Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. Артериялық пульсті анықтау



бет37/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
3-жұмыс. Артериялық пульсті анықтау
а) Пальпация әдісімен артериялық пульсті анықтау
Артериялық пульс - сол жақ қарыншаның систоласы мен диастоласы кезіндегі қолқадағы қан қысымының өзгеруіне байланысты пайда болған артерия тамырының қабырғасының қозғалысы.
Пульсті көбінесе білезік артериясының білезік тұсында 3 саусақтармен басып, бармақпен қолды демеп отырып анықтайды. Пульс 60 – 80 рет минутына соғуы керек.
б) Пульсотахометр арқылы пульсті жазу
Пульсотахометр- ұзақ уақыт үздіксіз артериялық пульстің жиілігін жазып алу үшін қолданылатын аспап. Ол фотоэлектрлік қабылдағыштан, күшейткіш блоктан және көрсеткіш құралдан (шкала) және пульстің дыбысын естіртетін динамиктен тұрады. Пульсотахометрге осциллоскоп жалғастырылса, оның экранынан сфигмограмма көрінеді.
Саусақтық қабылдағыш кішкентай жарық көзінен (шамнан) және фотокедергіден тұрады. Ол екеуінің арасына тырнағын жарық көзіне (шамға) қаратып саусақты орналастырып қояды.
Пульсотахометрдің жұмысы: саусаққа қан келген сайын оның мөлшері ұлғайып одан өтетін жарық азаяды. Осының нәтижесінде фотоэлектрлік қабылдағыштағы жарық токтарының (фототок) тербелуі байқалады.
Жұмысты орындау: Саусақтың бірінші буынына қабылдағышты бекітеді. Тырнақ шамға, ал буынның жұмсақ еті фотокедергіге қаратылады. Содан кейін тыныштық жағдайында пульс жиілігін өлшейді. Пульстің дыбысынан реттілігін байқайды, ал осциллоскоптан көрінген сфигмограммаға (СФГ) назар аударылады.



4-жұмыс. Қан айналысы жүйесінің қызметін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштері

1. Жүректің жиырылу жиілігі /ЖЖЖ/


2. Артериядағы қан қысымы
а) систолалық қысым /СҚ/
ә) диастолалық қысым /ДҚ/
б) пульстік қысым /ПҚ/ ЖЖЖ байланысты.
в) динамикалық орташа қысым /ДОҚ/
ДОҚ прекапиллярдағы қанның жылжу жылдамдығын көрсетеді, сондай-ақ қан айналысы жүйесінің бір потенциалы ретінде ол қанның капиллярға келу жылдамдығын сипаттайды. ДОҚ есептеп шығару арқылы жазылатын көрсеткіш.
3. Қан ағысының систолалық қан көлемі /СҚК/. СҚК - жүрек систоласы кезінде айдалып шыққан қанның мөлшері. Бұл жүректің жиырылу күшін көрсетеді.
4. Қан ағысының минуттық қан көлемі /МҚК/ - бір минутта жүрек арқылы өтетін қан мөлшері.
5. Жүрек индексі /ЖИ/ - бір минутта бүкіл денеге тарайтын қан мөлшері.
6. Шынтақ венасындағы қан қысымы /су бағанасымен 60-120 мм /.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет