тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күшi өтiнiштер берген жеке және заңды тұлғаларға, өтiнiштердi қарайтын субъектiлер мен лауазымды тұлғаларға қолданылады.
2. Осы Заңның күшi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық, қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу туралы заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қолданылмайды.
2-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау мерзімдері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
2-2. Осы Заңның күші, 7-баптың 2-тармағын, 15-баптың 12) тармақшасын және 16-бапты қоспағанда, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін, субъектілер алған немесе жасаған ақпаратты беру туралы сұрау салуларды ғана қамтитын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты қоғамдық қатынастарға қолданылмайды.
2-3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тапсырыс және (немесе) мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) ұсынатын заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) ұсыну мәселелерi бойынша өтiнiштердi қарайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Осы Заңның принциптерi Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзгi принциптерi:
1) заңдылық;
2) өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлылығы;
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының кепiлдiктерi;
4) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
5) жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi;
6) субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштердi қарау кезiндегi ашықтығы болып табылады.
5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер 1. Мыналар қарауға жатпайды:
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.
2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және