Жеңіл атлетика



Pdf көрінісі
бет46/109
Дата06.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#12945
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   109
Байланысты:
Abdrahmanov

Белдеуден ӛту. Белдеу жаққа бұрылу тек «ұшқан» соң ғана 
орындалады.Тіреніштен  ажыраған  кезде  дене  массасының 
жалпы  орталық  нүктесінің  тік  жылдамдығы  жоғары  классты 
секіруші де 4,9 – 5,2 м/с аралығында болады. 
Белдеуге кӛтерілген сәтте сол жақтағы сермелген аяққа қол 
парралель  жағдайда  бағытталады.  Қолдың  ассиметриялық 
қозғалуында  екі  қол  бір  қалыпты  орындалып,  белдеуден  ӛткен 
кезде  қолдар  денемен  бір  деңгейге  қойылады.  Қолдардың 
осылайша  орналасуы  неғұрлым  тиімді,  ӛйткені  бұл  жағдайда 
инерция азайып денені белдеу арқылы «лақтырудың» бұрыштық 
жылдамдығы арта түседі. Одан әрі секіруші барынша түсірілген 
аяқпен иіліп, белдеуге басымен және иығымен кіреді. Сермелген 
аяқ  итерілген  аяқтың  деңгейіне  дейін  түсіріледі.  Белдеуден 
ӛткен  тұста  аяқтар  тізе  буынынан  бүгіледі.  Белдеудің  үстінде 
секіруші  иіле  келіп  жамбасты  кӛтереді.  Белдеуден  ӛткен  сәтте 
қолдар  артқа  лақтырылып  дененің  кеуде  тұсынан  иілуі  кӛбейе 
түседі, ал қолдар денемен бір деңгейде болғанда, жамбас түседі, 
ал қолдар денемен бір деңгейде болғанда, жамбас тұсының иілуі 
барынша  шегіне  жетеді.  Дене  массасының  жалпы  орталық 
нүктесі  қозғалысының  траекториясы  аударылуы  арқылы 
секірумен  салыстырғанда  ұзақтау  болады.  Секірушінің  дене 
массасының  жалпы  орталық  нүктесінің  ең  жоғарғы  биігі 
белдеуден 20 см қашықтыққа жетеді. Ал аударылу тәсілінде ол 8 
см болады. Жамбас белдеуден ӛте салысымен белдеуден тезірек 
«кету»  басталады.  Ол  басты  бұрумен,  жамбас  тұстынан  аяқты 
бүгу және тізе тұсынан тік ұстау арқылы орындалады. Секіруші 
белдеуден  аяғымен  сырғанап  бара  жатқандай  болуы  керек. 
Секіруші  паралоннан  жасалған  матаға  арқамен  түсіп,  іле  шала 
баспен аунап кетеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет