3 - тарау Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
21. Орыс тілі пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәсілдерін іске асыру жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттілігін қанағаттандыру арнайы педагогика принциптеріне бағытталған.
22. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды түзете-дамыту бағыты принципі арнайы әдістермен, оқыту тәсілдерімен және оқыту іс-әрекетімен қамтамасыз етілген. Сондықтан олардың ойлау процесінің енжарлығы, танымдық белсенділігінің төмендігі, сөйлеу әрекетінің нашар дамуы, жинақтаушы және абстракциялаушы ойлау қызметінің әлсіздігі ескерілу қажет. Білім алушылармен жұмыс барысында олардың еліктегіштік қабілетіне, көрнекі-іс-әрекет ойлау мүмкіндіктерінің сақталуына сүйену керек. Орыс тілінде оқыту білім алушылардың қабылдау, еске сақтау, сөйлеу, ойлау қызметінің дамуына жағдай жасайды. Басталған істі аяғына дейін жеткізу, қиындықты жеңу, дербес және мұқият болу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі құрылады.
23. Әлеуметтік-бейімделу принципіне бағытталған оқыту жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделмеуін азайтады немесе жояды. Білім алушылардың әлеуметтік өмірге қатысуы үшін тәртіп нормалары, өмірлік дағдылар, тәртібі, қарапайым гигиеналық, коммуникативтік, тұрмыстық дағдылардан бастап, күрделі әлеуметтік дағдылармен аяқталатын арнайы жұмыс қарастырылған.
24. Ойлау, тіл және коммуникациялар дағдыларының принципі білім алу құралы болып табылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларда сөйлеу тілін дамытудың, ойлаудың, қарым-қатынас жасаудың арнайы проблемалары орын алған, олардың оқудағы табыстылығы мен әлеуметтенуін қамтамасыз етілуі педагогикалық құралдар арқылы өтеледі.
25. Іс-әрекет принцип тәсілдері. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту процесінде оқу материалын ұғыну үшін жағдай жасалады, пәндік-практикалық іс-әрекетте педагог басшылығы кеңінен қолданылады Пәндік-практикалық іс – әрекет жоғары психикалық қызметтің сенсомоторикалық негізін дамытуға мүмкіндік береді (қабылдау, сөйлеу, ойлау), білім алушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша білім, білік, дағдыларын, өмірлік тәжірибелерінің аздығын өтейді.
26. Саралау принципі мен даралау тәсілі. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды ұжымдық оқу процесі жағдайында саралау тәсілі олардың вариативті типологиялық ерекшеліктерімен шартталған, оқу материалын меңгеруде көрінеді және алынған білім, білік және дағдыларының сапасына әсер етеді. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арнайы мектепте және сыныпта білім беру процесі 4 типологиялық топқа бөлінетін педагогикалық классификациялау негізінде жүзеге асады ( В.В. Воронкова бойынша). Әр типологиялық топта білім алушылардың қолжетімді мүмкіндігіне қарай күрделілігі мен көлеміне байланысты педагог оқу материалының мазмұнын іріктейді. Оқудың қарқыны білім алушылардың дербестік деңгейіне, оқудың әдісі мен тәсіліне қарай түрленіп отырады. Білім алушыларды топқа бөлу шартты түрде және қозғалмалы болып келеді. Саралау тәсілі оқытудың даралау тәсілімен толықтырылады.
27. Оқытудағы коммуникативті тәсіл – ақпаратты хабарлау және беру, біліммен алмасу, сөйлесім қарым-қатынасы процесіндегі білік және дағдылар. Тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті оқу нәтижесі болып табылады.
28. Арнайы педагогикалық басшылықтың қажеттігі принципі. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға дербес оқу-танымдық іс-әрекет жасау, әсіресе
3 және 4 типологиялық топта қиын немесе мүмкін емес, сондықтан оқу тапсырмаларын табысты орындау үшін педагог білім алушының жетілмеген қызметін өзіне алады. Арнайы педагог ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жалпы даму заңдылығын, сыныптағы әр оқушының танымдық мүмкіндігін білетіндіктен арнайы оқу әдістемесін ұйымдастырады және білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін бағыттап отырады. П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс-әрекетін біртіндеп қалыптастыру теориясы орыс тіліне оқыту процесі бойынша арнайы педагогикалық жетекшілік жасаудың психологиялық негізі болады.
29. Орыс тіліне оқыту процесін арнайы әдістемелік принциптер негізінде ұйымдастырылса педагогикалық тапсырмалар дұрыс шешіледі.
30. Арнайы мектептің бастауыш сыныбында 3 кезеңде рет-ретімен оқытылатын барлық оқу материалдары концентрлерге бөлінген. Әр кезеңде тілдің түрлі бөлімдері туралы түсінік қалыптасады (фонетика, лексика және морфемика, грамматика емле ережесі, байланыстырып сөйлеу). Әр кезең материалы аяқталған және жүйелі, өткен және келесі модулдермен логикалық байланысты. Көлемі мен күрделілігі біртіндеп өсіп отырады.
31. Білім алушылар жаңа кезеңге материалды оқу үшін бұрынғы алған дағдыларын қалыптастыруы бойынша көшіріледі. Мұғалім әр кезең үшін анықталған білім алушыларды қалыптастыруға қажетті дағдылар мен біліктерді, уақыт кезеңін өзі дербес анықтайды. Жекелеген білім алушылардың немесе сыныптың мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан мектептегі оқу барысында 2 және 3 кезеңнің материалын ғана меңгереді. Мұғалім материалды қолжетімді деңгейдегі күрделілік пен көлемде үйрену үшін балалармен жұмыс жасайды. Бұл оқытудың нәтижелілігін қамтамасыз етеді.
32. Бағдарламада білім алушылардың күнделікті іс-әрекетте іске асырылатын практикалық сөйлеу біліктіліктерін қалыптастыруға ерекше мән берілген, бұл білім алушылардың ақыл-ой іс-әрекетін шектеу арқылы шартталған.
33. Тілді оқытудың бастапқы кезеңінде орыс тіліндегі ауызша сөйлесімді түсінуін қалыптастыру негізі болып табылады. Нақтылау, кеңейту, сөздік қорын белсенділендіру бұл , орфоэпиялық дағдыларын қалыптастырумен, естіп сөйлеуін түзету жүйелі жұмысымен қатар жүреді. Ол үшін әңгіме, шағын өлеңдер жаттау, жұмбақ, жаңылтпаш, тілдік ойындар қолдануға болады. Мұғалім өз сөзін мысал ете отырып сөзді орфоэпиялық дұрыс айтуға, сұраққа дұрыс жауап беруге, орыс тілінде қарпайым сұрақтар қоюға, сөзді , сөйлемді, шағын мәтіндерді оқуға жетелейді. (2-3 жай сөйлем).
34. 3-сыныптан бастап білім алушылар дыбыспен практикалық жаттығулар жасайды , ал содан кейін сөзге дыбыстық, әріптік талдау жасайды. Жұмыстың бұл түрі естіп сөйлеуін, әрбір әріп пен дыбыстың сөздегі орнын көруге, дұрыс айтуға, жазуға, жаңа сөздерді есте сақтауын дамыту үшін үлкен маңызы бар.
35. Фонетика-фонематикалық ерекшелік жағын ескере отырып арнайы мектепте білім алушылар дыбыстардың айырмашылығы мен дұрыс айтылуына ерекше мән береді. Орыс тілінің төл дыбыстарын: в, ч, щ, ц, ф. ретімен мақсатты түрде оқыту қажет.
36. Тілді оқытудың бастапқы кезеңінде келесі құралдарды қолдану қажет: сынып тақтасы, қиып салынған әріптер ұяшығы; терім мата; буындар ұяшығы; буындар кестесі: пәндік терім, жағдаяттық, сюжеттік суреттер; түрлі-түсті фишкалар: буындар үшін жолақ, дыбыстық, әріптік талдауға (дербес ашық хат); алфавит; кесте.
37. Сөздерді сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар: сөзді, сөйлемдерді, қалып қойған әріптерді, буындарды, теріп жазу, тақтадан, оқулықтан көшіріп жазу, айытылған сөздерді; есте сақтау арқылы, талданған сөздерді көшіріп жазу .
38. Бастауыш сыныпта тыңдалым, айтылым, оқылым , саналы түрде көшіріп жазу, орфографиялық айтып отыру арқылы көшіру орыс тілін меңгерудің негізгі жұмыс түрлерінің бірі . Орыс тілі сабағында оқу процесінде түзете-тәрбиелеу мақсатының түрлеріне рұқсат берілген: білім алушыларға эстетикалық, адамгершілік, патриоттық тәрбие, сөйлеу тілін дамыту, лексикасын дамыту, логикалық ойлауы мен есте сақтауын дамыту жүзеге асырылады.
39. Оқу дағдыларын табысты қалыптастыру білім алушылардың оқығанын түсінуіне байланысты. Сондықтан бағдарламада мұғалімнің назары оқып түсінуді және ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге баса назар аударылады.
40. Оқу барысында олардың фактілерді (не? қайда? қашан?) дұрыс қабылдауын анықтау қажет, себеп-салдарлық байланысын қоя ала ма (неге? Не үшін?), оқығанның мағынасын түсіне ме.
41. Орыс тілін оқу барысында білім алушылармен жүргізілетін сөздік жұмысының маңызы зор. Ол саналы оқуды қалыптастыруға, сөздік қорын молайтуға, жекелеген сөздердің дұрыс жазылуына, дұрыс айтылуына ықпал етеді. Сөздік жұмысының мазмұны жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру және оқушылардың белсенді сөйлеуін жүргізу. (ауызша және жазбаша). Орыс тілі сабағында білім алушылардың тілдік белсенділігін көтеру үшін орындалатын тілдік іс-әрекетке тұрақты қызығушылығын, эмоционалды қарым-қатынасын арттыратын ойын тәсілдерін кеңінен қолдану қажет, Бағдарламалық тақырыптарды меңгеру барысында тілдік жағдаят құру қажет.
42. Көрнекі материалдардың көмегі арқылы ойша жағдаят құруға болады, үнемі сабақта болатын табиғи жағдаят: сыныптағы сабақта, саяхатта, пән бойынша сурет салуда. Мысалы, «Ойыншықтар» тақырыбын өткенде «Біз түскі ас ішіп отырмыз» ойша жағдаятын құруға болады. Білім алушылар түскі асқа үстел дайындауға қатысады.
43. Сөздік жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін 3-4 сыныпта тақырыптық сөздік жүргізу керек. Онда олар сөздерді жазады, ол білім алушылардың есіне сақтайтын белсенді сөздік қорына енеді.
44. Жаңа сөздердің мағынасын түсіну үшін орыс тілінде түсіндіру қажет. Басқа жағдайларда қазақ тілінен басқа тілдерге аударғанда қазақ тілін қолдануға болады.
45. Ұлттық мектептерде оқушыларды орыс тіліне үйретудің басты шарты мұғалімнің сөзі мен оқуы үлкен қызмет атқарады. Педагогтің сөйлеу тілі оқушылардың еліктеуіне үлгі болады. Арнайы мектепте мәтінді алғашқы оқуға ерекше мән беріледі, яғни алғаш мәтінді оқу оның мағынасын түсінуде үлкен рөлі барын эксперименттік зерттеулер мәліметтері куә болады (В.Г. Петрова) Егер білім алушылар бірінші оқығанда дұрыс түсінбесе онда келесі оқығанда да осы қатені көп қайталайтын болады. Арнайы мектепте осы ерекшелікті ескере отырып, мәтінді алғашқы оқуды тіпті өте жақсы оқитын білім алушыға да тапсыруға болмайды. Алғашқы оқудан кейін мұғалім 2-3 сұрақпен тыңдалғанның мазмұнын түсінгенін сұрайды. Одан кейін мұғалім тағы бір рет оқып, білім алушылар кітапқа қарайды. Білім алушылар кітапқа қарап қана отырмай екпін түсіруді, дұрыс айтуды, мәнерлеп оқуды қоса қарап отыру үшін мұғалім оқу қарқынын ақырындату қажет.
46. Орыс сөйлеу тілінің дағдыларын бекіту үшін режимдік кезеңдерін көрсетеді. Серуендеуге шығардағы киінетін кезде киімдердің, аяқ киімдердің атын бекіту қажет. Түсіну және екі кезеңді, үш кезеңді нұсқауларды қолдану (бас киміңді ки, аяқ киіміңді шкафқа қой).
47. Орыс тілінің ауызекі сөйлеу дағдыларын үйренген тілдік материалдар бойынша мереке күндері, ертеңгіліктерде, телехабарлар, фильмдер, диафильмдер көруде, радиохабарларды тыңдауда белсенділендіре түсуге болады.
48. Тұрмыстық еңбек процесінде (кезекшілік, гүлдер мен жануарларды күтуде, үй-жайды жинауда ) екпін түсіруді, дұрыс айтуды, мәнерлеп оқуды сөздерді бектуге үлкен мүмкіндік болады.
49. Бағдарламада білім алушылардың орыс тілін оқу процесінде меңгеретін негізгі білік және дағдылары анықталған. Білім алушылардың білім, білік және дағдылары әңгімелесу, ауызша, жазбаша тапсырмаларды орындау процесінде тексеріледі. Орыс тілі пәні бойынша бақылау жұмыстары өткізілмейді. Орыс тілі пәні бойынша күнтізбелік жоспар арнайы мектепке арналған схема бойынша қосымша графаға «Лексиканы меңгеруі» құрылады.
50. Мұғалім оқытуда түрлі стратегияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы дамытады:
1) білім алушыларды түрлі коммуникативтік іс-әрекетке белсенді еліктіру;
2) таныстыру оқу түрі арқылы білімді өз бетімен іздеу қызығушылығын қалыптастыру;
3) одан әрі дамуы үшін бағалаудың түрлі тәсілдерін қолдану, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі жағдаяттар құру;
4) білім алушылардың оқуға ынталандыру мен қызығушылығын арттыру үшін оқытуды саралау.
51. «Орыс тілі» пәнін оқытуда көрнекі құралдарға үлкен мән беріледі. Орыс тілі пәні сабағында дұрыс қолданылған көрнекілік ережелер мен түсініктер, логикалық ойлауы мен ауызекі сөйлеуін дамытуға, нақты құбылыс туралы талдау жасап қорытынды шығаруға және оны практикада қолдануын қалыптастыруға ықпал етеді. Түрлі қолданылған көрнекіліктер білім алушылардың белсенділігін арттырып , назарын дамытуға, материалды мықты меңгеруге, уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Дидактикалық материал. Негізгі түсініктерді қалыптастыру үшін, сонымен қатар жазылым және айтылым дағдыларын жетілдіру үшін түрлі дидактикалық материалдар қолдану қажет. Дидактикалық материал оқыту процесінің дербес және белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. обучения. Дидактикалық материалдарды пәндік дидактикалық материал; тапсырмалары берілген кеспе карталар түріндегі дидактикалық материалдар деп екіге бөлуге болады. Пәндік материалды жаңа тақырыпты түсіндіру және бекіту барысында қолдану қажет. Кеспе карталар түріндегі дидактикалық материалдар білім алушылардың дербес ерекшелігіне қарай беймделуді қамтамасыз етеді.
52. Қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепте орыс тілінің бірыңғай сабағы өткізіледі (кіріктірілген). Әдебиет пен орыс тілін жеке-жеке бөліп өткізу ұсынылмайды.
53. Орыс тілі пәні сабағы басқа пәндермен тығыз байланыста өткізіледі: қоршаған әлеммен танысу, математика, әдебиет, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттылық, бейнелеу өнері, бұзылған тілін түзету.
Достарыңызбен бөлісу: |