығар-
машылығын түркі бірегейлігін әспеттеуге
бағыттады. Оның «Көкбөрілер» тарихи дило
-
гиясында түркілердің тарих сахнасына шыққан
күннен бастап өздері қорғаған күллі адамзаттық
құндылықтар әңгіме өзегіне айналады (Tural,
1976).
Достарыңызбен бөлісу: