Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі



бет7/8
Дата12.12.2022
өлшемі31,15 Kb.
#56789
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Word (12)

1. Критериалды бағалау– оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
2. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ): бағалау моделі, ол үш түрлі: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау.
3. Жетістік критерийлері –
4. Балл қою критерийлері –
5. Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
6. Оқудың міндеті - оқу іс-әрекеті құрылымының басты компоненті. Оқу іс-әрекеті процесінде оқу міндеті белгілі бір оқу ситуациясында беріледі.
7. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ)- мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
8. Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) тоқсан аяғында оқу блогын оқып бітіруде оқу дағдыларын және білімнің қалыптасқанын анықтайтын, мектептердің өзі дайындап және өткізетін бағалауы.
9. Сыртқы жиынтық бағалау (СЖБ) бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерді бітіргенде куррикулум және бағалау моделіне сәйкес оқу дағдыларын және білімнің қалыптасқанын анықтайтын, мектептен тыс сыртқы ұйымдар дайындап және өткізетін бағалау
10. Модерация – бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі.
11. Тоқсандық баға: Тоқсан барысында тапсырған барлық жиынтық жұмыстарынан жинақталған нақты пайыздық көрсеткіштегі балы
12. Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы (МКҚ): бұл желілік құбылыс, кәсіби қызметтеріндегі нақты мәселелерді шешудегі педагогтардың қарым-қатынасы.
13. Баға – Бағабағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
14. Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет