Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі



бет19/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.


Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациясы
Жүрек қызметін зерттеу әдістері физиологиялық және клиникалық болып бөлінеді. Физиологиялық әдістерге: бақа жүрегінің жиырылуын жазу, жүрек қызметінің циклын бақылау т.б., клиникалық әдістерге : пальпация, перкуссия, аускультация, электрокардиография, динамокардиография, баллистокардиография, векторкардиография, эхокардиография және т.б. әдістер жатады.


Клиникалық әдістер


1-жұмыс. Пальпация
Пальпация –жүрек түрткісін саусақтармен сипап анықтау. Систола кезінде қарыншалардың еті қатайып, жүректің тік осі ұлғаяды, ұшы көтеріліп кеудеге соғылады. Жүректің ұшы қабырғалар аралығына тисе, сол жердің лүпілдеп тұрғаны жай көзбен байқалады. Дәрігерге жүрек түрткісінің орнын және соғу күшін сипап білу қажет. Сау адамның жүрек түрткісі сол жақта бесінші қабырға аралығында, бұғананың орталық сызығынан ішке қарай 1 см-де болады. Жүрек түрткісі жүректің жиырылу күшін көрсетсе, оның орны жүректің сол жақтағы шегін көрсетеді.
Жұмысты орындау. Бір студенттің кеудесіне оң қолдың саусақтарын қойып, сол жақтағы бесінші қабырға аралығында бұғананың орта сызығынан 0,5 -1,0 см ішке қарай жүрек түрткісінің орнын табады.


2-жұмыс. Перкуссия
Адам жүрегінің шегі (орны) саусақпен қағып тыңдау (перкуссия) арқылы анықталады. Перкуссия әдісі кеуде қуысын саусақпен қаққанда өкпенің орналасқан жерінің дыбысы ашық, анық шығып, жүректің орналасқан жерінің дыбысы бәсеңдеуіне негізделген. Жүректің шегі дыбыстың ашық шықпаған жерінен анықталады. Олар мынадай: жоғарғы шегі – сол жақ үшінші қабырға аралығында; оң жақ шегі – төс сүйегінің оң жағынан сыртқа (оңға қарай) 1-1,5 см; сол жақ шегі – сол жақ бұғананың орта сызығынан 0,5-1 см ішке (оңға) қарай орналасады.
Жұмысты орындау. Студенттер бір-бірінің жүрегінің шегін анықтайды. Перкуссия былай жасалады: кеудеге қойылған сол қолдың ортаңғы саусағының үстінен сәл иілген ортаңғы оң саусақпен үздік-үздік тықылдатып соғады. Жүректің жоғарғы шегін анықтауда сол қолдың ортаңғы саусағын сол жақтағы бұғананың астыңғы шетіне параллель орналастырып 2-3 рет тықылдатқан соң, сол саусақты төмен қарай жылжыта отырып, перкуссияны ашық дыбыс үнсіз дыбысқа айналғанша қайталайды. Ашық дыбыстың үнсіз дыбысқа айналған жері белгіленеді, ол жүректің жоғарғы шегін көрсетеді.
Жүректің сол жақтағы шегін анықтау үшін бесінші қабырға аралығындағы қолтықтың алдыңғы сызығы тұсынан сол қолдың орта саусағын қабырғаның төменгі шетіне орналастырып, төске қарай саусақты жылжыта отырып үстінен перкуссия жасайды. Үнсіз дыбыс пайда болған жерді белгілейді. Жүректің оң жақтағы шегін табу үшін перкуссияны оң жақтағы IV қабырға аралығынан оң бұғананың орта сызығының тұсынан бастап төске қарай перкуссия жасап дыбыстың өзгерген жерін табады.
Жүректің төмен жақтағы шегі анықталмайды, өйткені жүректің астында бауырдың сол жақ бұрышы жатады. Жүрек пен бауырдың тұсынан перкуссия жасағанда бір-бірінен айырмасыз үнсіз дыбыс естіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет