Жедел медициналық Көмек


ЖМЖ қызметінің ұйымдастырылу принциптері



бет5/5
Дата13.05.2022
өлшемі30,92 Kb.
#34230
1   2   3   4   5

ЖМЖ қызметінің ұйымдастырылу принциптері:


Географиялық белгілері бойынша
-қалалық
-ауылдық бөлімшелер, пункттер
Ауруханалармен қарым-қатынасы бойынша және әкімшілік
басқару типі бойынша
-өз бетінше бекеттер
-біріккен (ауруханалардың құрамында)
-қалаларда –көп салалы ауруханалармен бірге
-ауылдық жерде-орталық аудандық ауруханамен
ЖМЖ беру принциптері бойынша
-шақыртудың түрі

- ауру, жарақат, қайғылы оқиғаның түріне қарай қаржыландыру көзі бойынша
мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы.

 ЖМЖБ қызметінің ұйымдастырылуы


ЖМЖБ – тұрғындары 30 мың адамнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу-профилактикалық мекеме болып табылады немесе
қалалық жедел жәрдем ауруханасының құрамына бір оның құқықтық бөлімі ретінде кіреді.
Тұрғындарының саны аз қалалар мен аудандарда жедел медициналық жәрдем бөлімдері қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында ұйымдастырылады Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ЖМЖ бекеттерінің құрамында қосалқы бекеттер (бөлімшелер)
ұйымдастырылады.

ЖМЖБ құрылымы


- оперативті диспечер бөлімі;
- байланыс бөлімі;
- медициналық статистика бөлімі архивпен бірге;
- емханалық ауруларды қабылдау бөлімі;
- бригадалардың медициналық жабдықтарын сақтайтын
бөлме және медициналық жинақтарды жұмысқа
дайындайтын бөлме;
- медикаменттерді сақтайтын өртке қарсы және
қорғаныс дабылымен жабдықталған бөлме ;
- дәрігерлердің. орта мед персоналдың және
жүргізушілердің демалатын бөлмесі;
- кезекші персоналдың ас ішетін бөлмесі;
- әкімшілік-қожалық және басқа мекемелер;

- гараж,жабық тұрақтар-бокстар, қоршалған
автокөліктер тұратын аумақ

Қорытынды:

Жедел және шұғыл медициналық көмек (ЖМЖ) – оқиға орнында да, жол бойында да өмірге қауіпті жазатайым оқиғалар мен жіті ауыр аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуге бағытталған медициналық ұйым. Көмектің бұл түрі үйде, көшеде, жұмыс кезінде және түнгі уақытта болатын жазатайым оқиғалар мен кенеттен ауыр сырқаттану кезінде, жаппай улану және басқа да қауіпті жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылады.

Арнайы жедел жәрдем бригадалар бөлінеді:


Кардиологиялық — жедел кардиопатологиямен ауыратын науқастарды
тасымалдау және шұғыл кардиологиялық көмек көрсетумен айналысады.
Реанимациялық — шекаралық және терминалды жағдайлар кезінде шұғыл
көмек көрсетеді.
Педиатриялық — балаларға шұғыл көмек көрсету және тасымалдаумен
шұғылданады,сонымен бірге жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізеді.
Психиатриялық —психологиялық бұзылыстары бар науқастарға жедел
көмек көрсету және тасымалдаумен қатар оларды жақын арада орналасқан
психиатриялық стационарға жеткізеді. Науқас жағдайына байланысты күш
қолдануына және еріксіз ауруханаға жатқызуға құқығы бар.
—Наркологиялық — наркологиялық науқастарға,алкогольді делирий және
ұзақ ішкілікке салынған науқастарға шұғыл көмек көрсетуге бағытталған.
Неврологиялық— жедел немесе созылмалы неврологиялық және
нейрохирургиялық аурулардын асқынуы болған жағдайда жедел көмек
көрсетеді.
—Травматологиялық —түрлі аяқ -қол жарақаттары мен басқа дене
мүшелерінің жарақаттары,биіктен құлау және басқа жарақаттар кезінде
көмек көрсетеді.

Жедел жәрдем екі режимде қызмет атқарады:

~Күнделікті

~Төтенше жағдайлар кезінде

Пайдаланған әдебиеттер:

Турланов К.М., Калкабаева С.А. Жедел медициналық

Жәрдем беру. Алматы. 2004ж

Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г.М., 2008

Руководство по скорой медицинкой помощи. Под ред.



В.М.Михайлович,2004г

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет