Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптары үшін


- тарау «Орыс тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет5/6
Дата06.01.2022
өлшемі80,2 Kb.
#16040
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
82 Орыс тили (Я2)

5 - тарау «Орыс тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
66. «Орыс тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 2-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

2) 3-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

3) 4-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

67. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін кабинеттер
санитарлық-гигиениналық нормаларға сәйкес мектеп жабдықтарымен жабдықталады.

68. Жұмыстың әртүрлі формалары (жеке, жұптық, топтық) мен түрлерін (ойындар мен белсенді әдістер) өткізу үшін жеңіл қозғалмалы жиһаз қарастырылады. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стендтер және білім алушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын болуы міндетті

69. Оқу пәнінің мазмұны. «Орыс тілі» пәнінің мазмұнын анықтау үшін орыс тіліне оқытудың мақсаттар жүйесі құрылған. Олар келесі бөлімдерден тұрады:

1) «Тыңдалым» бөлімі мұғалім мен білім алушылардың сөзін, аудио (видео) жазылымдарды тыңдап, тыңдалғанның мағынасын түсінуін қалыптастыруға бағытталған ;

2) «Айтылым» бөлімі ауызша формада ойын жеткізу, ойын айту дағдысын дамытуға бағытталған;

3) «Жазылым және оқылым» бөлімі орыс тілінің дыбыстарын оқу мен жазуға, оқығанын түсінуге, оқу дағдысын дамытуға, қарапайым сөздерге әріптік талдау жасауға бағытталған.



70. Сөйлеу әрекетінің түрлері:

1- кесте



Бөлімдер

Бөлімшелер

Тыңдалым

1.1 Білім алушылардың нұсқауды тыңдауы және түсінуі

1.2 Түрлі мақсатта айтылған нұсқауды мақсатына қарай түсіну және ажырата білу

1.3 Терминдердің мағынасын түсіну және меңгеру: сөйлем, буын, әріп, дыбыс, нүкте, үтір, сұрақ белгісі, леп белгісі

1.4 Сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын түсіну

Айтылым

2.1 Ойын және оқу іс-әрекеті процесінде қолжетімді деңгейде қарапайым ауызекі сөйлеу элементтерін қолдану

2.2 Түрлі грамматикалық категориядағы сөздерді қолдану және меңгеру

2.3 Диалог жүргізе білу

2.4 Байланыстырып сөйлеуін дамыту

Оқылым және жазылым

3.1 Орыс тіліндегі сөз, сөйлем, буын және сөз тіркесінің жазылуы мен оқылуын меңгеру

71. Оқу бағдарламасында оқыту мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.4. кодында «2» - сынып, «1.2» - бөлімше, «4» - оқыту мақсатының реттік саны:

72. Оқытудың мақсаттар жүйесі. Оқу бағдарламасында күтілетін нәтиже оқытудың мақсаттар жүйесі ретінде тұжырымдалған.Бөлімдер бойынша оқу материалын оқытудың мазмұны мен реттілігін анықтауға қызмет ететін, білім алушылардың жетістіктерін бағалайтын бағалау критерийлері болып табылады.

73. Мақсат қою білім алушылардың білімді меңгеру қадамдары мен дербес оқыту процесін басқаруға мүмкіндік береді.

74. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

1) тыңдалым:

2-кесте


Дағдылар

Білім алушылар

2- сынып

3 -сынып

4 -сынып

1.1 Білім алушылардың нұсқауды тыңдауы және түсінуі

2.1.1.1 қарапайым нұсқауды, мұғалім өтінішін тыңдауы және түсінуі, оқу процесін ұйымдастыру іс-әрекетін және тұрмыстық іс-әрекетке дұрыс әсер ету (мимиканы, ым-ишараны қолдану)

2.1.1.2 тілдік үлгілерді қайталау

2.1.1.3 күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынаста жаңа сөздердің мағынасын түсіну

2.1.1.4 тыңдалған мәтінде Не? Не туралы? екенін түсіну



3.1.1.1 2-3 сөзден тұратын нұсқауды тыңдауы және түсінуі («Орныңнан тұр». «Доп әкел»). Қарапайым фразаларды қайталау

3.1.1.2. 3-4 сөзден тұратын нұсқауды тыңдауы және түсінуі Қарапайым фразаларды қайталау.

3.1.1.3 Қаратылып айтылған сөзді түсіну. Оған тиісті жауап беру.


4.1.1.1 2-3 қадамдық нұсқаудың мағынасын түсінуі («Терезе алдына бар да су құйғышты алып гүлдерге су құй»)

4.1.1.2 тыңдау арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстарды, жуан, жіңішке, ашық, қысаң дыбыстарды ажырата білу керек 4.1.1.3 , аудио, мұғалім дауысынан тілдік үлгілерді тыңдауы және түсінуі

4.1.1.4 күнделікті өмірге қатысы бар жаңа сөздердің мағынасын түсіну,


1.2 Түрлі мақсатта айтылған нұсқауды мақсатына қарай түсіну және ажырата білу

2.1.2.1 сұрақ қою екпінін ажырату 2.1.2.2 хабарлау екпінін ажырату 2.1.2.3 леп белгісін қою екпінін ажырату 2.1.2.4 қойылған сұраққа тиісті жауап беру Оған бір сөзбен жауап беру.


3.1.2.1 мұғалімге сұрақ қою арқылы көмегімен сұраулы сөйлемді анықтау

3.1.2.2. Қойылған сұраққа тиісті жауап беру Оған бір сөзбен жауап беру.

3.1.2.3 мақсатына қарай айтылуы бойынша екпін қойылуын түсіну


4.1.2.1 хабарлы сипаттағы қысқа айтылым мазмұнын түсіну

4.1.2.2 түрлі мақсатта айтылған сөйлемдерді екпін қойып дұрыс айту (хабарлы, сұраулы, қозғау салатын) оқу барысында

4.1.2.3 мақсатына қарай айтылған сөйлемдерге екпінді дұрыс қою (хабарлы, сұраулы, қозғау салатын) сөйлесуде мұғалімнің екпініне еліктеу жолымен

1.3 Терминдердің мағынасын түсіну және меңгеру: сөйлем, буын, әріп, дыбыс, нүкте, үтір, сұрақ белгісі, леп белгісі

2.1.3.1 терминдердің мағынасын түсіну және меңгеру: сөйлем, буын, әріп, дыбыс 2.1.3.2 терминдердің мағынасын түсіну және меңгеру: нүкте, үтір, сұрақ белгісі, леп белгісі

3.1.3.1 орыс тіліндегі сөйлеу этикет элементтерін қолдану: сәлемдесу, қоштасу, өтінім

3.1.3.2 тыныс белгілерін қолдану және ажырату (мұғалім көмегімен)

4.1.3.1 Терминдердің мағынасын түсіну және меңгеру: сөйлем, буын, әріп, дыбыс, нүкте, үтір, сұрақ белгісі, леп белгісі 4.1.3.2 тыныс белгілерін өз бетімен қолдану

1.4 Сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын түсіну


2.1.4.1 дауысты және дауыссыз дыбыстарды, ажырата білу

2.1.4.2 тақырып бойынша жаңа сөздердің және шылаулардың мағынасын түсіну 2.1.4.3 сөйлеу барысында танысу үшін сөз, сөз тіркесін қолдану, заттың аты



2.1.4.4 жекеше және көпше түрдегі зат есімдердің мағынасын түсіну (кітап-кітаптар, алма-алмалар)


3.1.4.1 тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын түсіну 3.1.4.2 жай сөйлемдегі шылаулар мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

3.1.4.3 шақ пен жаққа қатыссыз етістіктерді түсіну (Мен келдім.Ол келді.)

3.1.4.4 бір немесе бірне затты білдіретін сөздерді қолдану

3.1.4.5 синонимдер мен антонимдердің мағынасын түсіну

4.1.4.1 дыбыс, сөз, сөйлемдерді білу

4.1.4.2 оқылған мәтіннің мағынасын түсіну

4.1.4.3 оқылған өлеңнің мағынасын түсіну
4.1.4.4 мағынасы жақын, мағынасы қарама-қарсы сөздердің мағынасын түсіну

4.1.4.5 өтілген тақырып бойынша өз сөзін қолдану, келесі кезеңде жаңа сөздерді меңгеру 4.1.4.6 жазылуы бірдей сөздердің мағынасын түсіну

2) айтылым:

3-кесте


Дағдылар

Білім алушылар

2- сынып

3- сынып

4- сынып

2.1 Ойын және оқу іс-әрекеті процесінде қолжетімді деңгейде қарапайым ауызекі сөйлеу элементтерін қолдану


2.2.1.1 орыс тіліндегі сөйлеу этикет элементтерін қолдану: сәлемдесу, қоштасу, өтінім

2.2.1.2 білім алушылардың белсенді сөйлеу тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді қолдану

2.2.1.3 тілдік үлгілерді көшіру


3.2.1.1 орыс тіліндегі сөйлеу этикет элементтерін қолдану: сәлемдесу, қоштасу, өтінім

3.2.1.2 түрлі жағдаяттағы қарым-қатынаста сыпайы формадағы сөздерді қолдану: сәлеметсіз бе, сау болыңыз, рақмет, мархабат

4.2.1.1 мұғалім көмегімен тілегі мен өтінішін айту білігі

4.2.1.2 танысу барысында сөйлеу этикетін сақтау (Сіздің атыңыз кім? Сіздің фамилия кім? Менің атым ... Сенің фамилияң...); өтінім барысындағы сөйлеу этикеті (Кітабыңызды бере тұрыңызшы. Қарындашты алуға бола ма?)

4.2.1.3 өз бетімен тілегі мен өтінішін айту білу

2.2 Түрлі грамматикалық категориядағы сөздерді қолдану және меңгеру

2.2.2.1заттың атын білдіретін сөздерді қолдану үлгілер бойынша және ұқсастық бойынша келесі моделдерді меңгеру: Бұл - кітап. Бұл - қалам.

2.2.2.2 заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдану 2.2.2.3 заттың атын білдіретін сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдану, Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздер

2.2.2.4 заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдану. үлгілер бойынша және ұқсастық бойынша келесі сөйлеу моделдерін қолдану: Мамам ұйықтап жатыр спит. Әнуар жазып отыр

2.2.2.5 заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді, сөз санымен келісіп алу




3.2.2.1 заттың белгілерін білдіретін сөздерді білу және дұрыс қолдану. Үлгілер бойынша және ұқсастық бойынша келесі сөйлеу моделдерін қолдану:

Бұл- қызыл доп. Бұл- көк қарындаш



3.2.2.2 заттың меншіктілігін білдіретін сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдану (менің, менікі)

3.2.2.3 есімдікті білдіретін сөздерді білу ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану

(ол)


3.2.2.4 санды білдіретін сөздерді білу ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану (1-10)

3.2.2.5 санды білдіретін сөздермен затты білдіретін сөздерді байланыстыра білу

4.2.2.1 затты, заттың белгілерін, санды білдіретін сөздерді жекеше түрде сөздерді байланыстыра білу

4.2.2.2 септік жалғауларының мағынасын түсіну



4.2.2.3 сұрақтың көмегімен сөз бен сөйлемнің байланысын білу

4.2.2.4 сұрақтар бойынша сөйлемді тарату Бұл кім? Бұл не? Не істеп жатыр? Қандай қарындаш? Бұл кітап па?

4.2.2.5 сөз тіркесі, сөйлем ,сөздермен, заттың іс-әрекеті мен белгілерін білдіретін сөздерді білу ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану (Отанды сүю , жазғы, жылы жаңбыр)

4.2.2.6 көрнекі- иллюстративті материалды тірек етіп сөйлем құрау және мұғалімнің сұрағына жауап беру

4.2.2.7 қате сөйлемдерді қалпына келтіру

4.2.2.8 меңгерілген түрлі грамматикалық категориядағы белсенді сөздерді сөйлеу тілінде қолдану


2.3 Диалог жүргізе білу

2.2.3.1 түрлі қарым-қатынас жағдайында қолданылатын ауызекі сөйлеуін байқау (мектепте, сабақта, асханада, үйде, көлікте)

2.2.3.2 сөйлеу барысындағы әдепті сақтау (сұрақты аяғына дейін тыңдау,сөзді бөлмеу). Сұраққа жауап беру

2.2.3.3 әңгімелесушіні түсіну, әңгімелесушінің сұрағына жауап беру, сөйлеу нормаларын сақтау

3.2.3.1 түрлі қарым-қатынас жағдайында қолданылатын ауызекі сөйлеуде сөзді қарапайым сөздер арқылы қолданып қолдау (мектепте, сабақта, асханада, үйде, көлікте)

3.2.3.2 қарапайым диалог қолдану

3.2.3.3 жаңа материалдың лексика және грамматикалық құрылымымен қарапайым сөйлеу этикетін қолдану

3.2.3.4 әңгімелесушіні түсіну, әңгімелесушінің сұрағына жауап беру, сөйлеу нормаларын сақтау



3.2.3.5 көрнекі-практикалық іс-әрекетті тірек етіп үлгі бойынша өзбетімен диалог жүргізу

4.2.3.1 көрнекі-практикалық іс-әрекетті тірек етіп үлгі бойынша өзбетімен диалог жүргізу.

4.2.3.2 тыңдалған мәтін бойынша мұғалімнің сұрағына жауап бере білу

4.2.3.3 тыңдалған мәтін бойынша мұғалімнің сұрағына жауап бере білу

4.2.3.4 оқу-ойын іс-әрекетті тірек етіп үлгі бойынша диалог жүргізу

4.2.3.5 диалогте ынталандыратын сөз айту, сұрақ қою; әңгімеге қатысу

4.2.3.6 әңгімелесушіні түсіну, әңгімелесушінің сұрағына жауап беру, сөйлеу нормаларын сақтау 4.2.3.7 диалогте ынталандыратын сөз айту, сұрақ қою; әңгімеге қатысу (ынталандыратын сұрақ қою)

4.2.3.8 әңгімелесушіні түсіну, әңгімелесушінің сұрағына жауап беру, сөйлеу нормаларын сақтау, өмірлік тәжірибелері бойынша білім алушылар экскурсия материалы бойынша саяхат жасау



2.4 Байланыстырып сөйлеуін дамыту

2.2.4.1 таңбалы құралды қарым-қатынаста қолдану. Мәтінде Не туралы? Не жайында? айтылады

2.2.4.2 жеңіл өлеңді жаттау

2.2.4.3 жеңіл мәтінді айтып беру (мұғалім көмегімен)

2.2.4.4 тыңдалғанға өз қарым-қатынасын білдіру

(Иә. Жоқ. Ұнайды. Ұнамайды)

2.2.4.5 үлгі бойынша мұғалім көмегімен сипаттамалы әңгіме құру

3.2.4.1 жеңіл өлең, жұмбақты жаттау 3.2.4.2 мұғалім сұрағы бойынша тыңдалған мәтінді айтып беру. мәтіннің мағынасын берерде интонацияны, паузаны сақтау,

3.2.4.3 тыңдалған материалдың негізгі ойын түсіну. Тақырыпты атай білу

3.2.4.4 жай сөйлемге өз қарым-қатынасын білдіру 3.2.4.5 жеңіл мәтінді айтып беру (мұғалім көмегімен)

3.2.4.6 сериялы сюжетті суретпен мұғалім сұрағы бойынша дайын жоспар бойынша әңгіме құрау

3.2.4.7 өз іс-әрекетіне түсінік беру (Мен жазып отырмын. Мен гүлдің суретін салдым)

4.2.4.1 жеңіл өлең, жаңылтпашты жаттау

4.2.4.2 өзбетімен тыңдалған мәтінді айтып беру. Сипаттау сөздерді салыстыруға қолдану

4.2.4.3 тақырыпты анықтау. мәтіннің мағынасын анықтау

4.2.4.4 жай сөйлемге өз қарым-қатынасын негіздеп және бағалап білдіру

4.2.4.5 сериялы сюжетті суретпен мұғалім көмегімен және өзбетінше әңгіме құрау

4.2.4.6 мұғалім көмегімен ұжыммен берілген тақырыпқа әңгіме құрау

4.2.4.7 сұрақтарды тірек етіп өзінің тәжірибесінен қысқа әңгіме құрау

3) жазылым және оқылым:

4-кесте


Дағдылар

Білім алушылар

2 сынып

3 сынып

4 сынып

3.1 Орыс тіліндегі сөз, сөйлем, буын және сөз тіркесінің жазылуы мен оқылуын меңгеру



2.3.1.1 алфавит. Алфавиттің сауатты адамның өмірінде алатын орнын білу

2.3.1.2 дыбыстарды дұрыс айту,

2.3.1.3 сөз, сөйлем, буын дұрыс жазу, оқу

2.3.1.4 баспа мәтіннен қысқа мәтіндерді көшіріп жазуды білу

2.3.1.5 жазба мәтіннен сөйлемдерді көшіріп жазуды білу

2.3.1.6 дыбыстық-әріптік екі құрамды сөздерге талдау жасай білу



3.3.1.1 сөзді, сөз тіркесін және сөйлемді оқу және жазу

3.3.1.2 қысқа мәтіндерді оқу оның мазмұнын түсіну

3.3.1.3 диалогі бар мәтінді оқу

3.3.1.4 баспа және жазба мәтіннен сөйлемдерді көшіріп жазуды білу

3.3.1.5 баспа және жазба мәтіннен қысқа мәтіндерді көшіріп жазуды білу

3.3.1.6 жазғанын үлгімен салыстыра білу; жазылған мен айтылғанның айырмашылығын байқай білу

3.3.1.7 қазақ алфавитінде жоқ әріптерді дұрыс тауып айту

3.3.1.8 алфавиттік тізімдегі сөздерді таба білу, алфавиттік ретпен сөздерді қою

3.3.1.9 айту нормасына сәйкес паузасын және интонациясын сақтап орыс тіліндегі қысқа мәтіндерді оқу және түсіну

4.3.1.1 орыс және қазақ графикасындағы айырмашылығы бар сөздер мен әріптерді оқу және жазу

4.3.1.2 сөйлем арасындағы, басындағы паузасын және интонациясын сақтап


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет