Жоғарғы тыныс жолдарының жедел обструкциясы бар науқасқа шұғыл коникотомия жүргізу
№
|
Қадамдар
|
Әрекет алгоритмі
|
1
|
Науқасты манипуляцияға дайындады
|
Науқасты горизонтальді қалыпта жатқызды
Жауырын астына валик қойды
Науқастың басын максимальды артқа қарай шалқайтты.
|
2
|
Коникалық байламға пальпация жасады.
|
Қалқанша шеміршегін басып (ер адамдарда – «адамов алмасы» немесе төмпешік) бекітіп ұстап және саусағын ортаңғы сызық бойымен төмен келесі төмпешікке– сақина тәрізді дөңгелек пішінді шеміршекке дейін сырғытты. Теріні тілу үшін екі шеміршектің арасындағы коникалық байламды (мембрананы) тауып, пальпация жасады.
|
3
|
Мойын алдыңғы беткейін өңдеді
|
Мойынның алдыңғы бетін 70% спирт ерітіндісімен ортасынан шетіне қарай өңдеді.
|
4
|
Скальпелмен тері және тері асты май қабатына тілік жасады
|
Бір қолдың саусақтарымен жалпақ бүйірі доғалданған скальпельді ұшынан бір сантиметр жоғары етіп ұстады. Мойынның ортаңғы сызығы бойымен тері және тері асты май қабатына тігінен (2см) тілік жасады.
|
5
|
Қалқанша және сақина тәрізді шеміршектер арасындағы коникалық байламмен жабылған ойысқа пальпация жасады
|
Қалқанша және сақина тәрізді шеміршектер арасындағы коникалық байламмен (мембранамен) жабылған ойысты тауып пальпация жасады
|
6
|
Қалқанша және сақина тәрізді шеміршектер арасындағы ойысты кесті
|
Тік скальпельдің ұшымен қалқанша және сақина тәрізді шеміршектер арасындағы ойысты көлденең кесіп өтті
|
7
|
Жараның шеттерін кеңейтті
|
Жараның шеттерін Труссо кеңейткішімен кеңейтті
|
8
|
Коникотомиялық түтікті еңгізді
|
Коникотомиялық түтікті еңгізді. Кеңейткіш Труссоны алып тастады. Түтікті шығарды.
|
9
|
Өкпені желдендіру баламалығын бағалады
|
Канюля қалпын бағалау (түтік арқылы ысқырықты ауаның кіріп шығуы естіледі). Аускультация көмегімен өкпені желдендіру баламалығын бағалады.
|
10
|
Канюляны байлап бекіту. Асептикалық таңғыш салды.
|
Коникотомиялық түтікшенің екі жақ астынан (құлақ астына) залалсыздандырылған салфетка салып, канюланы баулар арқылы байлады (түйін жанынан).
|