Жеке ғылыми тапсырма


Генетиканың қысқаша даму тарихы



бет2/3
Дата25.03.2022
өлшемі30,49 Kb.
#28731
1   2   3
Генетиканың қысқаша даму тарихы





Жылдар

Маңызды оқиғалар

Автор

1

1838-1839

Жасуша теориясының ашылуы

Т.Шванн, М.Шлейден

2

1865

«Өсімдік будандарымен тəжірибе» жұмысының шығуы

Г.Мендель

3

1870

Митоздың өсімдіктер ағзасында ашылуы

Е.Страсбургер

4

1879-1882

Митоздың жануарлар ағзасында ашылуы

В.Флемминг

5

1875

Ұрықтану барысында жануарларда пронуклеустардың қосылуының ашылуы

Э. Ван Бенеден О.Гертвинг

6

1883

Ұрықтану барысында өсімдіктерде пронуклеустардың қосылуының ашылуы

Н.Н.Горожанкин

7

1884

Ұрықтану барысында өсімдіктерде пронуклеустардың қосылуының ашылуы

Е.Страсбургер

8

1883-1884

Тұқым қуалаудың ядролық теориясының ашылуы

В.Ру Е.Страусбургер О.Гертвиг

9

1883

«Хромосома» терминінің қабылдануы

В.Вальдейер

10

1884-1887

Хромосомалардың «ажырауының» ашылуы

Л.Гайзер

Э. Ван Бенеден



11

1885

Хромосома жиынтығының тұрақтылығының ашылуы

К.Рабль

12

1887

Редукциялық бөлінудің ашылуы

Э. Ван Бенеден В.Флемминг

13

1900

Мендель заңдарының қайтадан ашылуы

К.Корренс Э.Чермак Г.Де Фриз

14

1901

Мутациялық өзгергіштік теориясын ұсынды

Г.Де Фриз

15

1902

Гаметалардың тазалық ережесі

У.Бэтсон

16

1906

«Генетика» термині қабылданды

У.Бэтсон

17

1909

«Ген», «генотип», «фенотип» терминдері қабылданды

В.Иогансен

18

1925

Саңырауқұлақтармен тəжірибеде рентген сəулелерінің тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің пайда болуына себепкер екендігі туралы мəліметтер алды

Г.А.Надсон Г.С. Филлипов

19

1927

Дрозофиламен жасаған тəжірибелерінде рентген сəулелерінің тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің пайда болуына себепкер екендігі туралы мəліметтер алды

Г.Меллер

20

1930-1940

Химиялық қосылыстардың мутациялар тудыратыны анықталды

В.В.Сахаров М.Е.Лобашев И.А.Рапопорт

21

1930-1940

Эволюцияның генетикалық негіздерін зерттеу бағытындағы жұмыстар дамыды

С.С.Четвериков Р.Фишер Дж.Холдейн С.Райт

22

1940-1955

«Бір ген – бір фермент», «бір ген – бір белок, бір ген – бір полипептид» деген қағидасын ұсынды

Дж Бидл Э.Тетум

23

1953

ДНҚ молекуласының құрылысын анықтады

Ф.Крик Дж.Уотсон

24

1950-1960

Гендердің жұмыс істеу принциптерінің ашылды

М.Ниренберг С.Очао

Г. Корана



25

1930-1940 жылдан бастап қазірге дейін

Қазақстанда генетикалық зерттеулердің жүргізілуі: К.Мыңбаев, Г.З.Бияшев, А.М.Ғаббасов, Н.Л.Удольская, І.Ə.Əбуғалиев, Р.А.Уразалиев, Е.Х.Узенбаев, М.В.Бессчетнова, А.Ж.Жангалиев, Н.С.Бутарин, Ə.Ы.Жандеркин, Ə.Е.Есенжолов, В.А.Бальмонт, М.Ə.Ермеков, А.Е.Елеманов, Ф.М.Мұхаметқалиев, Қ.Медеубеков, М.К.Кройтер, Р.І.Берсімбаев, Қ.Қ.Мұхамбетжанов, А.Т.Сейсебаев т.б.

Генетиканың даму тарихы үш кезеңге бөлінеді.Оның алғашқы екеуі 1865—1953 жылдар аралығын, яғни классикалық генетика дәуірін қамтиды. Генетика тарихындағы үшінші  кезең — 1953 жылдан басталады.Ол — химия, физика, математика, кибернетика сияқты  нақты ғылымдардың зерттеу әдістері мен электрондық микроскоп, рентгенқұрылымдық анализ, т.б. қолданудың нәтижесінде молекулалық генетика негізінің қалануы.

1944 жылы американдық микробиолог әрі генетик О.Эври тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі — ДНҚ екендігін дәлелдеді.1953 жылы американдық биохимик әрі генетик Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі Ф.Крик ДНҚ молекуласының молекулалық құрылымының моделін жасады.

Қазіргі кездегі генетиканың дамуы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ілімнің барлық салаларында зерттеу жұмыстары молекулалық деңгейде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді.Мысалы, генді организмнен тыс қолдан синтездеу, дене клеткаларын будандастыру, генетикалық материалдың алмасуы (рекомбинация), геннің қайта қалпына келуі (репарация), биополимерлерді қолдан синтездеу, гендік инженерия сияқты проблемаларды зерттеу кеңінен таралып отыр.


Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше.Алшақ будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис, т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық  зерттеулер жүргізілуде.Дәнді және техникалық дақылдарды түрішілік және түраралық будандастырудың нәтижесінде бидайдың, арпаның, көксағыздың, жүгері мен қант қызылшасының  жоғары  өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев, Н.Л.Удольская және т.б. еңбектері зор. М.Х.Шығаева мен Н.Б.Ахматуллина микроорганизмдер генетикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алшақ будандастыру әдісімен қойдың архар-меринос тұқымын алды. М.А.Ермеков, Ә.Е.Еламанов, В.А.Бальмонт, т.б. қазақтың ақбас сиырын, Алатау сиырын және Қостанай жылқысын, т.б. асыл тұқымдарды шығарды.

Қазақстанда тұңғыш рет М.А.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет