ИНФОРМАТИКА: ТУРГАНОВ МАДИЯР
ЫҚШАМДАЛҒАН БІРІКТІРІЛГЕН ТЕОРИЯ: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
АЛМАТЫКІТАП
1. Компьютерлік желі – коммуникациялық құрылғыларды (дискілер, файл, принтер)
тиімді
пайдалану мақсатында бірыңғай деректерді алмасу арнасына
біріктіретін компьютерлік
желілер тобы.
2. Желілер таралу ерекшелігіне қарай 4 түрге бөлінеді. Олар:
a. • аумақтық таралуына ;
b. • тиістілігіне ;
c. • деректерді тасымалдау жылдамдығына;
d. • деректерді тарату ортасына байланысты.
3. Жергілікті желі шектеулі аймақта (бір бөлмеде,
мекемеде, зауытта т.с.с.)
орналасқан
компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудың негізгі мақсаты – өндірістік процестерді
автоматтандыру, қажетті құжаттарды жедел өңдеу мен ақпарат алмасуды жылдамдату.
Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер кабельдер
арқылы желілік бейімдеуіш
(адаптер) көмегімен байланысқа түседі.
4. Корпоративтік немесе аймақтық желі – бір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің
бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желі. Белгілі бір
ұйым немесе мекеме де өзара
электрондық құжат алмасулар үшін аймақтық желіні қолданады.
5. Дүниежүзілік желі – дүниежүзі бойынша компьютерлерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы
байланыс жасау желісі. Қазіргі кезде мұндай желінің
қызметін интернет атқарады
6. Желідегі компьютерлер жұмысын арнайы программа басқарады. Олар бір-бірімен ақпарат
алмасу кезінде бәріне ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Осы ортақ ережені «желілік
хаттама»
деп атайды
7. Тиістілігіне қарай бөлінуі:
a. Ведомстволық желі Бір ұйымға немесе мекемеге тиісті болады.
i. •Банкоматтар, теміржол кассалары;