Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. Аудиометрия әдісімен есту өткірлігін анықтау



бет87/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
4-жұмыс. Аудиометрия әдісімен есту өткірлігін анықтау


Аудиометр - магнитофоннан, аудиометриялық қосымша, ауа және сүйек арқылы өткізгіштік телефондары, бақылау телефоны, сондай-ақ стандартты сөздер жазылған тексті бар магнитофон таспасынан тұратын аспап. Қосымша (приставка) магнитофоннан қосымшаға (приставкаға), ауа және сүйек арқылы өткізгіштік телефондарына берілетін дыбыс қарқынының деңгейін өзгертуге және өлшеуге, оң және сол құлақ телефондарын ауыстырып қосуға, бақылау телефонындағы дыбыстың қаттылығын реттеуге мүмкіндік береді.
Жұмысты орындау. Нұсқаулыққа сәйкес аспапты жұмысқа дайындайды. Магнитофонға текст жазылған таспаны қояды. Зерттелуші адам аспаптан біраз қашықтықта отырып, ауа арқылы өтетін телефонның құлақ тыңдағыштарын киеді. Аудиометриялық қосымшада (приставкада) дыбыстың ең аз қарқындылығын белгілейді де, зерттелуші адамнан естіген сөздерін қайталап айтуын сұрайды. Таспа қозғалысы басталғаннан кейін зерттелуші адам екі-үш сөзді қатарынан дұрыс қайталағанша дыбысты біртіндеп күшейтеді. Бұл кезде аудиометриялық қосымшадағы (приставкадағы) дыбыс қарқындылығы индикаторының көрсеткіші (децибелмен алғандағы) есту қабілетінен айырылу дәрежесін көрсетеді. Бақылау телефонын қайталанатын сөздердің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланады.
Осылайша бинауралдық естуді және әрбір құлақтың жеке есту қабілетін ауа арқылы өткізгіштік бойынша, содан кейін құлақ тыңдағышын ауыстырып, сүйек арқылы өткізгіштікті тексереді.
Жұмыстың нәтижелерін қорытындылау бойынша ұсыныстар: аудиометрдің көмегімен есту өткірлігін анықтау мәліметтерін жазу.
Нәрестелердің дыбысты сезгіштігін дыбысқа жауап ретінде пайда болатын қабақтық қозғалыстарын тіркеу арқылы анықтайды. Сонымен қатар ұйыктап жатқан нәрестелерде электроэнцефалографиялық реакция немесе электроэнцефалограммада вертекс – потенциалының пайда болуына әкелетін дыбыстың интенсивтілігін (қарқындылығын) анықтайды. Дыбысқа селк ету, тыныстың, жүрек соғысының өзгеруі, көзді жұму, ауызды ашу сияқты және т.б. реакциялар байқалады.
Ұрықтың дыбысты сезгіштігіде анықталған. Дыбыс тітіргендіргіштеріне жауап ретінде ұрықтың жүрек соғысының өзгеруі тыңдалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет