Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


І. Тақырып: Қыртыстағы тежелу.ЖЖІӘ түрлері. І және ІІ сигналдық жүйелер. Адамның жоғары психикалық қызметі



бет95/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102
І. Тақырып: Қыртыстағы тежелу.ЖЖІӘ түрлері. І және ІІ сигналдық жүйелер. Адамның жоғары психикалық қызметі


ІІ. Сабақтың маңыздылығы : Адамның ЖЖІӘ-і ми қыртысында өтіп жататын қозу және тежелу үрдістерінің арақатынасымен анықталады. Адамның әлеуметтік іс-әрекетінің қалыптасуының негізінде тежелу үрдістері жатыр. Қыртыс қызметтері бұзылғанда тежелу үрдістері әлсірейді (интоксикация, маскүнемдік, нашақорлық, жарақат, т.б.). Сондықтан дәрігерлерге ішкі тежелудің түрлері мен механизмдерін білу қажет.


ІII. Сабақтың мақсаты:


Студент білуі қажет:
1.Функциялардық ми қыртысында орналасуы.
2. Ассоциациялық аймайтардың маңызы.
3. Ми қыртысының жүйелік қызметі (И.П.Павлов бойынша динамикалық стереотип-өзгермелі жаттығу.)
4. Сыртқы қыртыстың тежелу түрлері.
5. Ішкі қыртыстың тежелу түрлері.
6.Адамның ЖЖІӘ түрлері.
7. І және ІІ сигналдық жүйелер.
8. Эмоциялар, олардың жіктелуі, нейрофизиологиялық механизмдер.
9. Зерде, оның түрлері.
10. Зерденің механизмдері.


Студент орындауы қажет.
1. Сөйлеу әдісі арқылы адамның ЖЖІӘ жан-жақтылығын зерттеу:
à) ассоциациялық тәжірибе.
б) стереотипті құру.
2. Арнайы тесттер арқылы адамның есте сақтау қабілетін зерттеу:
а) Адамның бет-әлпетін, фамилиясын, атын есте сақтау.
б) Байланысы жоқ ұғымдарды есте сақтау.


IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Функциялардың ми қыртысында орналасуы.
2. Ассоциациялық аймақтардың маңызы.
3. Ми қыртысының жүйелік қызметі (И.П. Павлов бойынша динамикалық стереотип - өзгермелі жаттығу.
4. Шартсыз тежелу (сыртқы).
5. Шартсыз тежелу (ішкі).
6. Адамның ЖЖІӘ түрлері.
7. І және ІІ сигналдық жүйелер.
8. Эмоциялар, олардың жіктелуі, нейрофизиологиялық механизмдері.
9. Зерде, оның түрлері.
10. Зерденің механизмдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет