Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет100/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Жарық жарқ еткенде кірпік қағу қандай рефлекс болып табылады?

1. шартты


2. шартсыз
3. жасанды
4. вегетативті
5. кешіктірілген
2. Шартты рефлекстермен қапталған күрделі шартсыз рефлекстердің жиынтығы қалай аталады?

1. динамикалық стереотип


2. инстинкт
3. шамамен бағдарлы зерттеу реакциясы
4. шартты рефлекстік аудара қосу
5. кері афферентация
3. Бірінші реттік шартты рефлексті қосымша шартты тітіркендіргішпен ұштастырғанда пайда болатын рефлекс:

1. динамикалық стереотип


2. инстинкт
3. екінші реттік шартты рефлекс
4. бірінші реттік шартты рефлекс
5. бағдарлау рефлексі
4. Шартты рефлекстің сипаттамасы:

1. жүре пайда болған, тұрақты, жеке


2. жүре пайда болған, уақытша, жеке
3. туа біткен, тұрақты, түрлік
4. туа біткен, уақытша, түрлік
5. туа біткен, тұрақты, жеке
5. Шартсыз рефлекстің сипаттамасы:

1. жүре пайда болған,тұрақты, түрлік


2. туа біткен, уақытша, түрлік
3. туа біткен, тұрақты, түрлік
4. жүре пайда болған, уақытша, индивидуальды
5. туа біткен, тұрақты, жеке
6. Аш адам тамақты ойлаған кездегі сілекейдің бөлінуі рефлекстің қай түріне жатады?

1. шартсыз


2. екінші дәрежелі рефлекс
3. жасанды
4. шартты
5. бағдарлау
7. Көз-жүрек рефлексі қандай рефлекске жатады?

1. екінші реттік рефлекс


2. шартты рефлекс
3. шартсыз рефлекс
4. соматикалық рефлекс
5. вегетативті рефлекс
8. Онтогенезде шартсыз тітіркендіргіштің индифференттік сигналмен бірнеше реттік байланысының нәтижесінде пайда болған рефлекс?

1. қорғаныштық


2. жұлындық
3. бағдарлау
4. шартты
5. шектен тыс
9. Бас миындағы жаңа қыртыстың қатысуы нені қалыптастыру үшін қажет:

1. инстинкті


2. бағдарлау реакциясын
3. шартты рефлексті
4.тағамдық шартсыз рефлексті
5. шектен тыс тежелуді
10. Қандай рефлекстің салдарынан старт алдында жүгірушінің тыныс алуы жиілейді?

1. бағдарлау


2. шартты
3. статокинетикалық
4. шартсыз
5. қорғаныс
11. Адамда инстинкт ...

1. туылғаннан бастап пайда болады


2. болмайды
3. өмір бойы өндіріледі
4. жоғалып кетеді
5. шартты рефлекстермен басылады
12. Шартты рефлекстің қалыптасуына қажет...

1. шартсыз тітіркендіргіш шартты тітіркендіргіш әсерінің алдында берілуі


2. шартты және шартсыз тітіркендіргіштер бір мезгілде ұштасуы керек
3. шартты тітіркендіргіш шартсыздың алдында берілуі
4. шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің ұштасуы бір неше рет кайталануы
5. шартты тітіркендіргіштің күші әлсіз болуы
13. Орындалатын рефлекске бөтен тітіркендіру ықпалынан пайда болатын тежелу қалай аталады?

1. ажырататын


2. ішкі
3. сыртқы
4. шектен тыс
5. шартты тежелу
14. И.П. Павлов бойынша қандай жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері ажыратылады?

1. интраверт,экстраверт


2. холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик
3. ширақ, сабырлы, ұстамсыз, әлсіз
4. астеник, гиперстеник, нормостеник
5. көркемпаз, ойшыл, аралас
15. Адамның әлеуметтік өмірі пайда болу үрдісінде сөздерді қабылдау және сөйлеу қабілеті немен қамтамасыз етіледі?

1. инстинктпен


2. бірінші сигналдық жүйемен
3. есту анализаторымен
4. есте сақтаумен
5. екінші сигналдық жүйемен
16. Қандай тежелудің салдарынан, бөтен адам пайда болғанда қарауылдаушы ит тамақ ішуін тоқтатады?
1. реципрокты
2. сыртқы
3. шартты тежегіш
4. ажырататын
5. кешіктірілген
17. Егер адамда шартты рефлекстерді қалыптастыру қабілеті жылдам және тұрақты болып байқалса, ол Гиппократ бойынша қандай темпераментке жатады?
1. холерик
2. меланхолик
3. флегматик
4. сангвиник
5. барлық жауаптары дұрыс
18. Биологиялық мотивацияның пайда болуының басты себебі не?
1. эмоциялар
2. ес
3. организмнің ішкі ортасы тұрақтылығының өзгеруі
4. ми қыртысындағы тежелу процесстері
5. инстинкттер
19. Көбінесе биологиялық мотивациялар орталық жүйке жүйесінің міндетті түрде қай бөлімнің қатысуымен қалыптасады?
1. үлкен ми қыртысы
2. таламус
3. жұлын
4. гипоталамус
5. гиппокамп
20. Орталық жүйке жүйесінің қай бөлімі сыртқы ортадан келген нақты сигналдарды (көру, есту) талдау және синтездеу кезінде басымдылық көрсетеді?
1. сол жарты шар
2. оң жарты шар
3. орта мидың ретикулярлық формациясы
4. гипоталамус
5. жұлын
21. Орталық жүйке жүйесінің қай бөлімі абстрактілік (сөз арқылы) сигналдарды талдау және синтездеу кезінде басымдылық көрсетеді?

1. лимбиялық жүйе


2. таламус
3. гипоталамус
4. сол жарты шар
5. оң жарты шар
22. Ұзақ уақытты есте сақтау қалыптасуының негізінде қандай механизм жатыр?
1. қыртыста доминантты ошақтың пайда болуы
2. макромолекула синтезінің белсенділігі (белок, ДНК, РНК)
3. нейрондардың тұйықталған тізбегіндегі импульстер циркуляциясы (реверберация)
4. реципрокты тежелу
5. окклюзия (бітелу)
23. И.П.Павлов бойынша «Көркемпаз типті» адамдардың қандай жарты шары мен сигналдық жүйесі басымдылық көрсетеді?
1. сол жарты шар, 1-ші сигналдық жүйе
2. оң жарты шар, 1-ші сигналдық жүйе
3. сол жарты шар, 2-ші сигналдық жүйе
4. оң жарты шар, 2-ші сигналдық жүйе
5. дұрыс жауабы жоқ
24. И.П.Павлов бойынша «Ойшыл типті » адамдардың қандай жарты шары мен сигналдық жүйесі басымдылық көрсетеді?

1. сол жарты шар, 1-ші сигналдық жүйе


2. оң жарты шар, 1-ші сигналдық жүйе
3. оң жарты шар, 2-ші сигналдық жүйе
4. сол жарты шар, 2-ші сигналдық жүйе
5. дұрыс жауабы жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет