Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациялары



бет79/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациялары.


1-жұмыс. Көру аймағын Форстер периметрімен анықтау

Көзді тоқтатып қарағанда көрінетін кеңістікті көздің көру аймағы (көздің шалымы) деп атайды. Көздің көру аймағының шекарасын өлшеу үшін периметр аспабы қолданылады.


Көздің көру аймағын анықтау көз ауруларын қарайтын клиникалар мен ауруханаларда кеңінен қолданылады.
Жұмысты орындау. Жарық периметрге біркелкі түсуі керек. Зерттелуші периметрге қарап отырады, жарық зерттелушінің артқы жағынан түскені жөн.
Әр көздің көру аймағы жеке анықталады. Сондықтан зерттелуші бір көзін алақанымен жауып, иегін ашық көзі жағындағы иек қойылатын тірекке орналастырады.
Адамның иегі мен көздің төменгі қабағының арасы әркімде бірдей болмайтындықтан, иек тірегін жоғары немесе төмен түсіріп, көз қарашығын периметр доғасының қақ ортасына қойылған дөңгелек ақ белгінің деңгейіне жеткізу керек. Екінші көзін зерттелуші адам өз алақанымен жауып отырады.
Периметрдің доғасын көлденең орналастырып, зерттеуші адам ақ түсті дөңгелек маркасы бар қара таяқшаны периметр доғасының ішкі бойымен шетінен ортасына қарай зерттелуші адам көргенше жылжытады. Осылайша сыртқы және ішкі көру аймақтарының шегін (градус мөлшерімен) өлшейді.
Содан соң периметр доғасын тік қойып, үстіңгі және астыңғы көру аймақтарының шегін анықтайды.
Доғаны 15°, 30°, 60°, 90° бұрып отырып басқа меридиандағы көру аймақтары да өлшенеді.
Көздің көру аймағы қызыл, жасыл, көк маркаларды қолданып та өлшенеді. Мұнда көздің түрлі түстерді көру аймағы анықталады. Анықталған өлшемдер стандартты бланктерге түрлі түсті нүктелермен белгіленеді де, түсі бірдей нүктелерді бір-бірімен түсі сәйкес сызықтармен жалғастырады. Олар бланктердегі қалыпты жағдайдағы көру аймақтарымен салыстырылады.






2-жұмыс. Көздің торлы қабығындағы соқыр дақтың бар екенін көрсету (Мариотт тәжірибесі)
Соқыр дақ (көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері) жарықты сезбейді, себебі ол жерде таяқшалар мен құтылар болмайды. Сондықтан заттың бейнесі соқыр даққа түссе, көру сезімі пайда болмайды. Торлы қабықтағы соқыр дақты Мариотт тәжірибесі арқылы көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет