Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет97/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

2-жұмыс. Стереотиптің құрылуы


Жұмысты орындау: Ассоциативтік тәжірибеде қолданылған сөздерден латенттік мерзімі қысқа 10 сөз таңдап алынады. Оларды тақтаға төмендегі кестенің сәйкес жолына жазып қояды.





Тітіркендіргіш сөздер

Талап етілетін жауап

Жауапты бағалау (дұрыс +; қате -)

Ескерту

Берілген 10 сөзден 3 сөз бұрынғы жауаптарымен қалдырылады да, олардың жауаптары кестенің екінші бағанасына жазылады, қалған сөздердің алтауына басқаша жауаптар тауып, оларды да кестеге тіркейді. Бұл сөздер мида қозу процесін тудыратын мәнді сөздер деп аталады.


Жоғарыда аталған 10 сөздің біреуіне зерттелуші адам жауап бермейді. Бұл сөз – тежеуші тітіркендіргіш. Зерттеуші адам тәжірибенің барысын зерттелуші адамға алдын ала ұғындырады, айтылатын сөздерді түгелдей оқып шығады да, кестеде жазылған сөздермен бірге олардың жауаптарын жаттап алуды ұсынады. Содаң соң стереотип құра бастайды. Ол үшін тітіркендіргіш сөздер бірнеше рет қайталап айтылады. Оларға дұрыс жауап берілсе, кесте бағанасына қосу белгісі (+), ал қате болса алу белгісі (-) қойылады да жауаптың дұрысын зерттелуші адамның есіне салады.Тәжірибе тұрақты стереотип пайда болғанша қайталана береді. Әдетте 3 рет қайталағаннан кейін әрбір тітіркендіргіш сөзге дұрыс жауап беріледі.


3-жұмыс. Стереотипті қайта құру


Жұмысты орындау: Тұрақты стереотип қалыптасқаннан кейін оны қайта түзуге кіріседі. Қалыптасқан стереотип былайша өзгертіледі: 3 сөз бұрынғы жауаптарымен бірге қалдырылады, 5 сөзге жаңа жауап беріледі, ал 2 сөз - тежегіш сөздер, оларға жауап берілмейді.
10 сөз түгелдей кестеге жазылады. Қайтадан құрылған жұмыс тәртібін ескерте отырып, сол 10 сөз зерттелетін адамға жауаптарымен бірге оқып беріледі.
Содан кейін тітіркендіргіш сөздер кезек сақтамастан бытыратып айтылады да, зерттелуші адамнаң қайта құрылған сөздерге дұрыс жауап беру талап етіледі. Жауабы дұрыс болса, кесте бағанасына «+» белгісі, ал қате болса «–» белгісі қойылады. Осыған орай зертелуші адамға қатесін көрсетіп, оны түзеткен жөн.
Стереотип құрылуының жылдамдығына және тұрақтылығына қарай қозу процесінің күші анықталады. Егер тітіркендіргіш сөздердің әрқайсысын 2-3 рет қайталағаннан кейін зерттелуші адам оларға дұрыс жауап берсе, оның жүйке процестері күшті деп саналады, ал жаңа стереотип құрылуы созылып кетсе, зерттелуші адамның ой-өрісі, жүйке процестері әлсіздеу болғаны.
Тежеуіш сөздерге берілген жауаптардың жылдамдығына және тұрақтылығына қарай тежелу процестерінің күшті-әлсіздігі туралы қорытынды жасауға болады.
Бұзылған стереотиптің қайта түзілу жылдамдығына қарап, жүйке процестерінің алмасуы туралы қорытынды жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет