Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет21/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

Жұмысты орындау: Инструкция бойынша электрокардиографты дайындап электр жүйесіне жалғайды. Зерттелуші адамды кушеткаға жатқызып, электродтарды жоғарыда көрсетілген үш стандарттық тіркеу бойынша орналастырады. Оң аяққа индиференттік электрод бекітіледі. Электрлік контакт жақсы болу үшін электродпен терінің арасына 10% NaCl ерітіндісіне малынған дәкені немесе фильтр қағазын орналастырады.
Калибрлеу сигналы жазылады (1мв – 10 мм). ЭКГ-тың лента тарту механизмі 50 мм/с (25 мм/с) жылдамдыққа қойылады.
Содан кейін ЭКГ-ні жазу басталады. Лентада электрокардиограмманың тіркеу түрлері белгіленеді.


5-жұмыс. Электрокардиограмманы талдау принциптері
ЭКГ-грамманы талдауда оның тіркеу техникасын тексеруден бастаған жөн.
Біріншіден, бұлшық ет діріліне (тремор), электрод пен терінің арасындағы нашар контактіге байланысты кедергілерге көңіл аудару керек.
Екіншіден, 10 мм-ге сәйкес болатын бақылау (милливольттің) амплитудасын тексеру керек. 1 мв – 10 мм. 0,1 мв – 1 мм.
Үшіншіден, ЭКГ-ны жазғанда жылдамдығы 50 мм/сек (25 мм/сек) тең болатын жылжымалы лентаның жылдамдығын бағалап алу керек. 50 мм/сек болса, 1 мм - 0,02 сек, 25 мм/с жылдамдықта – 0,04 сек. ЭКГ-грамманы талдағанда мынаған көңіл аудару керек:
1) жүрек ырғағының пайда болу тегіне (синустық немесе синустық емес);
2) жүрек ырғағының тұрақтылығы (дұрыс немесе дұрыс емес);
3) жүрек жиырылуының саны;
4) өткізгіштік қызметін бағалау;
5) жүректің электр осінің орналасуы;
6) тістерін талдау, амплитудасын және ұзақтығын білу .
1. Синустық ырғақта Р тісі әр уақытта QRS комплексінің алдында болады.
2. Егер өлшенген R-R интервалының ұзақтығы бірдей болса, жүректің тұрақты немесе дұрыс ритмі анықталады (табылады).
3. Дұрыс ырғағы жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) санау үшін мына формуланы пайдаланады: ЖЖЖ=60:(R-R); мұнда 60 – 1 минуттағы секунд саны, R – R – интервал ұзақтығы.
ЖЖЖ=60:(R-R)=60:0,85= 70 рет 1 мин.
ЖЖЖ=60:1,2= 50 рет 1 мин.
ЖЖЖ=60:0,6=100 рет 1 мин.
4. Өткізгіштік қызметін (функциясын) бағалау үшін Р тісінің Р-Q интервалының және QRS қарынша комплексінің ұзақтығын өлшеп алу қажет. Олардың ұзақтығының артуы өткізгіш жүйесінің сәйкес бөлімдерінің қозуды өткізуінің баяулағанын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет