15. Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
16. Дескрипторлар – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
17. Диагностикалық бағалау –оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау.
18. Критерий – бағалау, анықтау негізінде көрсеткішті жіктеу
19. Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
20. Өзін-өзі бағалау –бұл өзінің күшті және әлсіз жақтарын, өзінің мүмкіндіктері мен мәселелерін қорытындылауға бағытталған үрдіс
21. Портфолио «құжаттар сақтайтын папка», «маманның папкасы») белгілі бір кезеңде жұмыстың орындалғанын, әртүрлі бағыттағы қызметтер (оқу, шығармашылық, әдістемелік, зерттеушілік) бойынша нәтиже болғандығын растайтын және бір немесе бірнеше бағыттарда өрлеу және жетістікке қол жеткізілгендігін көрсететін дәлелдемелердің толық жинағы.
22. Рефлексия –адамның өз істерінің мəнін түсіну, ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық жəне анық есеп беруі немесе өзі əрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кателерді мойындауы не жоққа шығаруы
23. Рубрикатор –оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
24. Суммативті (қорытынды) бағалау - белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған.
25. Талдауадам қызметіндегі пәндік тәжірибелік білім беру үдерісіндегі қатынастардың шынайы және анайы түрде ойлау
26. Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс.
27. Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсатыоқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады.
28. Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.