5. Ұйқы безінің экскреторлық функциясының бұзылуына қолданылатын заттар 1) Орын басушылық терапия ретінде ұйқы безінің жеткіліксіздігі жағдайында: панкреатин, құрамындатрипсин және амилазадан тұратын, креон, фестал, панзинорм форте, мезим форте, энзистал, т.б. 2) Экскреторлық функцияның жоғарылауы (антиферментты): апротинин (контрикал, гордокс).
6. Іш айдағыш заттар. Іш айдағыш заттар –АІЖперистальтикалық функцияның және/ немесе ас қорыту жолында реабсорбция бұзылуында ықпал ететін дәрілер тобы.
Келесі топтар жатады:
1) Ішек шырышты қабығын химиялық тітіркендіретін заттар:
а) өсімдік текті: ревень тамыры; шырғанақтың қабығы; сенна жапырақтарының препараттары:таб. «Сенадексин», «Сенаде», регулакс;кастор майыжәне б.;
б) синтетикалық препараттар: бисакодил; оксифенизатин (изафенин), натрий пикосульфаты (гутталакс). 2) Осмостықдәрілер:
а) тұздыіш айдағыштар - натрий сульфаты, магний сульфаты б) ішек қуысында сұйықтықты сіңіріп, ұстап тұратын және механикалық әсер ететін дәрілер- макрогол 4000 (форлакс, фортранс), лактулоза (дюфалак), метилцеллюлоза. 3) Нәжісті жұмсартуға арналған препараттар: вазелин майы, бадам майы.