Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет40/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
4. ТЫНЫС АЛУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ



  1. Тақырып: Сыртқы тыныс алу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.



II Тақырыптың өзектілігі: Тыныс алу – қоршаған орта мен ағза арасындағы газдардың алмасуын қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы. Клеткаларда жүретін органикалық заттардың тотығуы үшін жұмсалатын оттегінің организмге түсуін және көмірқышқыл газының (тотығу нәтижесіндегі соңғы өнімдердің) ағзадан бөлініп шығаруын сыртқы тыныс алу жүйесі қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметін емдеу ісінде қолдану үшін түрлі саладағы дәрігерлер білуі қажет.
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:

  1. Сыртқы тыныс алу құрылысы, қызметі және оның организм үшін маңызы.

  2. Тыныс алу кезеңдері.

  3. Дем алу және дем шығару механизмдері.

  4. Өкпе көлемдері. Плевра қуысындағы қысым және оны анықтау әдістері.

  5. Газдардың өкпе мен ұлпалардағы алмасуы.

  6. Газдардың қанмен тасымалдануы.

Студент орындауы қажет:

  1. Сыртқы тыныс алу көрсеткіштерін спирометр, спирограф, пневмотахометр көмегімен мен анықтау.

  2. Спирограмманың қисық сызығын салу.

  3. Спирограмма арқылы ӨТС, оны құрайтын ауа көлемдерін анықтау.

  4. Тыныс минуттық көлемін (ТМК) анықтау.

  5. Өкпенің тиісті тіршілік сыйымдылығын есептеу және анықталған ӨТС салыстыру.

  1. Тиффно индексін анықтау.

ІV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

  1. Тыныс алу, оның организм үшін маңызы. Тыныс алу кезеңдері.

  2. Ауа өткізу жолдарының тынысалу үрдісіндегі маңызы.

  3. Дем алу мен дем шығарудың механизмі. Плевра қуысындағы қысым.

  4. ӨТС және оны құрайтын ауалардың түрлері, олардың көлемдері, анықтау әдістері.

  5. Өкпенің жалпы көлемі, функционалдық қалдық ауа.

  6. Тыныстың минуттық көлемі (ТМК), оны анықтау әдістері.

  7. Атмосфералық, дем шығару, альвеолалық ауаның құрамы. Газдардың меншікті қысымы.

  8. Өкпедегі, ұлпадағы газ алмасу. Артериалдық, веналық қандағы газдардың қысымы.

  9. Газдардың қанмен тасымалдануы. Қанның оттегіне сыйымдылығы.

  10. Оксигемоглобин диссоциациясының қисық сызығы.

  11. Қауіпті жағдайда жұмыс жасағанда және жоғары және төмен атмосфералық қысым жағдайларына сыртқы тыныс алудағы бейімделушілік өзгерістер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет