3
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық університеті
Ж
әңгір
хан
аты
ндағ
ы БҚАТ
У
ғалы
мдар
ын
ың
б
иоб
иблиог
рафия
сы
РЫСҚАЛИЕВ
ТІЛЕКЖАН
ХАСЕНҰЛЫ
Орал - 2013
4
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университеті
Ғылыми кітапхана
РЫСҚАЛИЕВ
ТІЛЕКЖАН
ХАСЕНҰЛЫ
Биобиблиографиялық әдебиеттер кӛрсеткіші
Орал 2013
5
УДК: 012:87
ББК: 91.9:87
Р 95
Құрастырушылар: Кудабаева Г.А., ғылыми кітапхананың сектор жетекшісі
Шығаруға жауапты: Есенаманова А. Б., ғылыми кітапхананың
директоры
Рысқалиев Тілекжан Хасенұлы: биобиблиографиялық кӛрсеткіш /
құраст.: А. Б. Есенаманова, Г. А. Кудабаева.– Орал : Жәңгір хан
атындағы БҚАТУ, 2013. - 57 б.
Биобиблиографиялық кӛрсеткіш Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің
профессоры, философия ғылымдарының докторы, әлемдік және
отандық философия тарихының елімізге танымал ғалымы Т. Х.
Рысқалиевқа арналған.
Кӛрсеткіште жинақталған материалдар профессор Т. Х.
Рысқалиевтің еңбек және ғылыми-педагогтық қызметтегі жолын
қамтиды. Басылып шыққан еңбектері әр жыл кӛлемінде, ішінде
әріптік тәртіппен орналастырылған.
Биобиблиографиялық кӛрсеткіш ғалымдарға, жоғарғы оқу
орындарының
оқытушылары
мен
магистранттарына,
студенттерге, кітапхана қызметкерлеріне арналады.
6
Алғысөз
Тілекжан Хасенұлы Рысқалиев – Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің
профессоры, философия ғылымдарының докторы, әлемдік және
отандық философия тарихының елімізге танымал ғалымы.
Биобиблиографиялық кӛрсеткіште профессор Т. Х.
Рысқалиевтің ғылыми және ұстаздық қызметі туралы қысқаша
мағлұмат беріліп, ӛмір жолының негізгі кезеңдері атап
кӛрсетілген. Профессор Т. Х. Рысқалиевтің ғылыми еңбектері
туралы ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есімнің, философия
ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Мұрат Сәбиттің және философия ғылымдарының
докторы, профессор Аюпов Нығыметтің пікірлері келтірілген.
Сонымен бірге профессор Т. Х. Рысқалиевтің «Қазақ
философиясы туралы ой-толғау» деген дүниетанымдық,
тағылымдық тың мақаласы енгізіліп отыр. Арнаулы айдарда Т.
Х. Рысқалиевтің жетекшілігімен қорғалған диссертациялардың
тақырыптары кӛрсетілген. «Ғылыми еңбектер» айдарында 1969-
2013 жылдар аралығында жарық кӛрген жұмыстар енгізілген,
мәліметтер хронологиялық тәртіппен, ішінде әріптік түрде
орналасқан. Барлық мәліметтер библиографиялық сипаттаманың
мемлекеттік стандартына сай келтірілген, бірлесіп жазған
авторлар кӛрсетілген.
Профессор Т. Х. Рысқалиев туралы баспасӛз бетінде жарық
кӛрген мақалалар да енгізілді.
Кӛрсеткішті құрастыру барысында Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми
кітапханасының
каталогтары
мен
картотекалары
және
реферативтік журналдар пайдаланылды.
Биобиблиографиялық кӛрсеткіш ғалымдарға, жоғарғы оқу
орындарының
оқытушылары
мен
магистранттарына,
студенттерге, кітапхана қызметкерлеріне арналған.
Мәліметтер 2013 жылдың желтоқсан айына дейін
жинақталған.
7
Предисловие
Предлагаемый указатель является продолжением серии
биобиблиографий ученых ЗКАТУ имени Жангир хана.
Биобиблиография посвящена доктору философских наук,
профессору Рыскалиеву Тлекжану Хасеновичу.
Материалы в биобиблиографии отражают трудовую и
научно-педагогическую
деятельность
профессора
Т.
Х.
Рыскалиева, далее приводятся основные даты его жизни и
деятельности. Приведены статьи крупных ученых Казахстана о
профессоре Т. Х. Рыскалиеве. Раздел «Научные труды» включает
все работы ученого с 1969-2013 годы. Работы расположены в
хронологическом порядке, внутри года в алфавитном.
Все описания произведены в соответствии с ГОСТами
библиографического описания, соавторы указаны.
При составлении указателя были использованы каталоги и
картотеки ЗКАТУ имени Жангир хана.
Указатель
рекомендован
ученым
и
специалистам,
преподавателям, магистрантам и студентам. Отбор материала
завершен в декабре 2013 года.
8
Философия ғылымдарының докторы,
профессор Т. Х. Рысқалиевтің өмірі мен ғылыми,
педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы очерк
Тілекжан Хасенұлы Рысқалиев 17 желтоқсан 1938 жылы
бұрынғы Орал облысы Орда ауданының Азғыр ауылында
шаруаның отбасында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті
бітіріп, ауылда аздап еңбек етіп, әскер қатарында болып, 1962
жылы Киевтің Т. Шевченко атындағы Ленин орденді мемлекеттік
университетінің философия факультетіне оқуға түседі. 1967
жылы университетті бітіргеннен кейін Ғылыми Кеңестің
шешімімен аспирантурада оқуға жолдау қағаз алады. Бірақ
отбасының жағдайына байланысты оқуды жалғастыра алмай,
Оқу министрлігінің жолдамасымен Кӛкшетау педагогикалық
институтында аға оқытушы болып қызметке кіріседі.
1968
жылдың
қыркүйегінде
Қазақ
ССР
Ғылым
Академиясының
философия
және
құқық
институтында
аспирантураға емтихан тапсырып, күндізгі бӛлімге оқуға түседі.
Аспирантураны
бітіргесін,
1971
жылы
Алматы
медициналық институтының философия кафедрасына аға
оқытушы болып жұмысқа орналасады.
1975 жылы Философия және құқық институтының
диссертациялық Кеңесінде «Становление конкретного историзма
Гегеля» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
1976 жылы Ж. М. Әбділдин және басқа авторлармен
бірлесіп, «Роль принципа конкретности в современной науке»
деген монография жазады.
Ғылыми жұмысты жалғастыру мақсатында 1978 жылы
Философия және құқық институтына аға ғылыми қызметкер
болып жұмысқа орналасады.
Т. Х. Рысқалиев 1999 жылы ҚР ҰҒА-ның Философия және
саясаттану институтында «Философия тарихындағы даналық
мәселесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.
Сол жылы «Даналық пен түсініктің үлгілері (философия
тарихына шолу)» деген монография жарық кӛреді.
1983 жылдан 2001 жылға дейін А. С. Пушкин атындағы
Орал педагогикалық институтында (қазір М. Ӛтемісұлы
9
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) философия
кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.
2001 жылы Алматы еңбек және әлеуметтік қатынастар
Академиясының Орал филиалына ғылыми жұмыстар жӛніндегі
проректор болып қызметке кіреді. 2002 жылы Ақтобе
мемлекеттік университетінде философия мамандығы ашылуына
байланысты сонда ауысып, философия және мәдениттану
кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
2001 жылы әлеуметтік ғылымдар академиясының толық
мүшесі (академик) болып сайланады.
2004 жылдан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университетінде кафедра меңгерушісі, 2006
жылдан профессор болып қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау
комитетінің шешімімен (2005 ж. 31 мамыр № 3 хаттама) Т. Х.
Рысқалиевке философия мамандығы бойынша профессор
ғылыми атағы беріледі.
2005 жылы жарық кӛрген «Философия тарихына шолу»
деген
кӛлемді
еңбегі
(24
б.т.)
оқытушылардың,
магистранттардың, студенттердің іздеп жүріп оқитын құралына
айналды.
Профессор Т. Х. Рысқалиевтің жетекшілігімен бес
кандидаттық диссертация қорғалып, қазір де бірнеше
аспиранттары ғылыми жұмыстармен шұғылдануда.
Т. Х. Рысқалиев философияның, соның ішінде қазақ
философиясының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған ӛзінің
мектебін құрды. Республикада бұл салада Т. Х. Рысқалиевтің
беделі жоғары.
Профессор Т. Х. Рысқалиев отандық философияда
алғашқылардың (Ғ. Есім, Ә. Нысанбаев, І. Ерғалиев, А. Қасабек,
М. Орынбеков т. б.) бірі болып, қазақ философиясының ӛзекті
мәселелерін (тарихы, ерекшелігі, негізгі мазмұны, бағыт –
бағдары туралы) жан-жақты талдады. Қазақ философиясына
бастайтын
сара
жолды
анықтау
мақсатында
қазақ
философиясында кӛтерілген экзистенциалдық мәселелерді,
даналық пен түсініктің үлгілерін, Абай философиясының
ерекшеліктерін қарастырды. Отандық философияда алғашқы
10
болып Т. Х. Рысқалиев қазақ философиясының экзистенциалдық
сипатын, даналық пен оны паш ететін түсінік арқылы, сұхбат
арқылы жүзеге асатынын ашып кӛрсетті.
Т. Х. Рысқалиев кӛп жылдар Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі Философия және саясаттану
институтының философия ғылымдарының докторы дәрежесін
беру жӛнінде Д.53.01. диссертациялық кеңесінің мүшесі болды.
09.00.03 – философия тарихы мамандығы бойынша қорғалған
бірнеше докторлық және кандидаттық диссертациялардың ресми
оппоненті болып республикамыздағы ғылыми кадрлардың ӛсуіне
ӛз үлесін қосты.
Т. Х. Рысқалиев кӛп жылдар КСРО Философия қоғамының
Батыс Қазақстандық бӛлімін басқарады.
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі
табыстары үшін екі рет (1990 және 2006 жылдары) Ы.
Алтынсарин медалімен марапатталады. Қазақ ССР оқу
министірлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет
грамоталарына ие болған (1988, 2013 жж).
Т. Х. Рысқалиев 2012-2013 оқу жылыдарының
қорытындысы бойынша университеттің үздік оқытушысы тӛс
белгісімен марапатталды.
11
Профессор Т. Х. Рысқалиевтің өмірі мен ғылыми қызметінің
негізгі кезеңдері
1938 17 желтоқсан бұрынғы Орал облысы, Орда
ауданы, Азғыр ауылында туған.
1947-1954 Орал облысы, Орда ауданы, «Екпінді құрылыс»
колхозының жеті жылдық мектебінің оқушысы.
1954-1957 Орал облысы, Жаңақала ауданы, Жаңа Қазан
ауылындағы С. М. Киров атындағы орта мектептің
оқушысы.
1957-1958 Орал облысы, Орда ауылындағы № 9
механизациялау училищесінің курсанты.
1958-1959 Орал облысы, Жаңақала ауданы, «Екпінді
құрылыс» колхозында тракторшы – комбайнер.
1959-1962 Кеңес Армиясы Қарулы күштерінің қатарында
борышын атқарды.
1962-1967 Киев қаласы, Ленин орденді Т. Г. Шевченко
атындағы мемлекеттік университетінің философия
факультетінің студенті.
1967-1968 Кӛкшетау қаласы педагогикалық институтының
аға оқытушысы.
1968-1971 Қаз. ССР ҒА Философия және құқық
институтының аспиранты.
1971-1978 Алматы мемлекеттік медицина институтының
философия кафедрасының аға оқытушысы,
доценті.
1975 Философия және құқық институтында
«Становление конкретного историзма Гегеля»
12
деген тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғады.
1978-1983 Қаз.ССР ҒА Философия және құқық
институтының аға ғылыми қызметкері.
1983-1991 А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық
институтының философия кафедрасының
меңгерушісі.
1985 КСРО ЖАК шешімімен философия мамандығы
бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
1988
Қазақ ССР Оқу министрлігінің Құрмет
грамотасымен марапатталды.
1990
«Ы. Алтынсарин» атындағы медальмен
марапатталды.
1991-1994 Батыс Қазақстан ауылшаруашылық
институтының философия кафедрасының
меңгерушісі.
1995-1997 А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық
институтының (кейін М. Ӛтемісұлы атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің)
философия кафедрасының кейін әлеуметтік-
гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі.
1996
А. С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан
гуманитарлық университетінің профессоры
болып сайланды.
1997-1999 Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі –
Ғылым Академиясының Философия
институтының аға ғылыми қызметкері
(докторантура).
13
1999
ҚР ҰҒА Философия және саясаттану
институтында «Философия тарихындағы даналық
проблемасы» деген тақырыпта 09.00.03 – философия
тарихы мамандығы бойынша докторлық
диссертация қорғады.
2000-2001 Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
философия және мәдениеттану кафедрасының
меңгерушісі.
2001-2002 Алматы еңбек және әлеуметтік қатынастар
Академиясы Орал филиалының ғылыми жұмыстар
және халықаралық байланыс жӛніндегі проректоры.
2001 Әлеуметтік ғылымдар
академиясының толық
мүшесі (академик) болып сайланды.
2002-2004 Қ. Жұбанов атындағы Ақтӛбе мемлекеттік
университетінің философия және мәдениеттану
кафедрасының меңгерушісі.
2004-2006 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-
техникалық университетінің философия және
әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі.
2005
ҚР Білім және Ғылым министрлігінің
шешімімен философия мамандығы бойынша
профессор ғылыми атағы берілді.
2006
«Ы.Алтынсарин» тӛс белгісімен марапатталды.
2006 -
осы кезге дейін Жәңгір хан атындағы Батыс
Қазақстан аграрлық –техникалық университетінің
философия және әлеуметтану кафедрасының, кейін
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер кафедрасының профессоры.
14
Мұрат Сәбитұлы – философия
ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері.
Даналықтың дауылпазы
Қазіргі ақша билеген заманда философтарға құлақ асар,
кӛзге ілер кімдер бар? Ой маздатып, философия тарихына терең
бойлап,
ақыл-ойдың
маржандарын
жинап-теріп,
қазақ
ойшылдарын бүкіл әлем философиясының тӛріне шығарып,
Платон, Аристотель, әл-Фараби, Декарт, Лейбниц, Кант, Гегель
сияқты майталмандардың қатарына кӛтеріп, оқырмандарын
даналық пен түсініктің айшықты үлгілерімен таныстырып, қазақ
тілінің шұрайлы ӛрнектерін алға жайып салып, оның
философиялық мүмкіндіктерін айқара ашып жүрген Орал
ӛңірінің азаматы Рысқалиев Тілекжан Хасенұлын кӛпшіліктің
біле бермеуі мүмкін. Ӛйткені ақыл-ой майданының белді бір ӛкілі
ретінде ол кеудесін ұрып, «менмұндалап», ӛзін-ӛзі мадақтап,
жарнамалап жүруден мүлде аулақ. Ондайды білмейді, білсе де
ондайға бармайды. Ар-ождан, ар-ұят ұғымдарын жастай игерген
бұл кісі үшін ӛзін-ӛзі мақтау, мадақтау - ӛліммен тең.
Атақты неміс философы Иммануил Канттың ілімінде
«априори» және «апостериори» деген екі ұғым бар. Біріншісі
тәжірибеге дейінгі дегенді, екіншісі тәжірибеден кейінгі дегенді
білдіреді. Мысалы, ол үшін ойлау категориялары (кеңістік,
уақыт, себептілік, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен
шындық және т.б.) адамға априори, яғни тәжірибеге дейін
берілген деп саналады. Демек, адам ойы осы алдын-ала берілген
арналармен ағылады, ойлаудың формалары, заңдылықтары,
принциптері дәл осылар болып табылады. Ал тәжірибе арқылы
(апостериори) қол жеткен фактілер осы ой формаларымен
қамтылып, қорытылып жатады делінеді. Әрине, Канттың бұл
айтқанымен толық келісе қою қиын, ӛйткені ойдың формалары
(категориялар) адамзаттың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған
тәжірибесінің түйіндері, сол адамзат ӛмірі тарихының
қойнауында қалыптасқан тастүйнектері. Рас, қазіргі уақытта
жекелеген адам үшін олардың априори (тәжірибеге дейінгі)
берілген болып қабылдануы әбден мүмкін. Дәл сол сияқты, біздің
15
ойымызша, әрбір адам баласы үшін адалдық, әділдік, кісілік, ар-
ұят, инабаттылық, обал, сауап сияқты әз ұғымдар жастайынан
құлағына құйылып, бұлжымас ӛмір заңдылықтары ретінде, яғни
априори берілген принциптер ретінде, жан дүниесіне терең енуі
тиіс. Сонда ол мұндай ұғымдарға ұйып, ӛмір бойы соларды берік
ұстап, кӛздің қарашығындай сақтап, баптап ӛтетін болады.
Ӛмірмәнділік мәселелерді соларға орай шешіп, іс-әрекет
жасайтын болады.
Бұрынғы заманда қазақи тәлім-тәрбие осы қалыптас
болатын. Үлкенді сыйлау, біреудің ала жібін аттамау, әділдікке
бас ұру, таза, адал болу, әлсізді мүсіркеу, қол үшін беруге
әрдайым даяр болу, инабатты ӛмір салтына ден қою, міне,
осындай және осы сыбайлас қасиеттерге баулу қазақи тәрбиенің
астарында жататын.
Тілекең осындай дәстүрде ӛсіп-ӛнген кісі ретінде ӛз наным-
сенімдеріне, ӛмірлік принциптеріне ӛте берік. Оны азғырып тура
жолынан тайдыра алмайсың. Ол әрқашан істің ағына жүгінеді,
мәнді- мағыналы ӛмір сүруге талпынып, ӛмірдегі ӛз жолын
тауып, даналық пен түсініктің отын маздатып, түтінін түтіндетіп
келе жатқаны хақ. Кәсіби түрде философ болу, оның
қиыншылығы мол жолына түсіп ӛмір сүру, ауыртпалығын
кӛтеру, ойыңды ғана емес, ӛміріңді де ӛзің насихаттап жүрген
принциптерге құру- қазіргі кезде оңай шаруа емес. Сӛзі мен ісі
бір жерден шығатын, кісілік заңдарын берік ұстайтын,
адамгершілігі мол, байыпты да байсалды адам, Абайша айтқанда,
«толық адам» ғана нағыз философ бола алады. Сондай санаулы
адамдардың қатарына Тілекжан Хасенұлын еш күмәнсіз
жатқызуға болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда, қуанышқа орай, кәсіби
философтар баршылық. Ӛткен ғасырдың 60-70 жылдары
академик Ж.М. Әбділдин құрған философиялық мектептен түлеп
ұшқан философтар республикамыздың әр тұсында даналық
ұрығын сеуіп, қызмет атқарып жатқаны белгілі. Сол мектептің
бір түлегі Тілекжан Хасенұлы ӛз ұстазының ең бір дарынды,
еңбекқор әрі табанды шәкірті есебінде бүкіл әлемдік
философиямен қатар қазақ философиясының да тың мәселелерін
тереңнен қозғап, оның дабылшысы тіпті дауылпазы бола
білуде. «Қазақта философия болған ба?» деген сұрақ
16
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұрқ ете қалғанда, «бар»
деп қана қоймай, оның бар екендігін жан-жақты дәлелдеп,
ӛзіндік ерекшеліктерін айқара ашып берген адамның бірі де
бірегейі осы Тілекең десек, біз қателеспейміз. Қазақ
философиясы атам заманнан болған, бар және бола бермек деп
жариялап, оның ӛкілдерін әлемдік философия классиктерінің
қатарына кӛтеріп, кӛрнекті үлгілерін паш етіп, қазақтың кең
даласына тән философиялық сарынға ден қойып, оның әлі де
ашылмаған терең сырларынан мағлұмат беріп, болашағының зор
екенін меңзеген осы қарапайым да білгір адамға рахметімізді
айтуды біз ӛз парызымыз деп санаймыз. Тіпті ол қызмет істеп
жатқан қалада (Оралда) елімізде алғаш болып, жалпы білім
беретін философиялық мектептің ашылуы (оның басқарушысы да
Тілекеңнің шәкірттері) тегін емес-ау дейміз.
Тағы бір айта кететін жәйт, Тілекжан Хасенұлының
философия дегенде оны даналық деп қана қоймай, түсінікті қатар
ала жүретінінде. Расында, даналыққа түсініксіз қол жеткізу
қандай мүмкін болмаса, түсінік те даналықсыз мүмкін емес екен.
Осы шындықты баса дәріптеп, түсініктің адам мен қоғам
ӛміріндегі атқаратын зор рӛлін кӛрсетіп, философия даналық пен
түсінікті қатар алып жүретін бірден-бір рухани күш екенін,
шынайы түсінік даналықтың сыртқы бір кӛрсеткіші ғана емес,
оның ішкі сыңары екенін кӛрсетуі философияның тәлім-
тәрбиелік маңызын аша түсетін қағида болып табылады.
Философияны оқып үйренсең, сен даналықтың үлгілерінен нәр
алып, ақылыңды ғана байытып қоймайсың, сонымен бірге
айналаңа, қоршаған дүниеге кӛзің ашылып, тұтас та нақты
ойлауға, болып жатқан құбылыстардың ішкі мәніне үңілуге,
сӛйтіп, оны терең түсінуге, ал түсінген соң оны игеруге, дұрыс іс
атқаруға жолың ашылады. Оқы, үйрен, ақылды де іскер адам
бол, ӛз халқыңа, адамдарға, ӛмір сүріп отырған қоғами ортаңа
адал бол. Ол үшін даналық пен түсініктің жібінен мықтап ұста,
айрылма. Айрылғаның – адасқанмен барабар - дейді ұстаз.
Тікекеннің бетке ұстайтын принципі, ӛзіне де, ӛзгелерге де айтып
жүретін ӛсиеті – «Ӛзіңе және ӛз ісіңе адал бол!».
Оның ӛмір мектебі, ӛмірлік жолы сан қырлы белестерден
тұрады. Ақ Жайықтың ар жағындағы Азғыр ауылында туып-ӛсіп,
Жаңақалада орта мектепті тәмамдаған соң, әскери міндетін үш
17
жыл қатарынан теңіз жауынгері (моряк) ретінде ӛткеріп, 1962-
1967жж.
Т.Г.
Шевченко
атындағы
Киев
мемлекеттік
университетінің философия факультетінде оқиды. Ерте үйленіп,
балалы-шағалы
болған
ол
Кӛкшетау
педагогикалық
институтында екі жылдай сабақ береді де, содан соң Қазақ ССР
Ғылым Академиясының философия және құқық институтының
аспирантурасында оқып, кандидаттық диссертациясын академик
Ж.М. Әбілдиннің басқаруымен қорғап, осында біраз жыл аға
ғылыми қызметкер болып істейді. Педагогикалық мамандықты
жанындай жақсы кӛретін Тілекең Алматы медициналық
институтына ауысып, жеті жылдай сонда дәріс беріп, білікті ұстаз
ретінде қалыптасады.
1983 жылдан бастап туған жері Орал ӛңіріне қайта оралып,
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, ауылшаруашылық
институтында кафедра меңгерушісі, Еңбек және әлеуметтік
қатынастар Академиясында ғылыми жұмыстар жӛніндегі
проректор болып істейді. 2002-2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы
Ақтӛбе мемлекеттік университетінде істеп, соңғы жылдары
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университетінде кафедра меңгерушісі, кейін профессор қызметін
атқарды. 1999 ж. алғашқылардың бірі болып қазақ тілінде
докторлық диссертациясын қорғап, ең жоғары ғылыми дәрежеге
қол жеткізді. Кейіннен профессор атағын алып, Әлеуметтік
ғылымдар
академисяның
академигі
болып
сайланды.
«Ы.Алтынсарин белгісімен» бір емес, екі рет марапатталған
ғалым-педагог ғылыми монографиялар мен оқу құралдарының
авторы, бірнеше ғылым кандидаттарын даярлаған. Жасы 70-тен
асқан доктор, профессор, академик Тілекжан Хасенұлы даналық
ілімінің сыбызғысын сарнатып, жастарды оқу-білімге, даналық
пен түсінік жолына үйретіп, ӛзінің сүйікті ісімен қарқынды
айналысып, шығармашылық күй кешуде. Ұзағынан болғай
ӛміріңіз, жемісті болғай еңбегіңіз, бақытты болғай әулетіңіз
демекпіз осы жүзі жылы, жүрегі ыстық, кӛргені мен білгені мол,
ақсақалдықтың алғы шебіне енді жеткен ақылгӛй де ақ жарқын
кісіге!
2008 жылы желтоқсанда Тілекжан досым 70-ке толып,
қасымда Тілекжанның кластас досы, белгілі заңгер Ерешев Елтай
мен оның жұбайы майталман педагог Күлән бар, поезбен екі
18
жарым тәулік жүріп, Оралға барып, осы мерейтойға бастан-аяқ
қатынасып қайттым. Содан алған әсеріммен бӛліссем деймін.
Ең алдымен университеттің Ғылыми Кеңесінің арнайы
мәжілісі болғанын, сондағы оқытушылар мен студенттердің
Тілекжан Хасенұлына деген ілтипатын, қадыр-құрметін атап
айтқым келеді. Университет ректоры, профессор Қазыбай
Қараұлы ӛзінің кіріспе сӛзінде Тілекжан Хасенұлының
профессорлық сапалық кәсіби кӛрсеткіштерімен қатар, оның
академиялық қасиеттеріне кӛбірек тоқталып, тұлғалық сипатын
ашып, оны ӛзінің ғана емес, бүкіл ұжымның атынан құттықтап,
мәжілісті ашық деп жариялады. Содан соң мерейтой иесінің
ӛмірбаяны мен еңбек жолы туралы баяндама жасалып, бірінен
соң бірі болып университет профессорлары, келген қонақтар
(соның ішінде Алматыдан барған біздер де), кластас достары мен
інісі Жұмажан сӛйлеп, оның белгілі ғалым-педагог, адал дос,
қатардағы азамат ретіндегі мінез-құлқы мен іс-әрекеті, ӛзінің
әріптестеріне, жолдас-жораларына, туған-туыстарына деген
қарым-қатынасы туралы сӛз қозғалды. Әрбір сӛйлеген шешен
мерейтой иесімен қатар, оның сүйікті жұбайы Полина туралы
ерекше жылы сӛз айтып, олардың махаббатқа толы ӛмірлік
жолдары, әке-шешелері, балалары, туған-туысқандары жайлы да
сӛз қозғап, жанұядағы жай-күйдің ғалым-педагог ӛміріндегі мән-
маңызы туралы мағлұмат беріп жатты.
Әрине, осындай шаралар кезінде орын алатын шапан жабу,
сый-сияпат тарту ету, әдемі сӛздер мен ойын-қалжың да орын
алып жатты. Артынан фуршет те, банкет те болып, мерейтой ӛз
заңды жалғасын тауып, сол күнгі мәресіна шалдықпай жетті.
Келесі екі күн қатарынан той Тілекеңнің кластас достарының
(Тасболат пен Есеттің) үйінде асқан қонақжайлықпен жалғасты.
Мен болған жайды, кӛрген-білгенімді тәптіштеп жазғаным
жоқ, ондай ойда болған жоқ менде. Бірақ осы үш күнге созылған
мерейтой барысында мен біраз нәрсені аңғарғандай болдым,
кӛңіліме түйдім.
Біріншіден, менің Тілекжан досым туралы білмейтіндерім
бар екен, соның орны толды біраз. Мысалы, әкесінің Ұлы Отан
соғысына қатысқан ардагер екенін, іс-әрекеттері үшін І және ІІ
дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және И. В. Сталиннің он
бірдей алғыс хаттарымен марапатталғанын мен осы жолы ғана
19
естіп білдім. Тілекең Киев университетіне түсерден бұрын үш
жыл армия қатарында болғанын білетінмін, ал оның тағы бірнеше
жыл ауылда механизатор (тракторшы-комбайншы) болып
істегенін білмеуші едім. Сӛйтіп жүріп, ол сол университетке 24
жасында ғана оқуға түсіпті.
Екіншіден, Тілежанға университет басшылығы мен
ұстаздары тұсынан кӛрсетілген сый-құрметтің таза кӛңілден
шыққанына, ешқандай да бір жасандылықтың ізі де болмағанына,
қатынасқан адамдардың бәрі де ағынан жарылып, ақ
сӛйлегендеріне куә болып, досым үшін қатты қуандым. Осындай
шынайы адами қарым-қатынастың салтанат құрғанын, тойдың
ертеңінде ол қызмет атқаратын кафедра ұжымымен кездесу үшін
барғанымда тағы да аңғардым. Дені жастардан тұратын кафедра
оқытушыларының бәрі де Тілекеңді ұстаз тұтып әрі онымен емін-
еркін сұхбаттасып, оның ақыл-кеңесіне құлақ-асып, одан тәлім-
тәрбие алып, мейлінше пір тұтатынына кӛзім жетті. Тағы да
қатты қуандым мен досым үшін.
Үшіншіден, Тілекжан Хасенұлының: «Ӛзіңе және ӛз ісіңе
адал бол!» деген ӛмірлік кредосына беріктігін білдіретін және
содан туындаған оң салдарлардың мен байқаған негізгілерін атап
ӛтейін. Тілекең ӛз ақыл-ойымен, еңбек сүйгіштігімен, ӛз
қалауымен, ерік-күшімен ӛмір-жолын ӛзінше құрып, келе жатқан
салиқалы, бірбеткей жан. Мұның ар-жағында ата-бабасынан,
ӛскен ортасынан дарыған тектілік қасиеттер бар екені сӛзсіз. Сол
қасиеттерді тӛкпей-шашпай ӛзінің жастайынан сүйіп қосылған
жұбайымен бірлесе отырып, ӛз отбасында маздатуы, оларды
біліктілікпен
жалғастырып,
жан-жағына
кісіліктің,
адамгершіліктің нұрын шашып, үлгілі ата-әже салтын құруы, ӛз
елінде, ӛз жерінде сый-құрметке бӛленіп, аяғын нық басып, емін-
еркін жүріп, сүйікті ісі - философиямен айналысуы қай-
қайсымызға да үлгі боларлық ӛмірбаян. Тілекеңнің философия
жолын да ӛзі таңдап, естияр жігіт болған шағында сонау
алыстағы Украинаның астанасы Киевтегі Т.Г.Шевченко
атындағы белгілі университеттің, сол кездері бүкіл Кеңестер
Одағы бойынша озық саналатын философия факультетіне
барып түсуі, сонда П.В.Копнин, В.И.Шинкарук сияқты атақты
философтардан дәріс алуы, сол кездің ӛзінде бүкіләлемдік
философияның шыңының бірінен саналатын Гегельдің
20
диалектикалық іліміне ден қоюы, кандидаттық диссертациясын
да осы тақырыптан қорғауы – оның ӛз ӛмірлік принципіне адал
екендігінің шынайы белгісі емей немене?
Қазақ философиясына оның сіңірген еңбегі ӛте ауқымды.
Бұл арада оның жарық кӛрген екі кітабы туралы айтудың реті
келіп тұр. Олар - «Даналық пен түсініктің үлгілері» (1999ж) атты
монографиясы мен « Философия тарихына шолу» атты оқу
құралы. Меніңше, бұл кітаптар философия бойынша қазақша
жазылған кітаптардың ішіндегі ең бір кӛңілге қонымдысы
болып табылары сӛзсіз, әттегені – таралымның тым аздығы
(мысалы, соңғысы тек 500 дана болып шыққан). Шіркін, Білім
және ғылым министрлігі тарапынан осы сияқты білікті
мамандарға, олардың кітаптарына, үлгілі іс-шараларына кӛңіл
бӛлінсе, қолдау кӛрсетілсе қандай керемет болар еді? Оқу-білім
ісі тез алға басар еді, әлде бұған деген құнт жоқ па екен? Дап-
дайын, еш қаражат жұмсамай-ақ жазылған оқулықты қолдап,
таралымын мың-мыңдатып шығарса, қандай пайдалы да, ӛнегелі
іс атқарылар еді.
Ал енді Тілекжан Хасенұлының педагог ретіндегі
шеберлігі, бұл іске әбден берілгендігі, студенттер мен
магистранттар алдында ӛз білгенін ақтарып салатын мәрттігі,
білім берумен қатар философияның тәлім- тәрбиелік қыр-
сырларын да әрдайым бірге кӛтеретіні, сӛйтіп, ӛз
тыңдаушыларын баурап алып, рухани құңдылықтар әлеміне
бағдар сілтеуі, ӛзінің сүйікті пәні философияны даналық пен
түсініктің қосарлас арнасы ретінде пайымдауы – бұлар да сол
ӛзіне адалдықтың шұрайлы кӛріністері, нақты белгілері емес
пе? Осындай достан, осындай азаматтан, ғалым-ұстаздан
айналайық демеске амал жоқ қой!
Тӛртіншіден, мен Алматыдан барған философ досы
болғандықтан, оралдықтардың маған деген ықыласы зор
болғанын айта кетсем деймін. Жалпы, бұл жақтың адамдары
ақжарқын, бауырмал, қолдары кең, жүректері ыстық болады
екен. Біздің Тілекжан екеуміздің шынайы достығымызға тәнті
болған олар әрдайым мені жоғары кӛтеріп, сӛзді де маған
алғашқылардың бірі ретінде беріп, сый-құрметке бӛлегені менің
есімде ұзақ сақталары сӛзсіз. Мен Оралға қыдырып қайтайын
деп барған жоқпын, досымды кӛріп құттықтап, қуанышына
21
бірге қуанып, ӛз кӛзіммен бәрін кӛріп қайтуға барғанмын. Мені
Оралға қыстап апарған достық сезімі еді. Тілекжандай ақылды,
білімді, байыпты, еліне, жеріне сыйымды да сыйлы азаматпен дос
болғаныма мен де марқайып, тӛбем кӛкке жетер- жетпестей
болып қайттым.
Бұл сапар туралы әлі де айтар сӛз кӛп, бірақ осымен
доғарайын. Досым Тілекжанға, оның жұбайы Полинаға,
достарына, туған-туыстарына, жалпы Орал ӛңірінің азаматтарына
Жаңа жыл құт-береке әкелсін, денсаулықтарың мықты болып,
еңбектерің жемісті болсын, ел-жұрт аман болып, тағы да кӛруге
жазсын дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |