Жәңгір ханның шығу тегі



жүктеу 1.31 Mb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі1.31 Mb.

ЖӘҢГІР  ХАН 

(1801-1845)

Жәңгір ханның шығу тегі



Аға хандар Керей

• 

Әз-Жәнібек



• 

Бұрындық


• 

Қасым


• 

Момыш


• 

Тайыр


• 

Бұйдаш


• 

Тоғым


• 

Ахмет


• 

Хақ-Назар

• 

Шығай


• 

Тәуекел


• 

Есім


• 

Жәнібек


• 

Салқам Жәңгір

• 

Батыр


• 

Тәуке


• 

Қайып


• 

Болат


• 

Әбілмәмбет

Абылай


• 

Кенесары




Ұлы жүзде Жолбарыс

• 

Есім сұлтан



• 

Әбілфайыз хан



Орта жүзде Қайып

Болат



• 

Сәмеке


• 

Әбілмәмбет

• 

Абылай


• 

Күшік сұлтан

• 

Барақ сұлтан



• 

Уәли


• 

Дайра хан

• 

Барақұлы Бөкей



• 

Шыңғыс сұлтан

• 

Ғұбайдолла хан



• 

Кенесары




Кіші жүзде Әбілқайыр

• 

Батыр хан



• 

Нұралы


• 

Әбілғазы


• 

Жармұхамбет

• 

Есім хан


• 

Айшуақ


• 

Жантөре


• 

Арынғазы


• 

Шерғазы


• 

Қаратай


• 

Бөкей




Бөкей хандығында Бөкей

• 

Шығай



• Жәңгір-Керей • 

Сайып-Керей (Шыңғыс)





Бөкейұлы Жәңгір хан (

1801


1845


) —

Кіші жүздің

Әбілқайыр

хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының 

соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, 

Нұралының

немересі. Оның шын аты Жиһангер.

Әкесі 



Бөкей Еділ

мен 


Жайық

арасындағы елін әуелі 

сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ 

хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 

1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың 

қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. 1815 

жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты 

Жәңгірге берген. Алайда, Жәңгір хан жас болғандықтан, 

Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты  Бөкейдің інісі

Шығай сұлтан басқарады. 1823 жылға дейін Жәңгір 

Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде 

тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол жерде хандықты 

әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. 1823 

жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, 

патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс 

Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі 

болады.


Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін 

жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген 

наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен 

безендірілген I дәрежелі  

Әулие Анна орденінің

кавалері 

атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш 

қазақ ханы.

Хан сарайы


Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы 

қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жыл  

Жәңгір хан

басқарған кезең болатын



Жәңгір ханның 4 әйелі болған

• Бірінші әйелінің есімі Жүзім. Арғын Мүсіреп бидің 

қызы.(Мүсіреп – кіші Арғынның қараман атасынан 

шыққан Бөгенбай батыр Қожекеұлының немересі. 

Бөгенбай кезінде Әбілхайыр ханның бас сардары болған)

• Жәңгірдің екінші әйелінің есімі – Фатима тоташ

Орынбор

муфтиі, аса зиялылығымен аты жайылған 



Мұхамеджан Хусейновтың

қызы. Ұлты – татар. Фатима 

европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, 

музыкаға жақын болатын.

1826 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен 

Орыс патшасы 

Николай I-нің

таққа отыру рәсіміне 

шақырылады. 

Мәскеу


қаласында өткен салтанатта 

Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс 

интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған 

Николай 


патшаның

өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне 

тәнті болады.


1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй 

сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима 

ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ 

және сырға сыйлайды.



• Үшінші әйелінің есімі – Айсұлу. Жастай қайтыс 

болған. Руы, әке-шешесінің аты-жөні әзірге 

белгісіз. Орта дәулетті адамның қызы еді деген 

әңгіме бар.

• Төртінші әйелінің есімі – Зылиха. Есауыл 

Қарауылқожа Бабажановтың қызы. Шыққан тегі –

қожа.


Жәңгірдің ұрпақтары

Әйелдері:

1. Жүзім 

2. Фатима 

3. Айсұлу 

4.Зылиха


Қадиша

Ескендір 

Бала 

Ғұбайдолла                                                   



Сейткерей 

Зұлқарнай

жоқ

Ысмайыл 


Сақыпкерей 

Ыбырай


Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңде саяси 

жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару мен жер 

бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай, ол халыққа қарсы 

бірқатар әрекеттерге баруға мәжбүр болды. Бұл жағдайды 

Ресей қазақ хандығы аумағын отарлау мақсатында ұтымды 

қолдана білген. Қазақ халқы үшін негізгі экономикалық 

шектеулердің бірі қазақтарға Каспий теңізі, Жайық пен 

Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс 

аударуға тыйым салынуы еді. Шаруаның бұл өзендерден 

балық аулауға және мал суаруға құқы жоқ болған. 

Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар 

үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып 

келіп, 

Бөкей ордасында Исатай Тайманов



пен 

Махамбет 

Өтемісұлы

бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп 

соғады. 


Исатай мен Махамбет көтерілісі

Жәңгір мен Махамбетті қарсы қою отаршылық        

идеологиясы

• Халық аузында Жәңгір мен Махамбет сөзталасында 

ханның: «Менің алдым жалын, артым өрт», – деген сөзі 

қалды. Шынында да, Жәңгір ханның тағдыры орыс 

патшасының колониялық саясаты мен көшпенді халқын 

цивилизацияға жеткізуге реформаторлық қызмет еткен 

ханды түсінбеген ру басшылары мен қарапайым халықтың 

трагедиясының ортасында өтті. 

Бұл жөнінде Н.Макиавелли «Реформатордың ісі –



нәтиже бермейтін ең қиын қызмет. Себебі, қоғамда 

қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тырысқан көпшілік 

оған қарсылық көрсетеді. Ал, оны түсінген аз топтың өзі, 

оған белсенді көмек беруі екіталай, себебі олар да істің оң 

бітуіне сене бермейді» деген екен. Жәңгір мен 

Махамбеттің арақатынасы екі ғасырдан бері шешімін таба 

алмай келе жатыр. Бұл күрделі мәселенің бірнеше 

себептері бар.





Біріншіден, көтеріліс басшылары Исатай мен 

Махамбет ханның істеген мәдени, рухани, 

экономикалық, білім ағарту саясатындағы 

реформаторлық істерін түсінбегендердің қатарына 

жатады. Ханның еңбегін тек олар ғана емес, 

халықтың 98%-ы түсінбеуі мүмкін. Хан халқын 

көшпенділіктен отырықшылыққа үйрете бастады. 

Себебі, көшіп жүрген елде жүйелі білім және 

қалыптасқан дін болуы мүмкін емес. Ондай ел 

мешіт тұрғызбайды, мектеп, университет 

салмайды. Яғни халықтың өркендеуі мүмкін емес 

еді. Халықты отырықшылыққа бейімдеу – оның 

қалыптасқан тұрмыс-салтын бұзу еді. Әрине, бұл 

көпшіліктің наразылығын туғызды.



Екіншіден, ел басқару жүйесінде хан бұрынғыша атаға, руға 

емес әкімшілікке бөліп басқарады және басқаруға 

бұрынғыдай ру басшылары емес, хан сайлаған сұлтандар 

отырды. Бұл әрине Исатай сияқты ру басшыларына ұнамады.



Үшіншіден, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің 

негізгі себептерінің бірі, салықтың көбеюі мен 

жайылымдық жердің тарылуы еді. Жайылымдық жердің 

тарылуы Бөкейдің кезінен шешімін таппай келе жатқан 

мәселе болатын. Павел патша қазаққа қалған жайылымды 

беремін дегенмен, оның орнына келгендер жер мәселесін 

шешпей қойды. Бөкей Ордасындағы ең құнарлы жерлер –

Жайық бойындағы шекара комиссиясында, үлкен және 

кіші өзендердің бойлары казактардың қолында болды. 

Құнарсыз, құмды жерге ығыстырылған жергілікті халыққа 

жайылымның тарылуы әлеуметтік жағдайды 

шиеленістіріп жіберді.



Төртіншіден, «Салық дегеніміз – цивилизация үшін 

төлейтін ақы» деген екен бір ұлы ғалым. Бөкей 

Ордасындағы қоғамның барлық саласындағы істелген 

жұмыстар белгілі қаржыны талап етеді. Ал, қаржының 

көзі – салықта. Бұрын зекеттен басқа салықты білмейтін 

халыққа әртүрлі салық төлеу және оның қандай мақсатқа 

жұмсалып жатқанын түсініп үлгермеген елдің 

наразылығын туғызды.



Жоғарыда айтылған себептер халық көтерілісінің 

негізгі себептері болды және көтеріліс басшыларының бірі 

Махамбет пен ханның арақатынасының себептері де 

жоғарыдағы әлеуметтік мәселелердің айнасы іспетті. 

Көтерілісшілерді жігерлендірген Махамбет өлеңдері қазақ 

әдебиетінде жаңа сала – саяси-көсемсөздік лириканың 

негізін салды және жалпы әдебиетіміздің алтын қорына 

айналды.

Жәңгір хан мен Махамбет арақатынастарын еске 



алғанда алдымен «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға 

айтқаны», – деген өлеңі еске түседі. Қалай жаман көріп 

балағаттағанмен, өлеңнің мазмұнына үңілсек, ақын 

Жәңгірді қоян мен түлкіге емес, қасқыр мен айдаһар 

жыланға теңейді

.


Ол кезде қасқыр, яғни бөрі болу және айдаһар жылан 

болу – Жәңгірдің жағдайында екінің бірінің қолынан 

келмейтін ерлік. Оны жалынды ақын Махамбет мойындап 

тұр. Махамбеттің олай сипаттауы Жәңгірдің осалдығын 

емес, мықтылығын көрсетеді. Осы теңеулерді оқығаннан 

кейін Жәңгір хан 19 ғасырда емес, бабасы Әбілхайырдың 

уақытында өмір сүрсе, мүмкін халқымыздың соңғы үш 

жүз жылдық тағдыры бақыттырақ болар ма еді деп 

ойлайсың. Махамбет ақынның:

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім, –

деген арманы, ол тек Исатай мен Махамбеттің ғана емес, 

Жәңгір хан мен оның әкесі Бөкейдің, кейінгі буын 

Мұқамедсалық пен Шәңгерейлердің, жалпы барлық 

қазақтың арманы.


Жәңгір  мен Махамбет ақынды өзара қарсы қою –

отаршылық кезіндегі идеологиялық этикеттен қалған кері 

ұғым. Ондай кертартпа ұғымдар оны тудырған кертартпа 

қоғамның еншісімен қалады.

Қалай болғанда да, Жәңгір хан – өз ғұмырының ішінде 



ұрпақтарына өшпес із қалдырған ұлы мемлекет 

қайраткері. Ол құрған мемлекет басқару жүйесі, оқу-

ағарту саласындағы, дінді дамытудағы, шаруашылық 

саласындағы реформаторлық істері әлі күнге дейін өз 

маңызын жойған жоқ. Мемлекеттану ғылымының негізін 

құраушылардың бірі Ш.Монтеське, «Мемлекет даму үшін 

дін, сауда және бостандық қажет», – деген болатын.

Жәңгір хан басқарған Ішкі Бөкей Ордасында 



мемлекетке қажетті осы атрибуттардың барлығы болды. 

Сондықтан да ХХІ ғасырда құрылған мемлекеттерге Бөкей 

Ордасындағы мемлекет басқару жүйесі, қоғамның барлық 

саласынның дамуы үлгі бола алады

.


ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ 

ҚЫЗМЕТІ

Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп 



тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі 

тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу 

былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық.

• Оған себеп жетпіс жылдан астам    

билік

құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері



• болатын. 

Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді?      

• Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір 

хан Бөкейұлы еді. Жәңгір хан кім? Қандай саясат 

ұстанды? Халқына қайыр-шапағаты тиді ме ?- деген 

сауалдарға жауап іздеген болсақ оған тарихи деректер 

былай деп жауап береді. Тарихи деректер 

Жәңгір ханның отарлаушылар 

саясатынан халқын қорғаушы,еліне мәдениет пен білім, 

мұсылман дінінің нұрын себуші хан ретінде көрсетеді.



Әр нәрсенің әділдігі керек, патша үкіметі Жәңгірге, 

оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп

үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан-жақты білімді, 

ақылды, мәдениетті Жәңгір сияқты 

тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін

патша да генерал-губернаторлар жақсы біледі.   Сол үшін 

де Жәңгір атақ-абыройдан кенде қалған жоқ. 

Хан тағына отығызу салтанатында 48дүркін зеңбіректен

оқ атып, Орал даласы дүр сілкінді. 

Салтанатқа қатысқан зиялы қазақтарды сый-құрметтен 

құралақан қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту 

етті. Бірнеше ордендермен хан өңіріне жарқыратты. 

Қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. 


Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген 

айла екендігі белгілі. Осындай айла жұмысқа тәсілдерді саналы түрде 

өткізе отырып, Ішкі Орданы басқаруды отарлаушылар өз 

мүддесіне сәйкес хан кесенесінің кеңесшісі етіп Ресей сыртқы істер 

министірінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың 

тыныс тіршілігін күн сайын Орынбор Шекаралық 

комиссиясына хабарлап отырды. Ақырында отарлау саяасатынын 

асқынғандағы соншалық, бұған дейінгі Ішкі Орда ханының басқан 

қадамын бақылап отырған Ресей сыртқы істер министрлігінің

Азия департаменті, Ресей Мүлік министрлігінен бастап Астрахань,



Орынбоор генерал-губернаторларымен Орынбор Шекаралық

• комиссиясы, Орал, Астрахань полкымен, қалмақ 

кордондарынын бақылауынын үстіне енді хан кеңсесі іс 

басқарушысынан бастап, қойма меңгерушісіне дейін түгел

• орыстандырып, әрбір әрекетін есепке алып отырды.


Ішкі Орда қазақтары бірте-бірте шұрайлы аймақтардан

• ығыстырылып құмға қуылды.

• Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды.

• Қолайлы жерлер, өзендері мен көлдері, шабындығы мол аймақтар 

казактар мен қалмақтарға берілді. 1873 жылы 21 

маусымда Орынбор шекаралық комиссияның төрағасы Г. Ф. Генстің 

бұйрығы бойынша үлкен және кіші өзен бойынан қазақтардың

шөп шабуына тыйым салынды. 



• Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал-

губернаторы А. С. Осиповке: « Киргизам остались обнаженные степи, 

пески, солонцы,...- деп хабарлап воспретить кордонным казакам

Уральского войска открытою силою действовать против прибрежных 

киргизцев » - деп казактардың жөнсіздіктеріне тыйым

салуды талап етті. 

• Жәңгір халқының ауыр тағдырын император Николайдың өзіне де

жеткізді, көмек сұрады. 

Амал не отарлау саясатының көрігін басып өз аузымен тапсырма 

беріп отырған әміршіден тегеурінді шешім

болмады.


Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің 

ақтамағандығын анықтайды. Жәңгір, халқын сатпады, 

халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. 

• 1823 жылы Жәңгір ішкі Бөкей ордасында хан сайланғаннан

• бастап қазақтың ұлттық мәдениетінде, оның ішінде ұлттық

• білім жүйесіне ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бірі: 

Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай білімнің

• Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында өте қажет

екенін түсінді. Ол Ресей империясының Еуропалық білім жүйесі 



арқылы көптеген салаларда жетістіктерге жеткенін жақсы білді. 

Жәңгір хан қазақ халқының сауаттылығын, ұлттық 



мәдениетін дамытатын әрі толықтыратын жаңа білім жүйесі «Еу

ропалық үлгідегі жаңа мектептер мен орта және

• жоғарғы оқу орындары» деп  түсінді. Оны Жәңгір ханның 

осы білім жүйесінде қазақ балаларын оқытуды арман етіп,

• білім саласын дамытуға бағытталған саясатынан көруімізге

• болады. Жәңгір хан алғашқы болып Қазақстанда оның ішінде 

«Ішкі Бөкей Ордасында ұлттық білім жүйесін » 

қалыптастырумен айналысқан.



Орда кентіндегі алғашқы орыс-қазақ мектебі

Жәңгір ханның ағартушылық іс-әрекетінің арқасында 

Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында 

тұңғыш рет ұлттық білім мен тәрбиенің негізі 

қалыптасып, одан әрі өркендеген. Ресейдің 

қазақстандағы ағарту ісіне мән беруіне елін дамыту 

үшін оқу тәрбие керек екенін түсінген Жәңгір 

хан мен балаларының болашағы үшін оқу мен

• білімнің қажет екендігін сезген қазақ ата-

аналары түрткі болды. Сондықтан Ресейдің оқу 

орындарында оқуға деген тілектерін жүзеге 

асыру үшін Жәңгір хан басшылығымен жасалған

• Бөкей Ордасы қазақтарының өтініштерін Ресей

• империясы еріксізден қанағаттандыруына тура келді.

• Қазақ балаларына орысша және орыстық рухта тәрбие 

беру, христиандық дінге шоқындыру Ресейдің басты 

саясаты болған. Мұндай мәліметтерді мұрағаттық

• материалдар дәлелдейді.



• 1839 жылы Жәңгір хан жоғарғы  оқу орындарына қазақ 

балаларын қабылдау жөнінде Жоғарғы мәртебелі рұқсат 

сұрады. Сәйкес әзірліктен кейін қазақ балаларына 

гимназияға байланыс жолдары корпусына, Неплюев кадет 

корпусына, азаматтық инженерлер училищесіне және 

Қазан университетіне түсіп оқуға рұқсат етілді. 

1841 жылы 6 желтоқсанда Хан ордасында Жәңгір өз 



қаражатына қазақ балалары үшін орыс тілінде оқытатын 

Жәңгір училищесін ашты. Онда ислам діні оқуынан басқа 

негізгі пәндер ретінде орыс тілі, арифметика, география 

және Ресей тарихының қысқаша курсы, кейіннен, орыс 

балаларын осы мектепте қабылдаумен байланысты құдай 

заңы  жүргізілді. 

Содан кейін арнайы курс ретінде шешекке қарсы егу 



ережелері, кітап түптеу, үш жыл іс-сапарға келген орыс 

офицерінің басшылығымен 6 бала оқыған жер өлшеу 

бөлімі ашылды. 


Жәңгір хан осы училище үшін әдейі үй салдырып, оған оқытушыларды 

өзі таңдап алып, тағайындады және өле-өлгенше училище мен 

оқытушыларға кететін шығындарды өзі төлеп отырды.   Ханның таңдауы 

бойынша училищенің меңгерушісі және оқытушысы болып, осы Ордада 

мал дәрігері болып жұмыс істейтін Константин Петрович Ольдекоп 

тағайындалды. Оған орыс тілін, арифметика және географияны оқыту 

және – оқушылардың тәртібін, тәрбиесін қадағалау жүктелді.

1830 жыл Жәңгір салдырған училище



Бүгінгі күнге дейін Жәңгір училищесі – Орда орта 

мектебінен танымал атақты түлектер қанаттанып, өмірге 

жолдама алды. Олардың ішінен оқымыстылар, батырлар, 

композиторлар, еңбек ерлері, генералдар мен мемлекет 

қайраткерлері, спортшылар мен оқытушы, дәрігерлер, 

әртүрлі мамандықтың иелері шықты. Олар танымал 

ғалымдар: М.Қ.Бабажанов, М.Ш.Бекмұхамбетов,

Қ.Н.Бөкейханов, Ғ.З.Быяшев және т.б. 



Негізгі еліктеп әуестенген кәсібі – ғылым,ал қамшының сабындай 

қысқа өмірінің мәні мен мағанасы – білім болған хан Жәңгір 

ағартушылық саласында қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан 

Уәлихановтан 34 жылға, бірінші қазақ ұстазы Ыбырай 

Алтынсариннан 40 жылға және ұлы қазақ ойшылы Абай 

Құнанбаевтан 44 жылға озық тұрғаны тарихи ақиқат

.


Жәңгір хан тағына отырғанына екі жыл толмай яғни 1826 жылдан 

бастап Нарын құмының шетінен хандықтың орталығын – Хан Ордасы 

қаласын салдыра бастады. Оның жанында Хан дәрігерінің үйі, әртүрлі 

қызмет жайлары, үлкен бағы, оның ортасында ханның өз сызбасы 

негізінде 1835 жылы мешіт салынған. 1838 жылдан бастап Саратовтан 

130 шақырымдай жерде Тарғын өзені бойында Хан жазғы Ордасын 

салдырған.


Хан Ордасында басқа да үйлер салғыза отырып, би, 

сұлтандардың, байлардың, саудагерлердің де үй салуына 

ұсыныс жасап, көмек көрсетіп отырған. 1846 жылғы 

дерекке қарағанда Ордада 89 үй салынған.

Хан Ордасында болған сол кездегі орыс, шетелдік 



ғалымдар мен Бөкей Ордасын зерттеушілер хан 

сарайындағы дүниелерді айта келіп таңданбайтындары 

жоқ. Хан сарайында ханның кеңсесі, қонақ қабылдайтын 

бөлме, үлкен асхана, кішкене музей- қару – жарақ 

палатасы болған. Хан үйі бөлмелеріндегі жиһаздардың 

үлкен талғампаздықпен жиналғанын айта келіп, 

Сабанщиков пен Евреиновтар европа мен азиаттық 

талғамның үндестігін табады.



Хан Жәңгірдің кітапханасы өте бай болған, сол кезде хан баспадан 

«Северная пчела», «Отечественные записки», «Современник»,

« журнал Министерства народного просвещения», «Посредник»,

«Русский инвалид», «Сенатские ведомости» атты  мерзімді 

басылымдарды алдырып тұрған. Сонымен бірге 1843 жылы 

Шинкельдің «Архитектура столетия», Максимовичтің «Атлас и 

собрание карт земного шара», Проскураков пен Семеновтың 

«Подробный учебный атлас Российской империй», Михайловский –

Данилевскийдің «Описание отечеств войны» кітабының екінші 

басылымы, Баршевтің «Основания уголовного права», Гогольдің 

«Мертвые души» сияқты жеке шығармаларын жаздырып алдырған.


Ол кездегі халық арасындағы көп тараған аурудың бірі – шешек 

болса, оны жою жолында Жәңгір қызмет атқарған. 1825 жылы хан 

Орынборға Сырлыбай Жәнібековты шешекке қарсы алдын-алу егуді 

үйренуге жібереді. Ол оқуын бітіріп келгеннен кейін 1826 жылдан 

бастап Бөкей хандығында шешек ауруына қарсы алдын алу шаралары 

істелінді. Ал, 1825 жылғы сәуір айында Орынбор генерал-

губернаторына жолдаған қатынас қағазда халықтың көшпелі 

тұрмысын айта келіп, ауруларға көмектесетін дәрігерлер мал басын 

аман сақтау және мал тұқымын асылдандыру үшін білікті мамандар 

бөлуін сұрайды. Осы бағытта 1838 жылы Хан Ордасында 

медициналық дәріхана ашылды. 1832 жылы Хан жәрмеңкесі ашылып, 

жазғытұрым және күзде 15 күннен онда әртүрлі сауда-саттық 

жүргізілген. Деректерге қарағанда, жәрмеңкеге ішкі Ресейден 

көптеген саудагерлер келіп, ал, ақша айналымы миллион сомға дейін 

барған.


Жәңгір 1845 жылы 11 тамызда қайраты толып, жер-

көкті ойша шолған дер шағында қапияда қаза болды. 

Жантәсілім етер алдында алладан медет тілеп отырған 

төресі мен қарасын жиып  сөз қалдырыпты дейді:

-Басыма қонған құдайы күлшедей бақты көре алмай



қатанды тұрып ортасынан жарылып үріккен қойдай боп 

ең. Сен билеген әкімнің артында жақсы аты қалмас, - деп 

қарашасына қарап.

• - Көзің ашылсын, көкірегі оянсын деп мектеп ашып ем, 

ілімнен гөрі арыз-шағымға қаламың жүрдек болмаса 

неғылсын, депті арқаға жүзі бұрып.

• - Тақырға гүл өсір деп су құйып ем, оным үстімді былғар 

шалшыққа айналды, - депті шығысқа назар тіктеп.



• -Әй, қос тентек, бірің ағам, бірің інім, бірің батыр, бірің ер 

кімге қарсы қол жинағаныңды білмей өттің-ау. Ақыры 

балықтағы өкпеге аспандағы мені саттың. Кінә қай-

қайсымызда  да жетерлік. Кеш, - депті әлдебір өкініш һәм 

нала бауырын тырнап. – «Қара албасты басқырсың» деу 

маған емес, үйдегі қатындарыңа айтар қарғыстарың еді 

ғой...

• - Қазаққа бітке маңдайы жарқыраған жақсының бәрі 



көгенделіп ілкі нәубет, алғашқы соққыға ілінбесе 

қайтесің?! Не бастың, не аяқтың есебі жоқ можан-топай 

түбі сен озасың, сен... – депті бетін құбылаға бұрып.

• - Бұл қазақтан еститінің жақсы болсаң да бір атаңа нәлет, 

жаман болсаң да нәлет, - депті дейді алыстан талғып 

жеткен бір дауыс, - Қайыр хош!..



Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан 

өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды. 

Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, 

атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын 

күрделі тұлға. 

Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, 

жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен 

тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір 

ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау 

тудырмаса керек.



Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Жәңгір секілді 

қайраткер Ішкі ордада табан тіреп отарлаушыларға қарсы 

әрекет істемесе, ол жерлерге орнықпаса онда қазіргі Батыс 

Қазақстан, Атырау облыстары Астрахань, Сарытау, 

Құлынды даласы секілді Ресей жерінің бір пұшпағы 

болып кетуі күмәнсіз еді.  Ең дұрысы Жәңгірдің саяси 

бейнесін өз замандастары мен сол кездегі оның қол 

астында болған халқы бейнелеп берген. Тек бір ғана 

қазіргі немесе кешегі идеологияға байланысты халық 

шындығы мен хан шындығын бұрмалап келеміз. Жәңгір-

халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер. Халқымен 

тағдырлас, халқымен мұңдас. Тарихи деректердегі 

ақиқаттар осыны көрсетеді.


Жәңгір ханның мазары

Орал қаласындағы Жәңгір хан ескерткіші

Қазан қаласындағы  Жәңгір ханға ескерткіш 

тақта

Жәңгір хан мұражайы

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –

техникалық университеті



Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Дайындаған: Бүркітбаева С.С.



Әдебиеттер тізімі:



Ахмет А. Жәңгір ханның жеке қаражатымен мектеп ашу 

оның ағарту саласындағы еңбегнің бірі /А.Ахмет //Аңыз адам. –

2013. -


№ 17 қыркүйек. –

19-


21 б.   



Жақсығалиев Ж. Исатай батыр Жәнгір ханның неге 

шаппады? /Ж. Жақсығалиев  //Президент және халық. –

2015. -


13 ақпан.



Жәңгір хан (1801



-1845) /

/Қазақстан: ықшам 

энцеклопедиялық сөздік. 

-

Алматы, 2005. –



214-

б.



Жәңгір хан (1801

-1845)

//Қазақстан ұлттық энциклопедия.

-

Т.3. Г


-

Ж. – Алматы,2001. –

620-

б.



Жәңгір хан (1801

-1845)

//Тарихи тұлғалар: мектеп 

жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. 

-

Танымдық 



көпшілік басылым. – Алматы, 2005. –

44-


б.  



Жәңгір хан (1801



-1845) //

Түркістан халықаралық 

энциклопедия. – Алматы, 2000. –

312-


313 б.



Нұржекеұлы Б. Жәңгір хан және Қарасай батыр /Б. 

Нұржекеұлы //Егемен Қазақстан. –

2015. 


– 3 қазан.    



Рақымқұлов Д.А. Жәңгір ханның серіктері /Д.А. 

Рақымқұлов //Отан тарихы. –

2010. -


№ 4. –

83-


102 б.

Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет