4-сурет. Стандартты сарысулармен эритроциттер агглютинациясының варианттары Үйлесімділікті биологиялық тұрғыдан зерттеу.
Мұндай зерттеу барлық емдеу мекемелерінде бір топқа жататын қан құярда қолданылады. Науқас адам қанының сарысуында бір тамшы донор қаны тамызылады. 5 минут өтісімен агглютинацияның болған-болмағаны белгілі болады. Агглютинация байқалса, науқасқа ондай қанды құюға болмайды: донор мен науқастың қандары өзара үйлеспегені.
1970 жылдан бері қан құярда ұзаққа созылған тексеру жұмысы жүргізіледі. Қанның алғашқы 25 мл-ін ақырындап науқастың хал-ахуалын бақылай отырып 3-5 минут бойы құяды. Гемолиздік шоктың алғашқы белгілері көріне бастаса (жүрек айну, бас айналуы, бел ауруы) қан құю дереу тоқтатылады: мұндай белгілер науқас пен донордың қандарының үйлеспейтінін дәлелдейді, соның айғағы.