Жедел миокард инфаркті



бет5/5
Дата19.09.2023
өлшемі2,66 Mb.
#108550
1   2   3   4   5

Физикальды зерттеу:

  • тері жабынды бозғылтылығы;
  • мұздай тер;
  • жүрек үндері кереңделген;
  • артериальды қан қысымның (АҚ) білінбес төмендеуі кейде АҚ əлсін жоғарлауы немесе гипертоникалық криз фонында МИ пайда болуы мүмкін;
  • тыныстың бұзылуы (ентікпе, ауаның жетіспеушілік сезімі).

Диагностика.

  • Электрокардиограмма жүрек бұлшықетіндегі некроз ошақтарын, оның тереңділігін жəне орналасуын, инфаркталды аймақ жағдайын, үрдіс динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ əкетулерде некроз аймағында орналасқан активті электрод, патологиялық Q тісшесінің түзілуі жəне R тісшесінің биіктігінің төмендеуі не оның толық жойылуы.
  • Жүрек ырғағының мониторингі.
  • Пульсоксиметрия.
  • Лабораторлық зерттеулер:

  • Экспресс тест көмегімен Т тропининін анықтау.

Емдеу.

Дəрі-дəрмексіз ем: физикалды жəне эмоциональды тыныштық.

Дəрі-дəрмектік ем:

1. Нитроглицерин таблетка немесе аэрозоль 0,4-0,5 мг сублингвальды. Тиімділігі жетіспегенде қайталау; изокет-аэрозоль 1-2 дозада. Тиімділігі жетіспегенде қайталау.

2. Ацетилсалицил қышқылы 325 мг шайнау.

3. Оксигенотерапия.

4. Ауыру сезімін басу үшін (айқын ауыру сезімге, жалпы жағдайына, жасына байланысты) Морфин 10 мг 2-4 мг бөліп к/т еңгізу (тыныс жиілігінің 1 минутына 10 - 12 рет төмендеуі қарашықтың тарылуы, АҚ төмендеуі).

4. Ауыру сезімін басу үшін (айқын ауыру сезімге, жалпы жағдайына, жасына байланысты) Морфин 10 мг 2-4 мг бөліп к/т еңгізу (тыныс жиілігінің 1 минутына 10 - 12 рет төмендеуі қарашықтың тарылуы, АҚ төмендеуі).

5. Коронарлы қан айналымды жақсарту үшін динитрат-изосорбит инфузиясын 10 мг АҚ бақылай отырып к/т баяу тамшылату.

6. Қарсы көрсеткіштері болмаса атенололды ішке 50-100 мг береді.

7. Коронарлы қан айналымды қалпына келтіру үшін:

- стрептокиназа 30 минуттан соң 30 мг преднизалоннан кейін 1 500 000 МБ к/т тамшылатып;

- актилиз, альтеплаз, плазминогеннің тіндік активаторы: 90 минут ішінде 3 этапта – 15 мг к/т болюсті, 30 минут ішінде 50 мг к/т тамшылатып жəне 60 минут ішінде 35 мг к/т тамшылатып, бір уақытта гепарин тағайындау керек дозасы 5000 МБ к/т болбсті жəне аспирин дозасы 160-300 мг.

Госпитализациялау үшін көрсетімдер

ЖМИ бар барлық науқастарды реанимационды немесе кардиологиялық бөлімшеге госпитализациялау кажет.

Алдын-алу шаралары:

  • АҚ мониторингі
  • жүректің жиырылу жиілігін
  • жүрек жəне пайда болған бұзылыстарды коррекциялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет