Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік



бет96/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестік


Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістері мен аннотациясы


АДАМНЫҢ ОЙ ӨРІСІН СӨЙЛЕУ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ


1-жұмыс. Ассоциативтік тәжірибе
Психологияда ассоциация – түсініктер арасындағы байланыстар: бір түсінік арқылы екінші түсініктің ойға түсуі.

Ассоциация түрлері:
  1. іргелестік ассоциация (теңіз-теплоход)


  2. ұқсастық ассоциация (өзен-көл)


  3. қарама-қарсылық ассоциация (өмір-өлім)


  4. абстракциялық ассоциация (самолет-жылдамдық)


  5. синонимдық ассоциация (көсем-басшы)




Жұмысты орындау: Зерттелетін адамға бірінен соң бірі 20 сөз айтылады. Айтылған әрбір сөзге ол ассоциация түріне қарай ойына келген алғашқы сөзбен жауап береді. Сөздердің тізімін зерттелуші адам алдын ала білмеуі қажет. Сыналатын адамның жауап сөздерін және оларға кеткен латенттік уақыт мерзімін сынаушы адам тақтаға жазып отырады. Содан кейін жиналған мәліметтерді талқылап тиісті қорытынды жасайды.
  1. Қайтарылған жауап сөздердің латенттік мерзімдері өзара салыстырылып, зертеуші адамның ой өрісінің жылдамдығы туралы қорытынды шығарылады. Латенттік мерзім 1-3 секундтан аспаса, ой өрісінің жүйке процестерінің жылдамдығы «жақсы» деп есептеледі, ал 3 секундтан асса, керісінше ой өрісінің жылдамдығы баяу болғаны.


  2. Тәжірибенің аяғына қарай қайтарылған жауап сөздердің латенттік мерзімі ұзара бастаса, бұл ми қыртысы жасушаларының тез шаршайтындығын көрсетеді.


  3. Зерттелуші адам кейбір сөзге жауап бермесе немесе оның жауап сөздерінің латенттік мерзімі өте ұзақ болса, ондай сөздер тежелу сөздер деп аталады.


  4. Зертелуші адам жауап сөздерін қайталай алмаса, ой өрісінің (жүйке процестерінің) салғырт (инертті) болғаны.


  5. Жауап сөздерінің мағынасына қарай яғни ойдың тура немесе жинақты (абстракты айтылуына қарай зерттелуші адамға тән ой өрісінің типтері анықталады (көркемпаз немесе ойшыл).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет