Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс.Пробиркадағы қанның резус-факторын қыздырмай анықтау



бет16/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

4-жұмыс.Пробиркадағы қанның резус-факторын қыздырмай анықтау

Барлық адамдардың 85%–інде эритроцит құрамында арнайы агглютиноген - резус фактор (Rh) болады. Оны 1940 жылы К.Ландштейнер мен Р.Винер ашқан. Қан құрамында Rh-фактор болса, ондай қан оң резусты қан деп, ал Rh-фактор болмаса, теріс резусты қан деп аталады. Қанның резус сәйкестілігін анықтаудың қан құярда және акушеркілік жұмыстарда үлкен мәні бар.


Жұмысты орындау: Пробирка түбіне 1 тамшыдан стандартты антирезус реагент, зерттеуге арналған қан құяды да сол пробирканы сілкіп әлгі екеуін араластырады. Содан кейін қан мен реагентті қабырғаларына жұқтыру үшін пробирканы жан-жағына еңкейтіп көлбеу ұстайды, сөйтіп реакцияның айқын да көрнекті болуын қамтамасыз етеді. Агглютинация нышаны алғашқы минутта-ақ байқалады, бірақ антиген мен антидене комплексін біржолата қалыптастыру үшін реакцияны 3 минут бойы жүргізген жөн. Одан әрі эритроциттерге тән емес реакция-агрегацияға жол бермеу үшін пробиркаға 2-3 мл физиологиялық ерітінді құяды да оны 2-3 қайтара араластырады (пробирканы сілікпестен).
Тәжірибе нәтижелерін бағалау: Көз жасындай мөлдір сарысу эритроциттер ірі-ірі түйірлерге айналып, айқын агглютинация реакциясы туса, бұл алынған қанның резус бар екенін көрсетеді.
Ал агглютинация реакциясы тумаса, пробирканы қан түгелдей бір түске боялса, бұл тәжірибеге алынған қан теріс резуссіз екені дәлелдейді.


«Лейкоциттер. Қанның ұюы. Қан топтары.» тақырыптары бойынша берілетін ситуациялық тапсырмалар.

1. Адам қанының төменде келтірілген анализін бағалаңыз:


Эритроцит саны 4,2 х 10­12
Гемоглобин 130 г/л
ҚТК 0,9
Лейкоцит саны 2,1 х 109
ЭТЖ 8 мм/сағ.

2. Қанның келесі анализін бағалаңдар:


Эритроцит саны 4,8 х 1012
Гемоглобин 140 г/л
Лейкоцит саны 7 х 109
Нейтрофилдер 55 % эозинофильдер 18 %
Таяқша ядролылар 4 % лимфоциттер 22 %
Сегментядролылар 50 % моноциттер 5 %

3. Қан ұю мерзімі – 4 минут. Ішіндегі Ca++ иондарының біраз


бөлігін алып тастаса сол қанның ұю мерзімі қанша болар еді?
4. Бір литр қанда 100 х 109 тромбоцит бар делік. Қан ұю мерзімі 5 минут. Қан анализін бағалаңыз.
5. Қан құярда неліктен донор мен реципиент қандарының қан
топтарға жататыны анықталады?
6. Неліктен қан плазмасы өзінен-өзі ұйымайды?
7. Гепарин мен лимон қышқылды натрийдің қан ұюына тигізетін
әсерінде қандай ұқсастық пен айрмашылық бар?
8. О (І) және В (Ш) топтағы стандартты сарысуларда эритроциттер агглютинациясы байқалса, науқасқа қай топтағы қанды құюға болады?
9. Әкесінің қаны оң резусты, шешесінің қаны теріс резусты. Әйел 1-ші рет екіқабат болды. Баласының қаны теріс резусты бола қалса, шешесі мен баласы арасында резус конфликті (шиленісі) болуы мүмкін бе?
10. Көрсеткіштеріне сай теріс резусты науқасқа 1-ші топқа жататын қан алынған бойда құйылды. Гемотрансфузиялық шок үстінде науқас өліп қалды. Ол не себептен өлді? Дәрігердің қатесі неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет